Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 3,28 Mb.
Pdf просмотр
бет24/97
Дата06.02.2020
өлшемі3,28 Mb.
#28463
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97

51 
 
монографиялық еңбек жарық кӛргенде, Қазақстан этнографиясына қосылған зор үлес болар 
еді.  Бірақ,  ғалым  қайтыс  болғаннан  кейін  осы  еңбектің  Н.Сәбитов  дайындаған  тараулары 
Тарих,  археология  және  этнография  институтының  «Еңбектерінде»  (1956,  3  т.) 
«Общественная  жизнь  и  семейный  быт  казахов-колхозников»  атты  үлкен  мақала  ретінде 
жарық кӛрген. 
Н.Сәбитовтың  алдына  қойған  мақсаттары  кӛп  еді.  Солардың  бірі  Институттың 
жоспарында  кӛрсетілген  «Социализм  дәуірі  кезіндегі  СССР  халықтарының  тұрмысы  мен 
мәдениеті»  деген  мәселе  бойынша  зерттеу  жүргізу  болатын.  Тақырыпты  орындаушылар  – 
филология  ғылымының  кандидаты  Н.Сәбитов  (жетекші),  тарих  ғылымының  кандидаттары 
И.В. Захарова, Ғ.Уәлиханов тағайындалып, ол 1954 ж. қаңтарынан 1955 ж. қазанына дейінгі 
уақытты қамтиды [28]. 
Тақырыптың  негізгі  мақсаты  социализмнің  негізгі  экономикалық  заңдылықтарының 
қызметін кӛрсету,  яғни  ауыл  еңбекшілерінің тұрмысындағы  түбірлі  қайта  құру  мен  мәдени 
жетістіктердің  қорытындыларын  шығару.  Негізгі  міндет  -  жыл  бойында  (1954  ж.) 
мағлұматтар  жинап,  оларды  жүйеге  келтіріп,  бір  этнографиялық  экспедиция  ұйымдастыру 
болатын.  Осы  тақырып  бойынша  Н.Сәбитов  монографиялық  еңбектің  қолжазбасын 
дайындайды.  Ол  «Қазақ  ауылындағы  социалистік  ӛзгерістер  (этнографиялық  очерк)»  –  деп 
аталып, кӛлемі 112 б. құрады (6 б.т.).  
1954 ж. 18 қазанында жазған мазмұндамасында Н.Сәбитов қарастырылатын мәселелерге 
шолу жасаған. Монография мынадай тараулардан тұрады:  
1-ші  тарау:  «Қоғамдық  қатынастардағы  түбірлі  ӛзгерістер»  деп  аталды.  Онда 
қарастырылған  мәселелер:  кӛне  және  жаңа  ауылдағы  қоғамдық  қатынастардағы  ӛзгерістер, 
қазіргі  ауыл  адамдары,  олардың  тұрмыс  тіршілігі,  еңбекке  деген  социалистік  кӛзқарастар, 
патриотизм және халықтар достығы; 
2-ші  тарау:  «Отбасылық  тұрмыстағы  түбірлі  ӛзгерістер»  деп  аталады.  Мұндағы 
кӛтерілген мәселелер: кӛне және жаңа отбасы, ондағы әйелдердің жағдайы, қазіргі замандағы 
неке және оның түрлері,  баланың дүниеге келуі және оны тәрбиелеу,  отбасылық дәстүрлер 
мен  әдет-ғұрыптар,  феодалдық-байлық,  діни  қалдықтар,  мейрамдар  мен  демалыстық  ойын-
сауықтар және т.б. ; 
3-ші  тарау:  «Социалистік  мәдениеттің  ӛсуі  мен  дамуы».  Ондағы  мәселелер:  бұрынғы 
замандағы қазақ мәдениетінің жалпы жағдайы, мәдениеттегі түпкілікті ӛзгерістер, ауылдағы 
мәдениеттің одан әрі дамуы, қазіргі ауылдағы мектептердің кең қанат жаюы, сауаттылықтың 
ӛсуі  мен  әдебиеттердің  таралуы,  мәдени-ағарту  мекемелерінің  жұмысы,  «қызыл  үй»  және 
оның  жұмысы,  ауылдағы  кӛркем  ӛнерпаздар,  халық  ауыз  әдебиетінің  жетістіктері,  дене 
шынықтыру және спорт, радио мен киноның дамуы. 
Бұл  монография  орыс  тілінде  жазылған  және  жалпы  оқырман  қауымға  арналған  деп 
ғалымның  ӛз  қолымен  жазылған  аннотациясы  сақталыпты  [29].  Н.Сәбитовтың  осы  аталған 
монографиясына  Н.Т.  Сауранбаев  1954  ж.  25  желтоқсанда  қысқаша  пікір  берген.  Онда 
академик  бұл  тарихи-этнографиялық  очерктік  монографияның  жетістіктеріне  тоқтала  келе 
былай  дейді:  «Ценность  такого  рода  очерка  определяется  двумя  главными  моментами.  Во-
первых,  популярностью  общего  содержания,  во-вторых,  он  построен  на  основе  реальных 
фактов,  которые  более  что-либо  характеризуют  процесс,  происходящий  в  общественной  и 
культурной  жизни  современного  казахского  аула.  Факты  взяти  из  жизни  населения 
определенных районов, сельсоветов, колхозов. Они не оставляют ни малейшего сомнения в 
реальности  описуемых  процессов»  -  деп,  оны  тезірек  баспаға  беру  керек  екендігін  атап 
кеткен  [30].  Қолжазба  түрінде  дайындалып,  пікірлері  жазылып  баспаға  дайындалған  бұл 
монография кейінірек жарыққа шықты. 
Енді  жоғарыда  айтылған  мәселелерді  қорытындылайтын  болсақ,  тұрақты  түрде 
этнография  ғылымы  бойынша  ізденістер  ХХ  ғасырдың  40-50-ші  жылдарында  басталғанын 
айтуға  болады.  Кеңестік  Қазақстан  этнографиясы  кешенді  зерттеуінің  кеш  басталуының 
басты себептері, тарих ғылымының республикадағы ұйымдастырушылығының әлсіздігі мен 
кадр  мәселесінің  шешілмегендігі  еді.  Тек  Ұлы  Отан  соғысынан  кейінгі  Қазақстан  Ғылым 


52 
 
Академиясының  Тарих,  археология  және  этнография  институты  құрамында  этнография 
секторының  ашылуымен,  Қазақстан  этнографиясын  жүйелі  түрде  зерттеу  мүмкіндігі  туды. 
Этнографиялық  зерттеудің  негізгі  міндеті  кӛне  дәстүрлер  мен  тұрғындардың  жаңа 
тұрмысына  ғылыми  негіздеме  жасау  болды.  Этнографиялық  ғылыми  ізденістер  мақсаты  – 
бұл құбылыстар, осы аудан тұрғындарының мәдени және тұрмыстық деңгейінің социалистік 
қайта  құру  нәтижесі  ме,  жоқ  әлде  кӛненің  қалдықтары  ма?  Олар  адамдар  санасында 
қаншалықты берік орын алған, олардың жойылу процесі қалай жүріп жатыр деген сұрақтарға 
жауап  іздеу.  Сонымен  қатар  негізгі  ескерілген  нәрсе  тұрғындардың  этникалық  дәстүрлері 
арқылы (мысалы, жайлауға мал айдау немесе кӛшу) ӛзіндік ерекшеліктеріне кӛңіл аудару. 
Этнографиялық зерттеу кӛзі ретінде колхозшы-қазақ ауылының таңдалуы кездейсоқтық 
емес  еді.  Ол  ӛзіндік  ерекшелігі  бар,  аграрлық  қатынастардың  қызметінен  екі  бастаудан  – 
жаңа  социалистік  және  дәстүрлі  ӛмір  салтынан  туындайтын  ерекше  бірлестікті  қарастыру 
мәселесі.  Зерттеу  жұмыстарының  жемісті  болуы  үшін  оның  ғылыми  -  ұйымдастыру 
жұмыстарының  бағытын  анықтайтын  арнайы  бағдарлама  жасалды[30].  Бұл  бағдарламада 
ауылда  этнографиялық  зерттеудің  алдағы  жоспарлары  мен  жүйелі  сипаттау  әдіс-тәсілдері 
кӛрсетілді.  
Бағдарламаға  сәйкес  ұйымдастырылған  экспедициялар  нәтижесінде  ауылдық  жерлерді 
зерттеуге  қатысты  мәселені  кең  қамтыған  деректік  негіздері  жасалынды.  Қазақстан  Ғылым 
Академиясының  Тарих,  археология  және  этнография  институты  экспедицияларының 
жинаған  ғылыми-танымдық  мәліметтерінің  орны  аса  зор  маңызға  ие  болды.  Ұжымшарлық 
қазақ ауылын зерттеу барысында отбасылық-некелік қатынастар, этнодемографиялық ахуал 
мен оның барысы, материалдық және рухани мәдениеттің құрылымдық ерекшелігі, қоғамдық 
ӛндірістегі  және  колхозшылардың  тұрмыстық  ӛміріндегі  ӛзгерістердің  негізгі  факторлары 
мен  жолдары  мәселелеріне  қатысты  зор  мағлұматтар  жинақталды.  Бұлар  Н.Сәбитовтың 
жариялаған мақаларында кең түрде баяндалған [31].  
Сонымен қорыта келе, Н.Сәбитовтың этнограф ғалым ретіндегі жұмысының ӛте жемісті 
болғанын  кӛреміз.  Ол  Қазақстан  этнографиясының  қалыптасуында  алғашқылардың  бірі 
болып, осы сала бойынша маман кадрлар дайындап кеткен тұлғаның бірі болды.  
 
Әдебиеттер тізімі:  
1.  Труды  Оренбургского  общества  изучения  Киргизского  края.  Вып.  1.  Оренбург, 
Типография М.Н. Махова, 1921. – С.40. 
2. Первые этнографы Казахстана / Автор предисловия и составитель Узбекали Жанибек. 
– Алматы: Білім, 2002. – 136 с. - С.10-12. 
3. Сабитов Н. В Институте истории, археологии и этнографии. (Этнографическая работа 
в Казахстане) //Вестник АН КазССР. – 1949. - № 3 (48). – С.104-105. 
4. ҚР Ғылым Академиясының мұрағаты. 11 қор, 1 тізбе, 559 іс. - 8 б. 
5.Савосько В.К., Шамшатов И.Ш. Колхозное строительство в Казахстане (1946-1970 гг.) 
/ Отв. ред. Дахшлейгер Г.Ф. – Алма-Ата: Наука, 1974. – 279 с. - С.252.  
6. ҚР Ғылым Академиясының мұрағаты. 11 қор, 1 тізбе, 10 іс. - 1 б. 
7.  Сабитов  Н.  Об  итогах  работы  этнографической  экспедиции  1946  года  Сектора 
этнографии // Известия АН КазССР. Серия историческая.-1948. Вып. 4. - 116-118 с. 
8. Сабитов Н. Некоторые итоги этнографического изучения восточных и юго-восточных 
областей Казахстана //Вестник АН КазССР. – 1949. - № 8 (53). – С.65-75. 
9. Сабитов Н. Работа по изучению культуры и быта казахского колхозного аула. (Обзор 
материалов этнографических экспедиции за 1946-1951 гг.) //Вестник АН КазССР. – 1952. - № 
3 (84) . – С.89-94. 
10.  Чебоксаров  Н.Н.  Комплексная  антрополого-этнографическая  экспедиция  в 
Казахстане // Краткие сообщения Института этнографии Академии наук СССР. - 1949. - Т.6. 
– С.9-19. 
1 Сабитов Н. Этнографическая работа в Казахстане // Вестник АН КазССР. - 1949. - № 
8. – С.67-75. 


жүктеу 3,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау