242
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018ж
ыл
Бастауыш сынып оқушыларының өмірінде маңызды сәті - мектептің орта деңгейіне
көшуі. Бұл өтпелі кезеңге аса қатты назар аудару керек. Бұл жағдайдың түбегейлі өзгеруіне
байланысты. Жаңа жағдайлар балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау және назарын
дамыту, олардың жеке дамуы үшін, сондай-ақ оқушылардың оқу білімін, білім беру қызметін
және өздігінен даму деңгейін арттыруға деген жоғары талаптарды белгілейді.
Дегенмен, бұл оқушылардың едәуір санының даму деңгейі қажетті шегіне жетеді, ал
оқушылар жеткілікті үлкен тобы үшін даму деңгейі орташаға көшу үшін жеткіліксіз.
Бастапқы байланыс мұғалімі мен ата-ананың міндеті балалармен түзету жұмыстарын
жүргізу, ойындар, жаттығулар тапсырмаларын орындау болып табылады.
ЛИТЕРАТУРА:
1. Вахрушева Л.Н. Проблема интеллектуальной готовности детей к познавательной
деятельности в начальной школе // Начальная школа. 2006. - № 4. - с.63-68.
2. Возрастная и педагогическая психология: Хрестоматия / Под общ.ред. И.В.
Дубровиной. - М.: Академия, 1999. - 320с.
3. Возрастная психология: Хрестоматия // Под общ.ред. В.С. Мухина. - М.:
Просвещение, 1999. - гл.2. - с.258-270, 302-305, 274-284.
4. Жукова З.П. Развитие интеллектуальных способностей младших школьников в
ходе игры // Начальная школа. 2006. - № 5. - с.30-31.
5. Люблинская А.А. Учителю о психологии младшего школьника: Учебное пособие
для учителя. - М.: Просвещение, 1997. - 224с.
ӘОЖ: 372.1.31
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНА ҮЙЛЕСІМДІ БАСТАУЫШ
СЫНЫПТАРДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Ыбыраимжанов Қ.Т.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.,
tarmpi_school@mail.ru
Мақалада жаңартылған білім мазмұнына үйлесімді бастауыш сыныптардағы
педагогикалық үдерісті ұйымдастыру бағыттары мен нәтижелеріне талдау жасалынды.
Жүргізілген эксперимент нәтижесі жүйеленді.
Кілттік сөздер: білім, педагог, бастауыш, қоғам, идеология, саяси, әлеуметтік
В статье анализируются тенденции и результаты организации педагогического
процесса в элементарных классах, которые совместимы с содержанием обновленного
образования. Систематизирован результат проведенных экспериментов.
Ключевые слова: образование, учитель, элементарное, общество, идеология,
политическая, социальная
The article analyzes the trends and outcomes of the organization of the pedagogical process
in elementary grades that are compatible with the content of the updated education. The result of
the conducted experiments are systematized.
Key words: education, teacher, elementary, society, ideology, political, social
Бүгінгі қоғамдық құрылыста бастауыш білім беру жұйесі мазмұнының жаңа бағытта
қайта құрылуы - ондағы білім мен тәрбие берудің мазмұнына ерекше мән беріп зерттелуі -
философиялық әдіснаманың жетекші идеясы негізінде заман талабына сай білім беруде
тұтастық тұғырнамасының бірлігі мен жүйелік сипатына бағытталған маңызға ие болуы. Қай
кезеңде болмасын, қоғамдық-экономикалық формацияларға тән қоғамның бастау бұлағы
болып табылатын құбылыстың бірі – бастауыш білім беру негіздері. Бастауыш білім беру
243
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНЕ ЕНДІРУ-САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ»
атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары
16 ақпан 2018 жыл
мазмұны адамзаттың тарихи дамуындағы қоғам құрылысының сипатына, бағыты мен
идеологиялық, саяси-әлеуметтік және басқа да қатынастардың бірлігіне байланысты.
Қоғамдық даму заңдылықтарына орай білім берудің мазмұны, міндеттері және оны
ұйымдастыру жолындағы формалары мен әдістері талапқа сай, өмір сұранысын
қанағаттандыру бағытына икемделіп отырады. Әр қоғамның даму бағытының жүйесі мен
ондағы адам тәрбиесі жөніндегі идеялар жаңа тарихи кезеңдер мен жағдайларға сәйкес
негізделіп, бастауыш білім беру мазмұнының сипаты да шығармашылықпен дами отырып,
тарихи міндеттері жаңа тұрғыдан айқындалады. Себебі, қоғамдағы саяси-экономикалық және
әлеуметтік саладағы өзгерістер білім беру жүйесінің қайта құру барысымен айқындалып,
ескірген құбылыстар қоғам сұранысын қанағаттандыра алмайтыны анықталып, жаңаша құру
идеясы басшылыққа алынып, тәжірибелердің жаңаруы мен ішкі үйлесімділік тұрғысында
сабақтасып, өмірді ғылыми тұрғыдан танып білуге бағытталған ауқымды білім мазмұнына
бет бұру анағұрлым айқын байқалды. Мектептердегі жүргізілетін жұмыстардың мазмұны
мен берілетін білім, әсіресе, бастауыштағы оқу-тәрбие барысы барлық уақытта да қоғам
ықпалына байланысты. Бұл жеке даму ерекшелік тұрғысындағы заңға сүйене отырып, қоғам
мен нақты объективтік, субъективтік қарым-қатынастарды анықтаудағы қоғамдық
қатынастар бірлігінің мазмұны мен сипатын береді.
Мемлекеттік жүйенің өсіп, өркендеп жетілуіне ықпал етуші алғы шарттардың бірі
оқу-ағарту мен білім беру саласы. Бірақ, білім беру жүйесі де өз дамуында мемлекеттік
құрылымның өтпелілік даму кезеңдеріне және оның ішкі заңдылықтарымен тығыз
байланысты болмақ. Философиялық диалектиканың заңдылығына сәйкес білім беру де
түрленіп, дамып, сатыланып, жетілдіріліп отырылуы дәлелдеуді қажет етпейтін табиғи
құбылыс. Білім беру жүйесінде сатылану бастауыш білім беруді өз алдына дербес қарауға,
оның құзырлығын анықтауға алып келді. Бастауыш білім берудің тарихын сөз етіп, оқу-жазу
мәселесіне бойлау үшін өмір сүрген мемлекеттік билік жүйесінің даму тарихымен тығыз
байланысты екенін ескергеніміз ақиқатқа жақын келеді. Өзгермелі дүниенің даму
кезеңдерінде бір мемлекеттік құрылымның пайда болып, өсіп-өркендеуі, керісінше, табиғи
өмір заңдылығына сәйкес, енді бірде оның ыдырап, күйреп жойылуына орай орнына екінші
бір мемлекеттік билік құрылымның пайда болуы мүмкін. Дегенмен, алғашқы білім беру,
сауат ашу, жазуға үйретіп, әріп таныту мен оқуға баулу мәселесі, жалпы айтқанда бастауыш
білім берудің жоғалып кетпей, түрлі құбылыстарға икемделіп қоғамдық әлеуметтік үлкен
мәселе болғанын анық дәлелдейді. Біздің жағдайымызда Қазақстандағы бастауыш білім
берудің теориясы мен тәжірибесінің даму жолындағы педагогикалық үдерістерге ғылыми
талдау болғандықтан, бастауыш білім беру жүесінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып,
талдау жасау заңдылық деп есептейміз. Қазіргі қоғамның ғылыми және тәжірибелік
талабына сай теориялық, әдіснамалық жүйе негізі болатындай бастауыш білім беру сатысына
дәрежелік деңгейі анықталған. Бастауыш сатысының міндеттері туралы және оның
қоғамдағы қызметі жөнінде ғылыми түсінігін нықтау үшін, бастауыш сынып мұғалімі
мамандарын педагогтік қызметке даярлаудағы алда тұрған тәжірибелік мақсатқа аса көңіл
бөлінуі керек. Мақсат - қоғамдық даму мен бастауыш беру саласындағы әр түрлі үдерістерді
зерттеп, талдауды қажет етеді. Олардың жағымды әрі тиімді және қолайсыз кері беттерін
екшелеп, сұрыптап, анықтау мен даму тенденциялары арқылы білімдерді игеру бастауыш
білім беру сатысының теориясы мен тәжірибесінің даму мақсатында ұлттық дәрежеде оқу-
тәрбие жұмыстарын жүргізудің негізі болмақ. Бастауыш білім беру жүйесінің өзіндік
ерекшелігін жете ұғыну және оның даму жолын қайта қарау қажет. Оқушының жеке
тұлғасын қалыптастыруда анатомия-физиологиялық, дүниетанымдық, жас және дербес
ерекшеліктерін басшылыққа алудағы педагогика - психология ғылымдарының
заңдылықтарына сүйене отырып, білім мен тәрбие беру мәселесін әр түрлі нысанда
анықтауға, танымдық дамудағы түсіндірілетін өзара ішкі байланыспен қосылуға сай
талаптары мен болжамдық мақсат, міндеттерінің бірлігінде болады және бұны жеке пәндерді
оқытудың әдістемелік жүйесіне сүйен отырып іске асырылатына да мән беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |