Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институтының Әдістемелік Кеңесі ұсынған Ақтӛбе 2011



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет4/41
Дата06.02.2020
өлшемі1,49 Mb.
#28307
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

пайдалануы. Теориялық білімді қайта жасау жолымен жүзеге асырылатын 
актуализация    теориялық  сұрақтарды  практиканттардың  тәжірибесіне 
сүйене  талдағанда  ғана  мүмкін  болады.            Актуализация    студенттердің 
білімді  меңгеру  сапасын  тексеруге,  бекітуге,  нақтылауға,  тереңдетуге 
мүмкіндік  береді.  Студенттердің  білімді  меңгеру  сапасының  деңгейін 
(актуализация)  педагогикалық  практика  алдында  әр  пән  оқытушысы 
диагностика арқылы зерттеуге болады. 
     Педагогикалық  практика  кезінде  студенттердің  психология, 
педагогика,  әдістемеден  білімдерін  синтездеуге  жағдай  жасалады. 
Студент-практикант  дамыту,  тәрбиелеу,  оқыту  үдерістерін  басшылыққа 
ала отырып, аталған пәндерден алған білімдерін синтездейді. Бұл олардың 
педагогикалық  құбылыс  туралы  жан-жақты  мәліметтер  алуларына 
мүмкіндік жасайды. 
               Ғылымның  әр  саласындағы  білімдерді  синтездеу  студенттің 
аналитикалық-синтетикалық 
ойлау 
әрекетінің 
даму 
деңгейімен 
байланысты.        Студенттің  аналитикалық-синтетикалық    ойлау  қызметін 
жетілдіру  мақсатында  педпрактика  барысында  белгілі  бір  практикалық 
міндеттерді  шешудің  жағдайын  жан-жақты  талдайтын  тәсілдер 
қолданылады;  практикалық  тапсырмалардың  оңды,  теріс  жақтарын 
анықтайды;  жетістік  пен  сәтсіздіктердің  себептерін  анықтайды; 
тапсырманы орындау нәтижесін негіздейді. 
      Теориялық  білімді  практикада  қолданумен  қатар  педпрактика  кезінде 
студенттер  ӛздерінің  тәжірибелерін  де  жинақтайды,  яғни  эмпирикалық, 
практикалық  білім  алады.  Олар  әдістемеден,  сабақта  ӛздерін-ӛздері  ұстау 
техникасынан,  оқу-тәрбие  жұмыстарын  ӛткізудің  кейбір  әдістерінен 
тәжірибе алады. 
       Педагогикалық  практика  кезінде  студенттердің  білімнен  тәжірибеге 
ӛтуі  ӛзінен-ӛзі  автоматты  түрде  жүзеге  аспайды.  Арнайы  құралдар  мен 
арнайы 
ұйымдастырылған 
жағдай 
керек. 
Педагогикалық 
білім 
практикалық  әрекеттің,  жағдаяттардың  тіліне  айналдырылу  керек,  яғни 
практикалық  міндетті  шешудің  құралына  айналуы  қажет.  Ол  үшін  түрлі 
жұмыстар  жүргізуге  болады:  1)  теориялық  сұрақты  ӛтіп  болған  соң 
педпрактика  кезінде  студенттер  ӛзбетінше  практикалық  тапсырмалар 
орындап, нәтижесі ұжымдық түрде талданады;  2) теориялық сұрақты ӛтіп 
болған соң мектеп, мұғалім, сынып жетекешісі тәжірибелерімен танысады, 
оларға  ғылыми  негіздемелер  жазады;  3)  теориялық  сұрақ  ӛтіп  болған соң 
мектеп тәжірибесімен танысып, ӛз жұмысының жобасын құрады (жоспар, 
бағдарлама),  содан  соң  имитация  жағдайында  іскерлік  ойын 
ұйымдастырады.  І-ІІ  курстарда  3-нұсқа  қолданылады,  содан  соң  1,  2-
нұсқадағы тапсырмалар беріледі.   
     Педагогикалық 
практика 
үдерісінде 
болашақ 
мұғалімдердің 
жалпыпедагогикалық  білім,  білік,  дағдылар  жүйесін  қалыптастыруда 
педагогикалық практикалардың типтік бағдарламаларын практика алдында 
(1-2  апта  бұрын)  ӛткізілетін  ұйымдастырушы  конференцияда  жан-жақты, 
терең  талдап  алудың  маңызы  зор.  Типтік  бағдарламаны  студент-


практикант,  әдіскер,  педагог,  психолог,  кафедра  меңгерушісі  жетік  білуі 
қажет.  Сондықтан  конференцияда  студенттерді  типтік  бағдарлама 
талаптарымен  таныстырмас  бұрын  түлек  шығарушы  кафедрада  не 
факультетте  оқытушы-профессорлар  құрамымен  арнайы  семинар 
ұйымдастырылып,  әр  практика  ерекшеліктері,  бағдарлама  талаптары 
арнайы  зерттеліп,  сызба  түріндегі  нұсқалардың  салыстырылуы  арқылы 
үздіксіз педагогикалық практикалардың кәсіби тұлғаны қалыптастырудағы 
біртұтастық  сипаты  анықталып  алынғаны  жӛн.  Тӛменде  Ақтӛбе 
мемлекеттік  педагогикалық  институтта  осындай  мақсатпен  ӛткізген 
«Үздіксіз педагогикалық практиканың типтік бағдарламасын жүзеге асыру 
жолындағы мәселелер» атты проблемалық семинардың қысқаша нұсқасын 
ұсынамыз.  
 
             Проблемалық семинар 
                                                 
 
Тақырыбы:    Үздіксіз  педагогикалық  практиканың  типтік  бағдарламасын   
жүзеге асыру жолындағы  проблемалар. 
Мақсаты:        Проблемаларды  шешу  жолын  іздестіріп,  педпрактиканы  
сапалы жүргізудің механизмдерін анықтау. 
Міндеттер: 
Типтік 
бағдарлама 
талаптарын 
зерттеп, 
талдау;                      
педпрактикаға  жауапты  әр  қызметкердің      міндеттерін    нақтылау; 
нәтижесінде бірлескен топтың жұмысына қол жеткізу; келесіде ӛткізілетін 
кафедралардағы семинар-тренингтерге  дайындық үшін ойлар түю.  
Баяндамашы: 
«Институт-мектеп» 
ҒПЗО 
жетекшісі,                            
п.ғ.к.,доцент   А.Кенжеғұлова 
Ассистент:       «Институт-мектеп» ҒПЗО ғылыми қызметкері, 
                     педагогика-психология магистрі  А.Дүйсеғалиева 
Формасы: Топтық (4 топ – факультеттер бойынша) 
Топ  қҧрамы:  Кафедра  меңгерушілері,  пән  оқытушылары,  практика 
жетекшілері, практика бӛлімінің қызметкерлері 
 
 
Жоспар 
1.Проблема қою, оны ой елегінен ӛткізу.  
2.Проблеманы шешу нұсқаларын белгілеу. 


3.Ұсынған шешімдерді қолдаудың аргументтерін іздеу. 
4.Ең дәлелденген шешім нұсқасын таңдау. 
5.Таңдалған шешімді сынау. 
6.Ең сынға тӛзімді шешімді таңдау. 
7.Қорытынды жасау. 
         Алдын  ала  тӛрт  топқа  қажетті  материал  (типтік  бағдарламаның 
сызба-слайд түрінде дайындалған нұсқасы) таратылды.  
 
1.     Үздіксіз педагогикалық практиканың типтік бағдарламасын зерттеу 
мақсатында,  яғни  проблема  қойып,  оны  ой  елегінен  ӛткізу  үшін 
мынадай жетелеуші сұрақтар талданды: 
А.  Студенттердің педпрактикаға қажетті теориялық білімдерінің 
сапалы болуы кімге қатысты? 
-    әр  педпрактика  алдында  студенттердің  қандай  пәндерден  білімдері 
болуы керек?  
-   білім сапасын анықтайтын кім? 
-  студенттердің  педпратиканың  типтік  бағдарламасын  орындауға 
дайындығының деңгейін қалай білесіздер? 
-  оны анықтайтын кім? 
Ә.  Студенттердің педпрактикаға дайындығын кім бақылайды? 
-  қалай бақылайды? 
-  нәтижесінде не кӛруі тиіс? 
 -  студент-практиканттың  ғылыми  зерттеу  жұмысын  жүргізуге 
дайындығы қалай жүру керек? 
-  оқытушының  жүктемесінің  тұрақтылығы  педпрактика  сапасына  әсер 
ете ме? 
- педпрактика жүктемелерін бӛлуде қандай қағидат ұстанған жӛн? 
Б.  Факультет  бойынша  бӛлінген  педпрактика  жетекшісінің 
міндеті не? 
- 
педпрактика 
жетекшісін 
барлық 
курстағы 
педпрактика 
бағдарламаларын  білуге  тиіс,  оны  жүзеге  асыруға  қатысты  маман  деп 
қарайтын болсақ, жоспары қалай құрылуы керек? 
В. Практика мазмҧнының жҥзеге асуы неге байланысты? 
- студент құзыретінің қалыптасу деңгейіне ме? 
- әдіскер жауапкершілігіне ме? 
- педагог, психолог қызметіне ме? 
-  практикаға  дейінгі  және    кейінгі  педагог-психологтің  диагностикасы 
мен әдіскер диагностикасы қалай жүргізіледі? 
Г.  Педпрактика  қорытындысында    типтік  бағдарламаға  сай  
студенттердің  жеке  тҧлғалық  және  топтық  тҧрғыда  қандай 
нәтижеге жеткендіктері қалай талданады? 
-  бұл  туралы  мәліметтер  студенттердің  практика  алдындағы 
конференциясында қалай хабарланады? 


жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау