Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 3,28 Mb.
Pdf просмотр
бет23/97
Дата06.02.2020
өлшемі3,28 Mb.
#28463
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97

49 
 
зерттеу  жүргізілді.  Бұл  экспедицияның  жұмысына  этнография  секторының  кіші  ғылыми 
қызметкері И.В. Захарова қатысты. 
Келесі экспедиция таза Қазақстандық этнографтардан құралды. Ол 1951 ж. құрамында 
этнография секторының кіші ғылыми қызметкері И.В. Захарова (экспедиция басшысы) және 
Ф.Аронов,  аспирант-этнограф  Р.Ходжаева  және  суретші  И.Мусаев  бар  экспедиция  Алматы 
облысының Жамбыл ауданы ұжымшарлары қазақтарының мәдениеті мен тұрмысы жайында 
этнографиялық мәліметтер жинады. Негізгі мәлімет кӛздері: шаруашылық, тұрғын-үй, киім, 
тағамдар, қоғамдық және отбасылық тұрмыс, ауыз әдебиеті т.б. болды. Экспедиция мүшелері 
мәліметтерді  қағазға  түсірумен  қатар,  суретке  түсірді,  киімдердің,  үйлердің  үлгісін  қағазға 
кӛшірді.  1948  ж.  Н.Сәбитов  басқарған  этнография  секторының  кіші  ғылыми  қызметкері 
Д.Рахметов 
Семей 
облысының 
Шұбартау 
мен 
Абай 
аудандарының 
бірнеше 
ұжымшарларында болып, ӛз зерттеулерін жүргізді. 
Жоғарыда аталған экспедициялар жайындағы қысқаша мәліметтер Тарих институтының 
Ғылыми  кеңесі  мен  этнография  секторының  отырыстарының  хаттамасында  келтірілген. 
Мысалы,  ғылыми  кеңестің  18.  ІХ.  1946  ж.  хаттамасы  [18],  этнография  секторының 
отырысында  9.ІХ.1946  ж.  №  1  хаттамасында  тіркеліпті  [19].  Сонымен  қатар  Қазақстан 
Ғылым  Академиясының  Тарих,  археология  және  этнография  институтының  ІІ-ші  ғылыми 
сессиясының жұмысы стенограммасында (1-3 шілде, 1949 ж.) екінші қаралған мәселе: 1949-
1950 ж. этнографиялық экспедиция қорытындыларына арналды [20]. 
Айтылған экспедиция материалдарын талдаудан ӛткізіп, жиналған мәліметтерді жүйеге 
келтіріп,  этнография  секторының  меңгерушісі  Н.Сәбитов  кӛлемді  мақала  етіп  жариялады 
[11.89]. 
Алғашқы,  Н.Сәбитов  кезіндегі  этнографиялық  экспедиция  жайындағы  мәлімет  тарих 
ғылымының  кандидаты,  талантты  ғалым-этнограф  Э.А.  Масановтың  «Очерки  истории 
этнографического изучения казахского народа в СССР»  деген  еңбегінің 307-310 беттерінде 
берілген [21]. Ӛзінің сипаттамасын қорытындылай отырып автор былай деп жазды: «Помимо 
сбора  и  предварительной  обработки  экспедиционных  материалов  казахстанские  этнографы 
составили  обширную  рабочую  библиографию  по  этнографии  Казахстана.  Однако  к 
исследованию  накопленных  материалов  по  дореволюционной  этнографии  они  так  и  не 
перешли, ошибочно считая, что «старый быт нужно изучать только для сопоставления его с 
новым бытом»- деген сын-пікірлерін де айтып ӛтті [21.308]. 
Ғылым  Академиясында  дайындалған  жинақтық  «Октябрь  және  Қазақстан  ғылымы» 
деген еңбекте қазақ этнографтарының еңбектері былай сипатталады: «Основные свои усилия 
еще  немногочисленная  группа  этнографов,  руководимая  Н.С.  Сабитовым,  направляла  на 
изучение материальной культуры, общественного и семейного быта, прикладного искусства 
казахов в ХІХ веке» [22]. Сонымен Н.Сәбитов бастаған аздаған этнографтардың еңбегі осы 
кӛлемді кітапта аталып кетеді. 
1952  ж.  Ғылым  Академиясының  Тарих,  археология  және  этнография  институты 
Жамбыл  облысының  Мерке  ауданына  этнографиялық  экспедиция  ұйымдастырады. 
Экспедиция  құрамы  үш  адамнан  тұрады:  этнография  секторының  меңгерушісі  Н.Сәбитов 
(экспедиция бастығы), ғылыми қызметкер И.В. Захарова, суретші-фотограф Н.Третьяков [23]. 
Экспедицияның  негізгі  міндеті  мен  мақсаты  ұжымшарлық  құрылыстың  ӛркендеуі  мен 
нығаюына  байланысты  қазақтардың  тұрмысы  мен  отбасы  қатынастарындағы  материалдық 
және  рухани  мәдениетіндегі  соңғы  15-20  жылдағы  болған  ӛзгерістерді  кӛрсететін 
мәліметтерді жинастыру. 
Экспедиция  ӛз  жұмысын  тӛрт  ұжымшарда:  «Сталин  атындағы»,  «Киров  атындағы», 
«Жданов  атындағы»  және  «Қызыл  Октябрьде»  жүргізді.  Бұл  ұжымшарлардың  таңдап 
алынуы да тегін емес еді. Ӛйткені кей ұжымшарлардың аудан орталығынан алыс орналасуы, 
кейбіреулерінің  керісінше  ӛте  жақын  орналасуы,  шарушылық  түрлері  және  ұлттық 
құрамының  ерекшеліктері  ескерілді.  Мысалы,  «Сталин  атындағы»  ұжымшар  аудан 
орталығынан  ең  алыс  орналасқан  болып  есептелінеді.  Бұл  ұжымшардың  негізгі 
шаруашылығының  басым  түрі  –  мал  шаруашылығы.  Ал  «Киров  атындағы»  ұжымшарда 


50 
 
басты  шарушылық  -  жер  шарушылығы  болды,  негізгі  егістік  суармалы  еді.  «Жданов 
атындағы» ұжымшар – аудандағы ең алдыңғы озат шаруашылық және ол аудан орталығында 
орналасқан,  ұлттық  құрамы  ала-құла,  орыс  тұрғындары  басымырақ.  Міне,  сондықтан  бұл 
ұжымшардағы экспедиция жұмысы нәтижесінде әр түрлі мәселелер бойынша толық мәлімет 
жиналды. 
Осы экспедицияның этнографиялық  мәліметтері  Кеңес Одағының Ғылым Академиясы 
этнография  институтының  органы  –  «Советская  этнография»  журналының  беттерінде  кӛп 
ұзамай  жарияланған  болатын.  Ұжымшардағы  шаруалар  тұрмысы  мен  мәдениетін  кешенді 
зерттеу  бағдарламасына  сәйкес  жинақталды.  Мәліметтер  негізінен  ұжымшаршылармен 
әңгімелесу барысында жиналып, қағазға түсірілді. Бұл мәліметтің дұрыстығын тексеру үшін 
басқалардан  алынған  мәліметтермен  салыстырылды.  Ұжымшаршылармен  болған  әңгімелер 
жеке  объектілердің  суретімен  (қоғамдық,  шаруашылық,  жеке  үйлері)  толықтырылды. 
Сонымен қатар үй тұрмысына қажетті заттардың кӛшірмесі, үйдің жобалық сызбасы, ұлттық 
киім  үлгілерінің  суреті  түсірілді.  Жинақталған  мәліметтер  аталған  аудандардағы 
экономикалық  және  шаруашылық  мәселелерді  ашуға,  материалдық  және  рухани  мәдениет, 
жергілікті  тұрғындардың  қоғамдық  және  отбасы  тұрмысын  зерттеуге  бағытталды.  Аталған 
экспедиция  ӛзінің  алдына  қойған  міндеттерін  орындай  отырып,  қазақтың  ұжымшарды 
ауылындағы ӛзгерістерді сипаттап қана қоймай, оған баға беріп, болашақ ұрпаққа берері мол 
мағлұматтар  жинаған  еді.  Жазба  мәліметтермен  қатар  суреттер  де  салынды  атап  айтқанда, 
шаруашылық  және  материалдық  мәдениет  бойынша  -  160,  отбасы  тұрмысы  мен  рухани 
мәдениетіне қатысты – 130, барлығы 200-дей сурет салынды [24]. 
Осы экспедициядан кейін де Н.Сәбитов сол облыстардың еңбекшілерімен хат алмасып, 
олардың  ӛмірлерінде  болып  жатқан  ӛзгерістерді  бақылап  отырған.  Солардың  бірі  ретінде 
мына  бір  хаттарға  шолу  жасап  кетсек,  1954  ж.  «Победа»  ұжымшарының  ақыны  Ӛмірбек 
Қабыловқа, «Красный Октябрь» ұжымшарының шопандары Нәби Сейсембаев пен Қойлыбай 
Малтасовқа  хат  жазып  қазіргі  кездегі  еңбектегі  жетістіктері  қандай  екендігін  сұрастырып 
отырған. Ӛ.Қабылов ӛзінің «аудандық мәдени ағарту бӛлімінің үгітші ақыны екенін, жаңаша 
әріп  танымайтындығын,  ӛзінің  арабша,  яғни  жәдидше  ғана  оқитындығын»  айтып  біраз 
қиындықтарға  ұшырайтынын  атап  ӛтеді.  Н.Сәбитовке  «ӛзі  туралы  кӛп  сұрастырғанына 
рахметін»  айта  отырып,  ӛзінің  ӛлең  жолдарын  жолдап,  қатесі  болса  жӛндеп,  пікірін 
жолдауын ӛтініпті [25]. 
Ал,  жоғарыда  аталған  екі  шопан  ӛздерінің  еңбектегі  жетістіктерінің  барлығын 
Н.Сәбитовтың білетіндігін айта отырып, қазіргі кезде Н.Сейсембаев мемлекетке 1533 кг жүн 
ӛткізгенін,  келесі  жылға  да  жаңа  міндеткерліктер  алғанын,  аудан  атынан  ат  мінгенін  т.б. 
мәліметтерді қуанышпен жеткізіпті [26]. 
Бұл  экспедицияның  жинаған  материалдары  «Этнографическая  экспедиция  в 
Меркенский  район  Джамбулской  области»  деген  мақала  ретінде  жазылып,  «Советская 
этнография» журналында 1953 ж. жарық кӛрді. 
1950  ж.  басында  қазақ  этнографтары  кӛп  кӛңіл  аударатын  бір  тақырып  –  «Культура  и 
быт  казахского  колхозного  аула»  деген  мәселе.  Осы  тақырып  бойынша  жұмыстарды 
басқарған  Н.Сәбитов  болды.  Экспедицияларда  жинақталған  мағлұматтар  бойынша 
монографиялық  еңбекті  баспаға  дайындау  кӛзделді.  Онда  ұжымшардағы  қазақтардың 
материалдық  және  рухани  ӛмірі,  отбасы  тұрмысы  мен  қоғамдық  қатынастары  кӛрсетілмек 
болатын. Монография Алматы және Жамбыл облыстары бойынша жинақталған мәліметтерді 
қамтиды.  Монографияның  қолжазбасы  сол  жылдың  (1954  ж.)  ортасына  таман  кӛлемі  8-10 
баспа табақ болып шығуға тиісті болды. Оның авторлары Н.Сәбитов және И.В. Захарова [27]. 
Н.Сәбитовтың жеке мұрағаттық қорында осы әлі толық жарияланбаған монографияның 
«Шаруашылық  тұрмыс»  және  «Материалдық  мәдениет»  бӛлімдерін  жазған  И.В. 
Захарованың  қолжазба  еңбектеріне  берген  пікірі  сақталған.  Онда  Н.Сәбитовтың  әрбір 
беттерге,  параграфтарға,  бӛлімдерге  жасаған  ескертпелері  мен  ұсыныстары  кӛрсетілген. 
Осыған  қарап  отырып,  Н.Сәбитовтың  аталған  мәселені  жетік  білгендігін,  этнограф  маман 
ретіндегі  дәрежесінің  жоғары  болғандығының  бір  кӛрінісін  кӛруге  болады.  Аталған 


жүктеу 3,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау