30
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
Екінші деңгей - мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; әлеуметтік
педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, әкімшілік-шаруашылық
бойынша директор көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты органдар мен бірлестіктер
басшылары.
Үшінші деңгей - оқу барысында және оқудан тыс оқу-тәрбие жұмыстарына
байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып
жетекшілері. Бұл деңгейге қоғамдық басқару органдары мен өзіндік басқару, қосымша
білім беру мекемелерімен байланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге болады.
Төртінші деңгей - сыныптық және жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері
тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар
арасындағы қатынастың «субъект-субъектілі» сипатын баса танытады. Мұндай қатынаста
оқушы өзара ықпал нысаны болумен бірге өз дамуының қозғаушы күші – субъект ролін де
атқарады. Сатысына қарай әрбір басқару субъекті бір уақытта жоғары деңгейлі басқарудың
объекті – нысаны болып есептеледі. Басқарымды жүйеде оқушылар ұжымы маңызды орынға
ие. Бұл ұжымда басқару екі деңгейде жүргізіледі: біріншісі - жалпы мектептік және сынып
ұжымы; екіншісі - оқушылардың қоғамдық ұйымдары, спорттық бөлімдер, шығармашыл
бірлестіктер, үйірмелер, оқу-үйрену топтары (бригадалары) және т.б. Педагогикалық және
оқушылар ұжымдарының өзара бірлестік іс -әрекеттері Қазақстан Республикасының «Білім
туралы» Заңы [4], мен жалпы білім беруші мекемелер Жарғысы негізінде реттеліп отырады.
Мектеп директоры оқу-тәрбие жұмысы мен оның сапасы үшін арнайы жауапкершілік
атқарады. Оның міндеттеріне кіретіндер:
- кадрларды дұрыс таңдау және орналастыру, мектептің педагогикалық ұжымына
басшылық ету, мұғалімдердің кәсіби, ғылыми-теориялық, және психологиялық-
педагогикалық деңгейін көтеруге жағдай жасау, олардың педагогикалық шығармашылығына
жол ашу, оқу-тәрбие ісіне озат педагогикалық тәжірибелерді енгізу;
- оқу-тәрбие процесінің барысын, оқушылар білімінің сапасы мен олардың жеке
тұлға ретінде дамуын, сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен ұйымдастырылуын
бақылау;
- оқушылардың өзін-өзі басқару органдарына практикалық көмек көрсету және олардың
іс-әрекетін белсендіру;
- Еңбек туралы Заңға, мектептің ішкі тәртіп ережелері мен Жарғысына сәйкес
мектеп қызметкерлерінің міндеттерін анықтау және нақтыла ндыру;
- ата-аналар қоғамдастығы ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру және оларға
басшылық жасау;
- жергілікті қоғамдық ұйымдар, мекемелер және негізгі кәсіпорындармен іскерлік
байланыс орнату;
- мектепте тиісті санитарлық-гигиеналық тәртіп орнату, оқушылардың, мұғалімдер
мен қызметкерлердің барлық іс -әрекет барысындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларын
сақтау;
- мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту және дамыту;
- мектеп қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және босату;
- мектептің педагогикалық Кеңеңсімен келісіп, мұғалімдерді және мектептің өзге
қызметкерлерін мадақтау мен марапаттауға ұсыну.
Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару әрбір
басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми
дайындықты талап етеді. Бұл үшін түрлі деңгейдегі мектеп жетекшілері төмендегілерді білуі
міндетті:
- мектеп түрі мен мақсаты;
- ақпараттық жабдықталуы (оқушылар қызығулары мен мүмкіндіктері, ата -аналар
тапсырыстары);
- мамандар, материалдық-техникалық, психологиялық жағдайлар (анықталған
қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін);
31
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
- оқу жоспарының мектептік баламасы;
- оқу жүйесі жеке-дара, сынып-сабақтық, дәрісбаян-тәжірибелік, мектептің әрқилы
сатылары мен оқушы топтарына арналған циклды-ағымдық және т.б.);
- оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мерзімдік тәртібі (бес -алты күндік, апта,
түске дейінгі не күннің екінші жартысында);
- мектептің белгілеген мақсаттарға жетудегі басты шарттары (мамандар, материалды-
техникалық, қаржылық, ғылыми-әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық) [5].
Директор және басқа да басшылардың оқу-тәрбие процесін нақты басқару
қызметтері белгілі принциптерге негізделіп орындалады. Ол принциптер төмендегідей:
1. Басқаруды демократияландыру және гуманизациялау. Мектепшiлiк басқару, ең
алдымен, басшылардың, мұғалiмдер, оқушылар мен ата -аналардың бастамашылығы мен
өздiгiнен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл басшылардың, мұғалімдердің,
оқушылар мен олардың ата -аналарының өзіндік іс-әрекеттері мен ынтасының дамуына жол
ашады. Ал бұлардың оры ндалупікір алмасу және басқару шешімдерінің қабылдануына
байланысты жариялылықты қажет етеді; Бұл жағдай тек қана шешiм қабылдау мен
талқылаудың бүкпесiз, ашық жүргiзгенде ғана мүмкiн. Мектеп басшыларын сайлау,
педагогикалық кадрларды байқау және контракт негiзiнде қабылдауды жүйесi – мектептегi
демократияның бастауы. Сол сияқты мектептi басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы
және түсiнiктiлiгiне негiзделелдi. Мектептiң алдында тұрған мiндеттi, оның қиындығын
жете сезiнген әрбiр мүғалiм оған бей-жай қарамайды. Мектеп әкiмшiлiгiнiң, мектеп
кеңесiнiң тұрақты түрде есеп берiп отыруы оны талқылауға және шешiм қабылдауға
мұғалiмдер мен оқушыларды қатыстыруы мектеп өмiрiнде демократияның орнығуына негiз
қалайды.
2. Басқарудың жүйелiлiгi мен тұтастығы. Педагогикалық процестi басқару жүйесiнiң
табиғатын түсiну, басқаруға қолайлы алғышарт жасайды. Мектептегi басқаруды жүйелiлiк
ыңғайының бiрiншi белгiсi – мектептi жүйе ретiнде танып, оның негiзгi белгiлерiнен құралатын
осы жүйенiң тұтастығын көре бiлу. Екiншi белгi мектептiң құрылымы болып табылады.
Мектептiң байланыстары мен қатынастарының дамуы жүйенiң құрылымына тiкелей
байланысты. Жүйенiң үшiншi компонентi оның өзiндiк ерекшелiктерi мен сипаттарынан
туындайды, олардың өзара әрекеттесуi арқылы жүйенiң жаңа сапасы қалыптасады.
Компоненттердiң тұрақты түрде өзара жақындауға ұмтылуы жүйенiң тұтастығын
айқындайды. Мектептi басқаруда жүйенiң төртiншi ерекшелiгi – оның қоршаған ортамен
тығыз және өзгеше байланыстылығын естен шығармаған жөн. Мектеп пен қоршаған
ортаның әрекеттесуi екi формада көрiнедi. Бiрiншi жағдайда мектеп өз әрекетiн сыртқы ортаға
бейiмдесе, екiншi жағдайда мектеп өз мақсаттарына жету үшiн ортаны өзiне
бағындырады.Мектептi басқарудағы жүйелiлiк пен тұстастық мектептiң басшысы мен
ұжымының басқару қызметтерiнiң өзара байланысы мен өзара әрекеттесуiн де қарастырады.
3. Басқаруды орталықтандыру мен өзіндік басқарымдарды оңтайлы үйлестіру.
Мектеп және педагогика тарихы шамадан тыс орталықтандырудың әкiмшiлiк басқаруды
күшейтуге әкелiп соғатындындығына талай рет көз жеткiздi. Басқаруды орталықтандыру
төменгi буындағы жетекшiлердiң, мұғалiмдер мен оқушылардың бастамалығын шектеп,
оларды өздерiнiң қатысуынсыз қабылдаған шешiмдердi жай ғана орындаушыларға
айналдырады. Соған сәйкес орталықсыздандыруға шамадан тыс мән беру педагогикалық жүйе
қызметiнiң тиiмдiлiгiн төмендетедi. Екінші жағынан, орталықтандыруды
орталықсыздандыруға пайдасына жығып беру тұтастай басқару мен әкiмшiлiктiң рөлiн
төмендетiп, басқарудың талдамалық және қадағалаушылық қызметiн жояды. Сондықтан
мектепшiлiк басқаруды қамтамасыз етуде орталықтандыру мен орталықсыздандыруды
үйлестiру әкiмшiлiк және қоғамдық органдар басшыларына бүкiл мектеп ұйымының
мүддесiн ескерiп, кәсiптiк деңгейде шешiм қабылдауға мүмкiндiк берiп, педагогикалық
жүйенiң барлық құрылымдық бөлiмдердiң қызметiн жоғары деңгейге көтеруге жағдай
туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |