Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 3,28 Mb.
Pdf просмотр
бет48/97
Дата06.02.2020
өлшемі3,28 Mb.
#28463
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97

100 
 
The  article  is  devoted  to  the  ways  of  the  effective  use  of  games  in  teaching  English  to  children  of 
preschool  age.   It  discusses  the  great  importance  of  the  use  of  games  in  the  formation  of  communicative 
competence of young learners. 
 
 
 


101 
 
ПЕДАГОГИКА, ЭТНОПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ, 
ДЕФЕКТОЛОГИЯ 
 
ӘОЖ:72.103 
 
ЖЕТІ МОДУЛЬ БОЙЫНША ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Аблаева А.И. 
№47 орта мектеп, Тараз қ. 
 
«Біз  Қазақстанның  ХХІ  ғасырдағы  ең  білікті  азаматтарын  дайындап  шығаруымыз 
керек. Бұл жерде еркін ойлауға үйретеді, тек қана бір жолмен жүру, мұғалімнің айтқанын 
істеу ғана емес, өзі ойлап, өзі тауып, ізденіп, ертеңгі күні лидер болуға дайындалу керек». 
Н.Назарбаев 
Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, ӛздігінен 
білім  алуды  дамыта  отырып,  үздіксіз  ӛз  бетінше  ӛрлеуіне  қажеттілік  тудыру.  Бiлiм  беру 
саласында  инновациялық  үрдiстi  жүзеге  асыру  мұғалiмдерден  ӛз  мінез-құлықтарын, 
ұстанымдарын,  мүмкіндіктерін  түрлендiрудi  талап  етеді.  Кембридж  оқу  бағдарламасының 
мақсаты  —  Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беретін  мектептері  педагогтерінің 
біліктілігін  арттыру  және  Кембридж  университеті  тәсілінің  теориялық  негіздерін  үйрену. 
Басты  міндеті  —қазақстандық  мұғалімдерге  педагогикалық  тәжірибесін  жетілдіру  мен 
бағалай  білуге  кӛмектесу,  сындарлы  ойлауға  бағыттау.  Бүгінгі  таңдағы  оқыту  үрдісі  жаңа 
әдіс-тәсілдерді,  жаңаша  идеяларды  қолдануды  талап  етеді.  Әр  мұғалім  ӛз  іс-тәжірибесінде 
кӛптеген  қиындықтармен,  кедергілермен  кездеседі.  Ол  заман  кӛшіне  ілесу  үшін  ӛз  білімін 
жетілдіріп отыруы қажет.   
Мен  де  оқыту  тәжірибемде  жетістіктерге  жету  жолдарын  қарастырудамын.  Оқушылар 
ӛз пікірлерін, кӛзқарастарын еркін және ерікті түрде білдірсе екен деп ойлаймын. Тек білдіру 
емес,  сонымен  бірге  ӛз  пікірлерін  дәлелдей  алатын  және  оны  іс  жүзінде  де  асыра  алатын 
тұлға болып қалыптаса алса, онда мұғалімнің биік мақсатқа қол жеткізгені болмақ.
 
«Мұғалімге  арналған  нұсқаулықтан»  білім  берудегі  Кембридждік  әдістің  теориялық 
негізін  оқып,  таныса  отырып,  оқытудың  жаңаша  әдіс-тәсілдері  –  7  модульді  практикалық 
түрде  қолдану  арқылы  оның  артықшылықтарына  кӛз  жеткіздім. Осы  орайда  7  модульге 
қатысты туындаған пікірлерімді білдіргім келеді.
 
Бағдарлама жеті модульден тұрады: 
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. 
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.  
7. Оқытудағы басқару және кӛшбасшылық. 
Сыни  тұрғыдан  ойлау  әдісі  бойынша  жоспарланған  сабаққа  қалған  модульдерді  еркін 
енгізуге  болады  деп  есептеймін.  Оқушылар  сабаққта  қалай  оқу  керектігін  меңгереді  және 
дағдыланады.  Яғни  метатаным  пайда  болады.  Ӛздері  ой  қорытады,  нәтижеге  жетуге 
ұмтылады. Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді. Дәстүрлі оқыту әдісінде мұғалім 
білімді  беруші  болған  болса,  жаңа  оқыту  әдісінде  мұғалім  бағыттаушы  болып  табылады. 
Сабақтағы  басты  тұлға,  басты  кейіпкер-  оқушы.  Оқушыны  ӛз  бетімен  білім  алуға,  ол  үшін 
ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет.  Жаңа білімді меңгерту 
үшін  ең  тиімді  әдіс  сұрақ-жауап,  әңгімелесу,  диалог  болып  табылады.  Менің  әр  сабағым 
диалогқа құрылды. Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, оқушы мен мұғалім 
арасындағы  диалогты  тиімді  ұйымдастыру  арқылы  мақсатқа  қол  жеткізе  алдым.  Нәтижесі 


102 
 
таңғаларлық!  Оқушылар  мен  күткеннен  де  артық  әсер  алды.  Осы  7  модуль  бойынша 
сабақтарды қызғылықты етіп ӛткізу үшін үнемі  оқушылардың  сабақтан жақсы әсер алуына 
байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу 
керектігін  үйретіп,  соның  нәтижесінде  еркін,  ӛзіндік  ой-пікірін  жеткізе  білетін  ынталы 
сенімді  болуды  қалыптастырады.  Сабақтарымда  түрлі  суреттер,  ұлы  адамдың  сӛзімен, 
ойландыратын  тұжырымдамаларды  пайдалана  отырып,  сабаққа  деген  қызығушылықтарын 
арттырдым.  Іс-әрекетті  ой  елегінен  ӛткізу  кезеңінде  жаңа  ақпараттар  кездестіреді,  алға 
қойған  міндеттерді  шешуге  ынталанды,  осыны  іске  асыру  барысында  мұғалім  берген 
мәліметтерге, оқулықтағы мәтіндерге сүйенеді. 
Сабақта  берілген  тақырыпты  алдымен  жеке,  содан  кейін  жұпта,  ұжымда  талқылатып 
жұмыс жасайды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт ӛзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға деген 
жауапкершілігі  артады.  Әр  топқа  берілген  тақырыпты  жеке  оқып,  содан  кейін  ӛзге  топқа 
реттік  нӛмірлер  бойынша  топталып,  ӛз  тақырыптарын  түсіндіреді.  Бұл  есте  сақтау,  негізге 
алу,  түсіндіруді  арттырады,  яғни  жаңа  ақпараттарымен  бӛліседі.Тақырыпты  қаншалықты 
түсінгендерін флип чартқа түсіру арқылы жеткізеді. 
Рефлексия  кезеңінде  оқушылар  алған  жаңа  ақпараттарды,  жаңа  білімді  реттейді,  ӛз 
пікірлерін  дәлелдеп  айтады.  Күнделікті  сабақтарда  сыныпта  ынтымақтастық  ахуал 
қалыпастыру  білімге  құштарлықтарын,  кӛңіл  күйлерін  жақсартуына  оң  әсерін  береді. 
Ынтымақтаса  жұмыс  істей  отырып,  олар  бір  нәтижеге  жету  үшін  топ  ережелерін  сақтауды 
үйренеді.  Ӛз  ойларын  жарыса  айтып,  қызу  пікірталас  тудыра  алды.  Жаңа  сабақты  ӛз 
беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар «сӛйлеп кетті».
 
Әрбір сабаққа жоспар құрар алдында алдымен ойланып аламын: « Менің оқушыларым 
не істей алады?»-деп. Сабақ жоспарын оқушылардың ӛз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп 
және  олардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып  құрамын.  Бұл  оқушылардың 
жауапкершіліктерін  арттырумен  қатар,  ӛзін-ӛзі  бағалаулары  үшін  де  тиімді  болмақ. 
Оқушыларымыз мұғалімнің бағалауына  әбден үйреніп қалған. Бағаны не үшін алды, келесі 
де  жақсы  баға  алу  үшін  не  істеу  керек  деген  талдау  жүргізілмегендіктен,  оқушылар  үнсіз 
кете  беретін.  Ал,  жаңаша  оқыту  әдісінде  оқушыларды  бағалауға  кӛбірек  кӛңіл  бӛлуге 
тырыстым.  Оқушының  ӛзін-ӛзі  бағалауын  ұйымдастырдым.  Себебі,  бала  алдымен  ӛзіне-ӛзі 
баға  беріп  үйренуі  керек.  Алдымен  «Ӛзін-ӛзі  бағалау»  тестын  жүргіздім.  Сыныптағы  22 
оқушының біреуі ғана ӛзін-ӛзі жоғары бағалайтыны, ӛзіне сенімді екені анықталды. Оларды 
психологиялық  тұрғыдан  дайындадым.  Сыныпқа  кӛп  уақытымды  арнадым.  Ал  сабақтарда 
оқушылар ӛзін-ӛзі бағалауда қиналғандары байқалды. Менің қуанғаным, олар ӛздері туралы 
кӛп ойланды, ӛздерінің іс-әрекеттеріне есеп бере алды, яғни бұл жерде ӛзін-ӛзі реттеу әрекеті 
де  кӛрініп  жатты.  Ӛзін-ӛзі  реттеу  әдісі  оқушылардың  ӛздері  топтық  ереже  құрып,  оны 
бұзбауға  әрекет  еткендерінен,  белсенділіктерінен,  сабақтан  жиі  қалатын  оқушының  да 
мектепке  тартылғанынан,  «үнсіз»  оқушының  сӛйлегенінен,  топтағы  ӛздерінің  рӛлдерін 
жауапкершілікпен орындағанынан кӛрініп жатты.
 
Әр  сабақтарымда  сандық  технологияны  және  оқушылардың  қызығушылықтарын 
арттырудағы  басты  құрал  болып  табылатын  АКТ  –ны  қолдануды  әр  сабағымда  ескердім. 
Алғашқы сабағымды Блум таксономиясына негіздей отырып, презентация түрінде ӛткіздім. 
Кейінгі  сабақтарымда  да  семантикалық  карта  толтыру,  инсерт,  видеоролик  қарау,  т.б. 
әдістерін қолдандым.
 
Еліміздің  ертеңгі  тізгінін  қолына  алып,  елін,  жерін  кӛркейте  алатын  ұрпақ-қазіргі 
мектеп  партасында  отырған  қабілеті  ерекше,  талантты  немесе  дарынды  ұрпақ.  Алдымен 
ӛткізген  сауалнама  нәтижесі  арқылы,  ӛзге  адамдармен  сӛйлесу  арқылы  сыныпта 
шығармашылық  қабілеті  жоғары  оқушылардың  бар  екендігін  анықтап,  әр  сабағымда 
шығармашылық  тапсырмалар  беруге  тырыстым.  Мәселен,  бес  жолды  ӛлең,  реферат  жазу, 
эссе жазу, туған жер туралы тӛрт жол ӛлең құрастыру, т.б. Шығармашылық тапсырмаларды 
сыныпқа  жаппай  бере  отырып,  әр  топтан  тек  қабілетті  оқушылар  орындап  отырды.  Бұл 
дарынды оқушыны анықтап алу үшін оңтайлы болды. Тапсырманы жеке орындаған оқушы 
да  ӛз  жұмысын  топтың  атынан  қорғап,  ӛз  тобын  алға  сүйреуге  ұмтылғандары.  Бұл  жерден 


жүктеу 3,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау