Атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 16 ақпан 2018 жыл



жүктеу 2,77 Mb.
Pdf просмотр
бет16/129
Дата09.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#28666
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   129

 
32 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018ж 
 
 
 
ыл 
 
 
4.  Жеке  басқару  және  ұжымдасқан  жетекшілік  бірлігі.   Бұл  принципті ұстанудағы  
мақсат    -    біртұтас    педагогикалық    процесті    басқару    барысында  субъективизм    мен  
әміршілдікке    жол    бермеу.    Әрине,    басқарудағы    жеке    билiк  тәртiптi    қамтамасыз    етiп,  
педагогикалық  процеске  қатысушылардың  өз өкілеттіктерін  нақты  шектепретімен  орындап  
жүруін    қадағалайды.    Алайда  басқару    қызметiнде    әрiптестердiң    тәжiрибесi    мен    бiлiмiне  
сүйенiп,    оларды  талдамалар    жасау    мен    шешiм    қабылдауға    қатыстыру,    әр    түрлi  
көзқарастарды салыстыра  отырып  оңтайлы  шешiм  қабылдаудың  маңызы  зор.  Ұжымдасқан 
жетекшілік  сонымен  бірге  тапсырылған  іске  деген  ұжым  мүшелерінің  әрбірінің  жеке 
жауапкершілігін жоққа шығармайды.  Сондықтан    тактикалық әрекеттердi айқындағанда  жеке  
билiкке,  ал  стратегияны  талдап  жасағанда  алқалы   билiкке арқа сүйенген дұрыс. 
5.    Педагогикалық    жүйенi    басқарудағы    ақпараттардың    объективтiлiгi    және 
толықтылығы.    Педагогикалық    жүйенi    басқару    тиiмдiлiгi    едәуiр    дәрежеде  қажеттi    және  
толық    ақпараттың    болуына    байланысты.    Ақпараттың  объективтiлiгi    және    толықтығы  
ақпараты    талдау    және    өңдеудегiасығыстыққа,  дерексiздiкке    қарсы    қойылады.    Әлеуметтiк  
педагогикалық  әдебиетте  ақпарат педагог пен тәрбиеленушiнiң арасындағы байланыс  құралы 
ретiнде,  кейде  жүйе  мен    қоршаған    орта    туралы    мағлұматтар    жиынтығы    ретiнде  
қарастырылады.  
Басқаруда    ақпаратты    пайдаланудың    қиындығы    оның    тым    көптiгiнен    немесе  тым  
аздығынан  туындайды.  Мектепiшiлiк  басқаруда  ақпаратты  бiржақты қарастыруға  болмайды.  
Ақпараттың  аздығы  да,  көптiгi  де  шешiм  қабылдауға, оны  iске  асыруды  реттеуге  кедергi  
жасайды.    Сол  себепті  мектепiшiлiк ақпаратпен  айналысқан  адам  оны  жинауөңдеу  сақтау  
және    қолданудың  әдiстерiн    жете    бiлуi    тиiс.    Мектеп    басшысы    өз    қызметiне    бақылау,  
сауалнама жүргiзу,  тестiлеу,  нұсқаулық  және  әдiстемелiк  материалдармен  жұмыс  жасау жиi  
қолданылады.    Техникалық    құралдарды    және    компьютерлендiрудiң  нәтижесiнде    материал  
жинау,    оны    өңдеудiң    мерзiмi    едәуiр    қысқарды.    Қазiргi  мектеп  басшысының  мiндетi  –  
мектепiшiлiк ақпараттық басқару  технологиясын жасап,  енгiзу.  Ол  технологиияны  басшымен  
бiрге  мұғалiмдер  де  пайдалана алуы тиiс. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.  Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері. Ақтау-2010ж. 
2.  Поташник М.М. Управление качеством образования М-2006ж.-448с. 
3.  Лебедева Н.А. Білім беру мекемелерін басқаруды жетілдіру. – Алматы, 1996 
4.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы А-2007. 
5.  Құдайбергенова  Қ.С. Құзырлық  амалының  негізгі  ұғымдары.- Алматы, 2007.- 500  
 
 
ӘОЖ 535 
 
СУ ЖӘНЕ СУДЫҢ ЛАСТАНУЫ 
 
Андасбаев Е.С., Сатаева А.Н. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., 
Aineka_87@mail.ru 
 
Бұл  мақалада  жалпы  су  ұғымы  мен  оның  ластану  түрлері,  жолдары    көрсетілген.  Су 
ортасының  ластануы,  ластану  көздері  мен  қоршаған  ортаға  әсері  сипатталған.  Қазіргі 
таңдағы Қазақстан өңіріндегі басты су қорларының негізгі ластаушы факторлары баяндалған. 
Су  қорларындағы  химиялық  және  улы  заттардың  стандартты  мөлшері  мен  мөлшерінен  асу 
себептері белгіленген. Жалпылама өмірдегі судың маңызы мен ластанудың алдын алу жолдары 
баяндалған. 
Кілттік  сөздер:  су,  судың  ластануы,  сутегі,  оттегі,  біржасушалы,  ластану,  ағза, 
минерал 


 
 
33 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары 
16 ақпан 2018 жыл 
 
В  данной  статье  описаны  понятие  воды,  виды  и  споасобы  загрязнений.  Показаны 
основные причины загрязнения водоемов и их влияние на окружающую среду. Описаны основные 
факторы  влияющие  на  загрязнение  водоемов  и  основные  крупные  источники  воды  на 
территории  Казахстана.  Отмечаются  причины  превышения  стандартного  количества 
химических  и  токсических  веществ  в  водных  ресурсах.  Показаны  влияние  воды  на  жизнь 
человечества и способы предотвращения загрязнения. 
Ключевые  слова:  вода,  загрязнение  воды,  водород,  кислород,  моноклональное, 
загрязнение, организм, минеральные 
This  article  describes  the  concept  of  water,  types  and  ways  of  pollution.  The  main  causes  of 
water pollution and their impact on the environment are shown. The main factors affecting the pollution 
of  water  bodies  and  the  main  large  water  sources  in  Kazakhstan  are  described.  The  reasons  for 
exceeding  the  standard  amount  of  chemical  and  toxic  substances  in  water  resources  are  noted.  The 
influence of water on the life of mankind and ways to prevent pollution are shown. 
Key words:  water, water pollution, hydrogen,  oxygen, monoclonal, contamination, organism, 
mineral 
 
Су – сутегі мен оттегінің қалыпты 
жағдайларда 
тұрақтылығын 
сақтайтын 
қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, 
тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Жер бетінде тіршілік ең алғаш 
сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Біржасушалы 
және  көпжасушалы  ағзалар  жасушаларының 
биохимиялық  үдерістерінің
 барлығы  сулы  ортада 
өтеді.  Су  әр  түрлі  климаттық  жағдайлардағы  физиологиялық  үдерістердің  калыпты  өтуіне 
себепкер  болады.  Ол  сондай-ақ  көптеген  минералдық  және  ағзалық  заттардың  жақсы  еруіне 
себепкер 
бола 
алады. 
Табиғи 
су
 құрамында 
сан 
алуан 
тұздың 
болатыны 
да 
сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді. 
Су  біздің  ғаламшарымыздың  үстінде  3-3,5  млрд  жыл  бұрын  жер  қыртысының 
газсыздануы саядарынан шыққан бу  түрінде пайда болған деп  есептеледі. Қазіргі кезде судың 
салмағы  жер  салмағының  0,025%-ын  құрайды  және  оның  жалпы  мөлшері  1,6*10,9  текше 
шақырым болып саналады. 
Су  түссіз,  иіссіз,  дәмсіз  сұйықтық,  табиғи  зат.  Сондай-ақ  ол  толық  құнарсыздығымен 
ерекшеленеді. Солай бола тұра жер әлеміндегі барлық тіршілік үшін қажет. Аусыз адам да, жан-
жануарлар да, өсімдіктердің де тіршілік етуі мүмкін емес. 
Су  ең  жақсы  еріткіш  болып  табылатынымен  өзінің  жай  заттарға  ыдырауы  қиын, 
химиялық  енжар  зат.  Ол  барлық  табиғат  ортасында:  су  буы  және  қар,  жаңбыр,  шық  түрінде 
әуеде сығынды сулар түрінде жер қыртысының үстінгі қабатында, тіршілік шарасында, яғни тірі 
заттар  құрамында  болады.  Сондай-ақ  су  шарасын,  яғни  жердің  айрықша  сулық  белдеуін 
құрайды.
 
Жалпы  планетарлық  деңгейде  су  сарқылмайтын  ресурстарға  жатады.  Өйткені  оның 
жалпы  планетадағы  мөлшері  мұхит, атмосфера және  құрылықта  үнемі  жүріп  отыратын  су 
айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. 
Бүкіл су  қорының  97%  Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді.  Тұщы  сулардың көпшілігі  (70%) қар 
және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді. 
Қазіргі  таңда  тұщы  сулардың  әртүрлі  ластаушылармен: 
пестицидтермен
 және 
химикаттармен,  мұнаймен  және  мұнай  өнімдерімен  ластануы  негізгі  мәселелердің  бірі  болып 
отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. 
Мұхиттардың  мұнай  және  мұнай  өнімдерімен  ластануы  бүкіл  дүние  жүзінде  мұнай  өнімдерін 
көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, 
танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авариялар 
болып  нәтижесінде  мұхит  бетінде  мұнайлы  дақтар  жүздеген,  мындаған  километр  жерді 
ластайды.  Су  ресурстарына  және  ондағы  тіршілік  иелеріне  теріс  әсер  ететін  заттардың  бірі, 
өнеркәсіп  орындарынан  бөлінетін  улы органикалық  заттар.  Мұндай  улы  заттар  өнеркәсіп 
орындарында,  транспортта,  коммуналдық-тұрмыстық  шаруашылықта  кеңінен  қолданылуда. 


жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау