105
Ғалым-жаңа рухта жас ұрпақ тәрбиелеу, адамгершілік, жақмы мінез-құлық
қалыптастыру қажеттіліктерін тек қана тәжірибеде іске асырып қоймай, бұл мәселелерді
теориялық тұрғыдан да терең зерттеген.
Сол кездегі Білім Министрлігі басшыларының – (Ш.Шаяхметов, Е.Мәмбетқазиев,
М.Жұрынов) мақұлдауымен және министрлік алқасының арнайы шешімімен бекітілген 1992-
1997 жж. жалпы орта білім беретін мектептердің бағдарламалары жасалып, оқу құралдары
әзірлене бастады. Олардың ішінде: 1-4 сынып үшін «Әдеп әліппесі» - авторы, профессор
Ә.Табылдиев. 5-7 сыныптар үшін «Әдеп негіздері»- авторлары профессор Қ.Жарықбаев,
доцент Ә.Алдамұратов, профессор С.Ғабитов. 8 сынып үшін «Әдеп негіздері»- авторы
профессор Ж.Молдабеков. 9 сынып үшін «Әдеп негіздері»- авторы, профессор С.Қалиев. 10-
11 сыныптар үшін «Әдептану және жантану»- авторлары профессорлар Қ.Жарықбаев пен
Ә.Табылдиев.
Бұл оқулықтарды мектептерде оқытуға арналған әдістемелік конференциялар бірнеше
рет ӛткізіліп, бұл пәндердің бала санасына қазақтың ұлттық рухын сіңіруде зор маңызы бар
екені ғылыми –педагогикалық тұрғыдан жеткілікті негізделді. Мәселен, 1 сыныпта халық
педагогикасынан «Сӛз басы- сәлем», «Аялаған ана», «Әлпештеген әке», «Әдеппен сӛйлеп
әдеттен» дегенедей тақырыптар болса: 2 сыныпта- туған жерді қастерлеу, ата –ананы сыйлау,
текті білу, бата туралы мағлұмат берілді; 3 сыныпта- табиғатты айлау, обал, сауап, ысырап,
ырым мен сенім, ағайын- жекжатты сыйлау дәстүрі, рәсімдер; 4 сыныпта- жыл қайыру, әдет-
ғұрып; 5 сыныпта- туыстық қатынастар, кісілік қасиеттер; 6 сыныпта- тыйым сӛздер,
салауаттылық, жан тазалығы мен тән тазалығы; 7 сыныпта- ұлттық намыс, парыз бен қарыз;
8 сыныпта- иман және инабат, Отан, бақыт, т.б. осы секілді тақырыптар. 10-11 сынып
оқушылары үшін «Жантануға кіріспе» (авторлары Қ.Жарықбаев пен О.Озғанбаев) жазылды.
Кӛрнекті ғалымның бүкіл саналы ғұмыры қазақтың ұлттық психология ғылымын
дамытуға, насихаттауға және жастардың санасына сіңіруге, оқу орындарында пән ретінде
оқытуға күш- жігер жұмсауға арналып келеді. 30-дан аса психологиялық және педагогика
ғылымдарының докторлары мен кандидаттарын даярлаған. Профессор Қ.Б.Жарықбаевтың
республика жоғары ору орындарының психология кафедралары үшін ғылыми кадрларды
даярлаудағы еңбегі-ӛз алдына бір тӛбе.
Әдебиеттер тізімі:
1.Әбиев Ж.Педагогика тарихы.- Алматы, 2006.- 452 б.
2. Бержанов Қ., Мусин С.Педагогика тарихы.Қысқаша курс.- Алматы, 1984.
3. Сейталиев Қ.Педагогика тарихы.- Алматы, 2012.
Аннотация
Бұл мақала таңымал ғалым Қ.Б.Жарықбаевқа арналған. Ол психология бағыты бойынша зерттеу
жұмыстарының авторы.Ғалым психологияны терең кӛптеген аспектілер бойынша зерттеді.
Аннотация
Данная статья посвящена педагогической деятельности известного учѐного К.Б.Жарыкбаева. Он
автор многих исследовательских работа по такому направлению,как психология. Учѐный исследовал
глубоко исследовал психологию во многих аспектах.
Annotation
This article is devoted to the pedagogical activity of a famous scholar K.B.Zharikbaev. He is an author
of some research works by such direction as psychology. This scholar deeply researched our native
psychology following all aspects.
106
ӘОЖ 374
Ж 81
ОҚУ ТӘРБИЕ ҤРДІСІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ҚҦЗЫРЕТТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жуматаева К.С.
Лицей мектебі, Қаратау қ.
Қоғамдық қарым-қатынастардың ӛзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, ӛндірістің
жетілдірілуі, әлемдік білім кеңістігіне енуіміз - жоғары, кәсіби білім беретін оқу
оындарының алдына бәсекеге қабілетті білікті мамандар дайындау үшін адамның
құзырлылық қабілеттерін қалыптастыруды талап етеді. Себебі жаңа формация мұғалімдері
кәсіби тұрғыда қалыптастыруы тиіс. Қазіргі кезеңде мектептегі жас ұрпақ тәрбиесі, оның
жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге кӛзқарасы, жалпы болмысы
жоғары оқу орындары даярлайтын бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби дайындығына
байланысты. Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуы – жас ұрпаққа
қоғам міндеттеп отырған талаптарға жауап беретіндей тәрбие мен білім беру. Сол себепті
бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби дамыту мен құзырлылықтарын қалыптастыру ол
бүгінгі біздің алдымызда тұрған міндеттердің бірі. Сонымен қатар «Білім ғасыры» атанған
ХХІ ғасырда оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Зерттеудің
кӛкейкестілігі.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр бойынша
Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға
кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап кӛрсетті. Қол жеткен
нәтижелер – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарына
қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін алтыншы
міндеттің маңызы ерекше, онда «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты
ӛлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде
қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге кӛтерілу», - деп атап айтты [1]. Қазіргі
технологиялардың қарқынды даму кезеңінде жоғары білім беретін оқу орындарының оқу
үдерісінің тиімділігі бастауыш сынып мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне тікелей қатысты.
Сол себепті бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуы, олардың
білікті маман болуы ӛзекті мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі
басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси ӛміріне белсенді қатысуға
дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық кӛрсетілген [2].
Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта әрбір
оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімнің мазмұнын меңгеруге бағытталған үш
түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген, олар: ӛзіндік менеджментке
жататын ӛмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық
құзыреттілік; білімді игерумен бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік
құзыреттілік. Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған «құзыреттілік»,
«құзырет» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің
білім беру жүйесіне ене бастады. Мұндай аса жауапты білім деңгейіне жету үшін оқу
үдерісін соған сай ұйымдастыра білетін, мектеп оқушыларына білімді ӛз бетінше еңбек етіп
алатындай күйге жеткізе алатын, ӛзі де осы аталған құзыреттіліктерді меңгерген, кәсіби
құзыреттілігі қалыптасқан мұғалімдер даярлау міндеті тұр. Жоғары оқу орындарында
болашақ бастауыш сынып мұғалімдерді дайындау үдерісінде олардың кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыру мәселесі соңғы жылдары ғана қарастырыла бастады. Осы орайда,
психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау мұғалімдерді кәсіби дайындау
мәселесінің жан-жақты зерттелгенін байқатты.
Достарыңызбен бөлісу: |