28
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
ӘОЖ: 373.21
ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТІ БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ
ҚАҒИДАЛАРЫ
Альменбетова Қ.Ж.
, Алпысбаева Н.С,
Аңсабаева А.Д.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Аталған мақалада қазіргі мектепті басқарудың ерекшеліктері және негізгі
қағидаларының теориялық негіздері баяндалған. Мектепті басқару проблемалары көптеген
көрнекті педагог-ғалымдардың еңбектерінен ашып көрсетілген. Мектепті басқару – оқу-
тәрбие
ісінің
мақсатына
жетуде
және
мектепті
одан
әрі
дамытуда
оқушылардың,мұғалімдердің, ата-аналардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруға
арналған басқарушылық шешімдер қабылдау арқылы жүзеге асырылатын ерекше қызмет
екендігі атап өтілген.
Кілттік сөздер: қазіргі заман мектебі, мектепті басқару, ақпарат, педагогикалық
жүйе.
В данной статье изложены основные особенности и теоретические основы
управления школой. Раскрыты многие проблемы по школьному менеджменту трудами
выдающихся ученых педагогов. Менеджмент школы - это уникальная деятельность, которая
достигается за счет принятия управленческих решений для организации совместной
деятельности учеников, учителей и родителей в достижении целей образовательной работы и
в дальнейшем развитии школы.
Ключевые слова:
современная школа, управление школой,
информация, педагогическая
система.
This article outlines the main features and theoretical foundations of school management. Many
problems in school management have been revealed by the works of outstanding academic pedagogues.
School management is a unique activity that is achieved through the adoption of managerial decisions
for the organization of joint activities of students, teachers and parents in achieving the goals of
educational work and in the further development of the school.
Key words: modern school, school management,
information, pedagogical system.
Мектепті басқару проблемалары көптеген көрнекті педагог-ғалымдардың еңбектерінен
көрініс тапқан. Білім беру мекемесін басқару іс-әрекетінің басқа мекемелер немесе өнеркәсіп
орындарындағы басшылықтың жұмысынан едәуір айырмашылығын көрсете отырып,
К.Д.Ушинский былай деп жазған: «Егер қаржы немесе әкімшілік әлемде олардық идеяларының
орындаушыларға ұнайтын-ұнамайтынын ескермей, ұйғарыммен, жарлықпен қызмет етуге
болса, қоғамдық тәрбие беру әлемінде ашық айтылып, ашық қабылданған пікірден басқа
идеяны жүзеге асырудан басқа амал жоқ». Ғалым мектептегі қызметтің әкімшілік, оқытушылық,
тәрбиелік компоненттерін бөліп көрсетіп, ектеп басшысы бір жағынан әкім, бір жағынан,
педагог болу керек деп есептейді. отырып, оның жетекші (әкім, бастық) ретіндегі тұлғалық
сапаларына қойылатын талаптарды жан-жақты сипаттаған [1].
М.И.Кондаков «Мектеп жұмысын басқару өндірістік және қоғамдық өмірдің
салаларын басқарудан айтарлықтай ерекше, себебі мұнда күштерді орналастыру мен
үйлестіру, байланыс пен өзара тәуелділік жүйесін жүзеге асырудан басқа, оқу-тәрбие
процесінің барлық жақтарына бағытталаған ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпал жасау
мәселелері басты мәнге ие болады,»-дейді.
Білім беру жүйесін басқару теориясының өкілі В.Я.Батышев оқу орнын басқаруды
педагогтар мен оқушылар ұжымының, сондай-ақ оның жекелеген мүшелерінің қызметін
ұйымдастыруға және реттеуге, күш пен уақытты, құралдарды дұрыс пайдалануға
бағытталған іс -шаралар жиынтығын жүзеге асыру арқылы оларға мақсатты әсер ету деп
анықтайды. М.М.Поташник, В.С.Лазарев мектепті басқару – оның қалыптасуы мен дамуын,
29
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
табысты қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық процестің барлық
субъектілерінің мақсатты іс -әрекеті деп есептейді. Мектепті басқару – оқу-тәрбие ісінің
мақсатына жетуде және мектепті одан әрі дамытуда оқушылардың, мұғалімдердің, ата-
аналардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруға арналған басқарушылық шешімдер
қабылдау арқылы жүзеге асырылатын ерекше қызмет.
М.М.Поташник былай дейді: «Басқару – мектептің қалыптасуын, тұрақтануын, тиімді
қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін барлық субъектілердің мақсатты іс-әрекеті».
Бұл анықтама маңызды екі нәрсеге назар аудартады: біріншіден, кез келген басқарудың
мақсаты іс-әрекет болып табылатынына; екіншіден, ол басқалардан өзінің міндеттерімен
ерекшеленетініне. Педагогикалық басқару әлеуметтік мақсатта жүзеге асады, ол адамдардың іс -
әрекетін басқару мен олардың бірігуіне қатысты. Алайда ол жалпы әлеуметтік басқарудан өзінің
объектілерінмен (оқушылар, мектептер, мектептен тыс мекемелер, халыққа білім беру
мемекелері, т.б.), олардың заңдылықтарымен ерекшеленеді [2].
Қазіргі заман мектебі – күрделі және кіріктірілген жүйе, ол оқушылардың, оларды
оқытып, тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің (директоры, оның оқу және тәрбие
жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелік және қызмет көрсететін адамдардың іс-
әрекетінен, мектеп алдында тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын
материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегеніміз – мұғалімдер мен онда қызмет
ететін адамдар ұжымы, олар білім беру жүйесін мемлекеттік тұрғыдан басқарудың объектілері
болып табылады. Қазіргі мектепті өзара байланысы бар ішкі құрылымы және социуммен
белгіленетін тұтас әлеуметтік -педагогикалық жүйе ретінде қарастыру керек. Ол өзара тығыз
байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазіргі кез келген оқу-
білім беру мекемесінің алдына өмірдің өзі қойып отырған міндеттерді жүзеге асыру
бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретіндегі мектеп директорының
тікелей басқару іс-әрекетінде көріну керек. Білім мекемесін басқару жалпы және жеке
мәселелерді қамтиды. Басқарудың жалпы мәселелеріне мекеменің құрылымдық бөлімшелерін
басқару ерекшеліктері, басқару процесінің сипаты мен оқу орнының алуан түрлі (ішкі және
сыртқы) жағдайларда қызмет ету және даму нәтижелерінің арасындағы заңды өзара
қатынастар жатады [3].
Білім мекемесін басқарудың жеке мәселелеріне мыналар жатады:
- оқу-тәрбие процесі;
- мекемені басқарудың кадрлық саясаты (педагогикалық және басқарушы кадрларды,
техникалық персоналды іріктеу және тағайындау, қызметкерлерді аттестациялау, өнімді
еңбекке ынталандыру, жағымды психологиялық климат орнату);
- түрлі инновацияларды меңгеру және оның білім мекемесі дамуына әсерін анықтау
(жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау);
- оқу орнының өзге әлеуметтік-экономикалық мекемелермен өзара байланысын
ұйымдастыру, басқарудың озат тәжірибелерін зерттеу және педагогикалық жүйені басқарудың
тиімді варианттарын іздестіру.
Педагогикалық жүйе ретінде мектепті басқару барысында, бір жағынан, оның
тұтастығын сақтауға, екінші жағынан - ондағы жүйе бірліктерінің әрекеттеріне ықпал
жасаумен оларды өзгертіп, реттеуге мүмкіндік беруі қажет. Педагогикалық жүйенің өзіндік
қызметтері қоғам қажетінен туындаған мақсаттардың мезгілінде орындалуына бағытталуы
қажет. Мақсаттар мектептің педагогикалық жүйесінің мазмұнын айқындайды, ал сол
мазмұнның іске асырылуы, өз кезегінде көптеген, әрқилы әдістер мен формаларды
ойластыруды керек етеді. Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін
анықтайтын жағдаяттар – педагогикалық ұжым және оның басшыларының қызметтік іс-
әрекеттері (В.А.Сластенин). Мектептердің көбі төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:
Бірінші деңгей - мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры;
мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде
мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |