47
ӛлкетанушылар мен этнографтар да кӛптеген жұмыстар атқарды. Бірақ та сол жылдары
жинақталып зерттелген, қорытындылары шығарылған дүниелердің кӛбі ең алдымен ескіріп
қалды, екіншіден олар ұлтшылдық және шовинистік идеялардың ықпалына түсті, сонымен
қате пікірлерге – қазақ шаруаларының кӛшпенді тұрмысының мәңгілігі, яғни қазақ шаруасы
кӛшпелі және жартылай кӛшпелі, экстенсивті шаруашылықты сақтауға тиіс, оларды
отырықшыға айналдыруға, егін шаруашылығына кӛшіру қажет емес, тіпті қауіпті делінеді.
Шындығында сол кездегі этнографиялық шолулар біржақтылығымен, қазақ халқының
тарихын алдын ала ойластырған жалған мәліметтермен баяндауларға толы болды.
Егіншіліктің дамуы, қолӛнер, тұрақты мекен-жайлар, қалалар мен сәулет ӛнерінің Жетісуда,
оңтүстік және басқа да Қазақстанның түпкір-түпкірлерінде дами бастағанын мүлдем ауызға
алмады. Кӛшпелі қазақтар тапсыз қоғамның, алғашқы қоғамның тағылық кезіндегі жабайы
немесе жартылай жабайы деңгейіндегі адамдар ретінде кӛрсетілді [14].
30-шы ж. екінші жартысы мен 40-шы жылдардағы этнографиялық зерттеулер
Қазақстанда мүлдем тоқтап қалды. Бұған жеке басқа табынушылық әсер етті, дәл осы кезде
әлеуметтік және этнографиялық зерттеулер «буржуазиялық объективизмнің» яғни
буржуазиялық ғылымның сарқыншағына жатқызылған еді.
Жекелеген этнографтардың еңбектері кӛркемделіп, ӛмір шындығы тұмшаланып, аса
маңызды деген мәселелер қарастырылмады, мемлекеттің алдындағы ауыл шаруашылығын
дамыту мәселесі, ұжымшар мүшелерінің тұрмысын түзеу шараларын айналып ӛтті.
Әрине, сол кездегі ұжымшарлардың тұрмысы, материалдық жағдайы ӛте ауыр
болғандығы, ұжымшарларды құрудағы аса зор қателіктер мен асыра сілтеулердің орын
алғандығы шындық. Ұжымшар мүшелерінің тұрмысын жақсартуға, мәдениетін кӛтеруге
бағытталған іс-шаралар әдейі кӛзге ілінбеген де болатын. Этнография саласы бойынша
маман-кадрлар дайындау ісі де әлсіз еді. Мысалы, Қазақстанда сол жылдары маманданған
этнограф ғалымдар жоқ еді.
Қазақстандағы этнография ғылымы саласындағы елеулі ӛзгерістердің орын алуы мен
дамуы тек соғыстан кейінгі жылдары жүзеге асты. Бұл ең алдымен мамандардың, ғалым-
кадрлардың ӛсуінен ҚазССР ҒА Тарих институты жанындағы этнография бӛлімінің
ашылуынан кӛрінді.
Бұл мекеменің қызметкерлері аз ғана уақыттың ішінде қазақ халқының этногенезі,
рулық тарала орналасуы, мәдениеті, тұрмысы жӛнінде кең зерттеулер жүргізіп, кӛптеген
мақалалар, очерктер, монографиялар жариялады [14.6]. Біраз мақалалар мен этнографиялық
очерктер соның ішінде Н.Сәбитовтың аяқталмаған докторлық диссертациясы Қазақстандағы
ұжымшарлар тұрмысы мен мәдениетіндегі оңды ӛзгерістерді зерттеуге алған.
Этнографиялық зерттеу нысанасын анықтау мен нақтылау ӛте ауыр және жауапты нәрсе.
Оның неғұрлым ғылыми негізделгендігінен және дұрыс шешімнің қабылдануынан, соңғы
нәтижесінің тиімділігі мен құндылығы, оны орындаушылардың ойға алған жоспарды
табысты аяқтап шығуына, этнография мен тарихтағы қордаланған мәселелерді шешуге күшті
әсері барын айта аламыз [14.8].
Зерттеу негізіне алынған қазіргі ұжымшарлардың территориясы, экономикасы мен
мәдениеті, тұрғындарының саяси және әлеуметтік жағдайының тарихы туралы мәліметтер
тым мардымсыз, үзік-үзік. Тіпті кеңестік кезеңнің 20-шы жылдары тарихи мұрағат
қорларындағы немесе жарияланған деректерде мүлдем қарастырылмаған. Бұлар жайындағы
мәліметтер ұжымшардағы кӛне кӛз ақсақалдар – Ақық Нұрмамбетов, Есбосын Тынышпаев,
Бибіқатыш Еркімбекованың, Боранбай Шәріпов, Сейдахмет Кебенеков, Смағұл Қақабаев,
Ашық Бесшоқпаров, Тәжібек және Жасыбай Егеубаевтар, Сағади Жақыпбаев және т.б.
естеліктерінен алынды [14.9].
Ұжымшарлардың тарихи топономикасын анықтау қиындықтар тудырады, ӛйткені
олардың атауы революцияға дейін де, одан кейін де, мекен-жайлардың аты жиі ӛзгерген еді
және жаңа поселкілер бұрынғыларынан қашықтау жерге орналастырылып, ескілері мүлдем
қараусыз қалып, ұмыт болатын. Бұл мәселеде, ескі ауылдардың кейбіреулерінің ғана жолы
болды, әсіресе Кеңес Одағының Компартиясының ХХІІ съезі атындағы ұжымшарының
48
орталығы Шұбарға. Осы ауылдың атының шығуы жайындағы мәліметті Ақық Нұрмамбетов
бұрын осы жерді мекендеген Таңбалы барыстар туралы аңызбен байланыстырады. Шұбар
деп аталатын жер туралы мәлімет Ш.Ш. Уәлихановтың «Ыстықкӛл сапары күнделігінде»
(1856) кездеседі.
Ал, неғұрлым шындыққа жанасымды кейінгі мәліметті ұжымшардың бақташысы
Қошқар Қаспақов берді. Қазіргі Шұбардың орнында ну-жынысты тобылғы ӛскен еді.
Кейіннен жатақ-қазақтар аздаған бӛліктерін тазалап, кетпенмен тегістеп, бидай мен тары
еккен. Міне, осы әр жерлердегі ойдым-ойдым жерлер, тобылғымен араласып, ала-
шұбарланып жатқандықтан – Шұбар атанған дейді [14.10].
Әрине, Н.Сәбитов жетекшілік еткен этнографиялық экспедициялардың жинаған
мәліметтері осы сияқты топономикаға байланысты ӛте қызықты мәліметтерге толы болды.
1949 ж. 20 тамызы мен 15 қазаны аралығында Жамбыл облысының Шу ауданында
этнографиялық экспедиция жұмыс істеді [9.89]. Экспедицияның мақсаты мен міндеті
«Қазақтың ұжымшарлық (колхоздық) ауылының мәдениеті мен тұрмысы» деген тақырып
бойынша мәліметтер жинау. Бұл ұжымшарлық құрылыстың қазақ ауылындағы жеңісі
нәтижесінде орын алған зор ӛзгерістерді кӛрсетуге бағытталған Н.Сәбитов басқаратын
этнография секторының 1949 ж. арналған тақырыптық жоспарына сәйкес жүргізілді [15].
Экспедицияның құрамына енгендер: Тарих, археология және этнография институтының
ғылыми қызметкерлері Д.Рахметов, Ф.Аронов, аспирант Ғ.Уәлиханов, суретші М.И.
Шаталов. Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы СССР ҒА Этнография институтының ғылыми
қызметкерлері: Е.И. Махова және О.А. Корбе, соңғысы экспедиция бастығы болды. Уақытты
дұрыс пайдалану үшін және кӛзделген аудандарды толық қамту үшін экспедиция екі отряд
болып жұмыс істеді. Біреуінің құрамында – О.А. Корбе, Е.И. Махова және Ғ.Уәлиханов
болса, екіншісінде – Д.Рахметов, Ф.Аронов және М.И. Шаталов енді.
Ӛзінің жұмысы барысында экспедиция 10 ұжымшарда болды. Атап айтқанда,
«Белбасар», «Бірлік-үстем», «Арал», «Еңбекші», «Ынталы»-Ескі Шу ауылсоветі; «Үңгірлі»,
«Сарыбұлақ»-Панфилов ауылсоветі, Алға ауылсоветі; «Кӛкқайнар» - Жаңа-Шу ауылсоветі;
Аманкелді атындағы – Панфилов ауылсоветі [16]. Экспедицияның жұмыс істеуінің негізгі
тәсілі жергілікті тұрғындарға сұрау жүргізу, ескі-құнды дүниелерді суретке түсіру,
кӛшірмелер жасау (ұжымшарлық ауыл кӛрінісін, еңбек процесін, үй тұрмысын т.б.). Осы
мақсатта экспедиция мүшелері бірнеше отбасыны зерттеді, ұжымшарлардың бригадалары
мен фермаларында, қоғамдық және мәдени орындарда (мектеп, клуб және т.б.) болды.
Экспедиция жұмысының нәтижесінде 265 сурет түсіріліп, 38 кӛшірме жасалды, оларда
жеке тұрғын үйлердің, елді-мекендердің, қоғамдық үйлердің, шаруашылық заттарының т.б.
бейне-кӛрінісі берілген. Сонымен қатар 503 беттен тұратын жазба мәлімет жинақталды. Бұл
жазбада шаруашылық және мәдени-тұрмыстық мәселелер, ұжымшардағы еңбекті
ұйымдастыру, ұжымшар мүшелері арасындағы социалистік жарыс, отбасы мен отбасылық
қатынастар мәселесі қарастырылған [16.50-60].
Экспедицияның жұмысы жайындағы толық мәлімет сол кездегі Қазақстанда далалық
зерттеулерге жалпы жетекшілік жасаған Н.Сәбитовтың «Культура и быт казахского
колхозного аула» атты мақаласында берілген [17]. Бұл мақалада ғылыми-зерттеу
жұмысының мақсаты мен міндеті айқындалып, оның нәтижелері сарапталып, талдау
жасалған.
Н.Сәбитовтың меңгерушілік қызметі кезінде ұйымдастырылған экспедициялардың бірі
1950 ж. Мәскеу этнографтары Е.И. Махова мен О.А. Корбенің және аспирант-этнограф
Е.Мукаевтың қатысуымен болды. Экспедиция Семей облысының Абай ауданындағы және
Талдықорған
облысының
«28
гвардиялықтар
атындағы»
ауданның
бірнеше
ұжымшарларында зерттеу жүргізді. Бұл экспедицияның да алдында 1949 ж. экспедицияға
жүктелген міндеттер мен мақсаттар қойылған еді, яғни кӛркейіп ӛскен ұжымшардағы
қазақтар тұрмысы жайында мәліметтер жинау. Сонымен қатар Алматы ауырмашина жасау
және Алматының жанындағы Қарғалы шұға комбинатының жұмысшылары тұрмысына
Достарыңызбен бөлісу: |