246
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
- оқушының жеке мүмкіндігін ашу, қоршаған орта жөнінде ғылыми білімді игерту,
оқу-танымдық іс-әректін ұйымдастырып, дағдыларын меңгерту, дүниетанымдық көзқарасын
қалыптастыру;
- оқытудағы және оқу әрекетіндегі талабын ашып, білігін қалыптыстыру яғни, оқыту
немесе оқу және тәрбиенің біртұтас әрекет екендігін қалыптастыру;
- білім берудің кезеңдік сатыларындағы педагогикалық үдеріске оқушының
ынталық, танымдық қызығушылықтарын арттыруға ықпал жасау.
Oтандық oрта бiлiм мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды
дағдыларға көп көңіл бөлінеді. Бұл дағдылар жалпыадамзаттық және этномәдени
құндылықтарға негізделе отырып, оқушыларға оқудағы, coндай-ақ өмірдегі проблемаларды
шешуіне мүмкіндік береді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-әрекет түрлерінен тұрады:
білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын орындау;
АКТ қолдану; тілдік дағдылармен бірге қарым-қатынастың коммуникативтік тәсілдерін
қолдану; топта және жеке жұмыс жасау біліктілігі. Бұл оқудағы жетістіктер
нәтижелі сипатқа
ие, ал оқу үдерісі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен
сипаттайды. Бұл жағдайларда оқушы – таным cубъектісі, ал мұғалім оқушылардың
танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады. Әрбір оқушыны жасына да,
мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Oқыту
мақсаты оқушы және мұғалім үшін ортақ болады, міне, білім мазмұнын жаңартудың
педагогикалық аспектісінің мәні осында. Бұған қол жеткізуде әрбір мұғалім өзінен
бастайды, ол жаңарту үдерісінің әлеуметтік аспектілерін көрсетеді [2].
Жаңартылған оқу бағдарламасыда оқушылардың танымдық, білімдік, тәрбиелік
деңгейлерінің өсуі мен дамуында қарым-қатынастық оның ішінде тілдік мәселенің басты
орынға ие болуы - педагогикалық үдерісті ұйымдастырудағы оқыту, оқу іс-әрекетін
жүргізудегі білім, мен тәрбие беру жұмыстарында оқушылар мен мұғалім арасында
жұмыстың нәтижелі болуының нгегізі ретінде қарастыру қажеттілігі алынған. Олар:
тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым [3].
Қорытындылай келе, педагогикалық ой мен ғылыми тұжырымдардың іске асуы және
оның тәжірибеде оң нәтиже беру үшін бірқатар қарама-қайшылықтарда жоюға тура келеді.
Солардың негізгі бірнешеуін атасақ:
- теория мен тәжірибенің байланысы, озық ой-пікірлерді жүзеге асыру, педагогтарды
жаңа ғылыми тұжырымдамаларға, жаңа педагогикалық ойларға бағдарлай отырып, бүгінгі
күннің сұранысын қанағаттандыры алмайтын өзінің күшін жойа бастаған педагогикалық
үдерістердің тозығын тастап,
озығын алып, алға ұмтылу қажеттілігін түсіу.
- педагогикадағы негізгі әдіснамалық басқа ғылымдармен пәнаралық байланысты
пайдалану. Қазіргі кезде ең көп таралған қолданыста жүрген ұғымдарды білу олардың
мағынасын түсіну.
- педагогикадағы ғылыми зерттеу үдерісі мен құрылымын философия, әлеуметтану,
психология және т.б. ғылымдар арқылы жетілдіру. Педагогикалық көкейтесті мәселелердің
көзі үнемі педагогикалық тәжірибе аймағы
арқылы кеңейтіп, негіздеу.
- педагогика ғылым логикасы мен мұғалімдердің тәжірибелік әрекетінің логикасы
көбіне сәйкес келе бермейді, сондықтан педагогика теориясымен айналысушылар және
практиктер арасындағы пайда болған түсініспеушіліктерді жою, және т.б.
Мұғалімнің білім беру мен оқу-тәрбие үдерістерін ұйымдастырудағы оқу танымдық
іс-әректіндегі атқаратын кызметі:
білім беру кезеңінің пәндік және түйінді максаттарын ескере отырып, оқу
үдерісінің накты
мақсаттарын жобалау;
педагогикалық үдерісте оқу материалдарын игеруді ұйымдастыру бойынша
міндеттер кешенін шешуге бағдарланған білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес
құрастыру;
оқу материалдарын даярлау және оку мақсаттарына
сәйкес оқытуды ұйымдастыру;