пікірлер.т.б.
Модуль 10 «Менің кәсіби тапқырлығым»
Тьютор кәсіби тапқырылықтың
белігілерін сипаттайды. Кәсіби
тапқырлықтың сапасын бағалау
критерийлері беріледі.
Студент
ӛзінің
жеке
тапқырлығын мәлімдейді және
сипаттайды. Ӛзін қызықтырған
ақпараттар,
заңдылықтарды
кӛрсетеді.
Модуль 11 «Рефлексивті Мен»
Портфолионың бұл бӛлімінде
ӛзін-ӛзі
анализдеу
парағы,
«Болашақ
әрекетін
болжау»
түрлері кӛрсетіледі.
Студент-практикант
ӛзінің
рефлексиялық әрекетін жүзеге
асырады. Жұмыс нәтижесінің
сапасына, пән мұғалімнің және
класс
жетекшісінің
жұмыс
нәтижесінің
сапасына
аналитикалық
анықтама
толтырады, қысқаша шығарма
жазады. Кесте түрінде ӛз
әрекетін үш бағытта баяндайды:
оқу, тәрбие, зерттеу әрекеті.
Модуль «Ғeedback»
Тьютор
практикантқа
портфолиомен жұмыс жасауды
бағдарлайды,
Студент портфолиомен жұмыс
жасауға қатысты кӛзқарасы мен
пікірін баяндайды.
ПИТ-ті бағалау қызметінің механизмі тӛмендегідей белгіленеді.
- тек портфолиомен жұмыс жасау үдерісі мен жұмыс жүргізушінің іс-әрекеті
(сапалық, сандық) бағаланады;
- берілген критерийге сәйкес портфолионың жеке бӛліктері бағаланады;
- алдын-ала талапқа сәйкес портфолионың нақты нұсқасы бағаланады;
- тек портфолионың ӛзі ғана емес, оны қорғау мен баяндаудың сапасы
бағаланады;
ПИТ бойынша мынадай сапалық критерийлер қарастыру қажет:
- қорытынды шығару;
- портфолионы жобалауда
зерттеу әдістерін қолдану;
- құжатты кӛрсетудің стилі;
- еркін формада шығармашылықпен біріктірілген ғылыми проза жазу ;
- мазмұнның тұлғаға бағдарлануы;
- портфолионың студент үшін қажеттілігінің талдануы;
- құжаттарды рәсімдеу сапасы;
Студент портфолиосын бағалауда «қайтарым байланысы», яғни
тьютордың нұсқауымен практиканттың тапсырманы орындау нәтижесі
ескерілуі тиіс.
Бағалау нәтижесі тӛмендегідей жалпы сипаттаушы пункттерден тұрады:
1. Артықшылығы. Кемшіліктері. Сұрақтар. Ұсыныстар.
2. Артықшылығы. Кемшілікті жоюға сұраныс білдіру. Сұрақтар.
3. Артықшылығы. Маңызы. Кемшіліктер. Кеңес беру. Сұрақтар.
Қорытынды.
Педагогикалық
практиканы
портфолио
арқылы
дидактикалық
қамтамасыз етудің екі түрі: «оқыту-үйрету» (обучение изучение) жүзеге
асады, яғни студенттердің ақпараттануларына мүмкіндік жасалады.
Авторлық тәжірибе портфолиомен жұмыс жүргізу нәтижесінде мынадай
қорытындыға келді: педагогикалық тәжірибеден ӛту кезеңінде студенттің
кәсіби дайындығы сапалық жағынан дамиды; кәсіби-бағдарлық жүйе
бойынша портфолио дайындауда практикант шынайы педагогикалық
әрекетке шығармашылық тұрғыдан дайын болады.
1.5 Педагогикалық практика бойынша комитет: сапаны басқару мен
бақылау
(Ӛз тәжірибемізден: практика бойынша комитет не берді?)
Жоғары оқу орнындағы білім сапасы оның дайындаған педагогтарымен
айқындалатындығы «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» «Педагог
мәртебесі» бағытында кӛрсетілген. Бұл мемлекеттік бағдарлама біздің
алдымызға қай құрылымда болмасын «Дайындап жатқан педагогтарымыздың
сапасы қандай, сапаға қол жеткізудің жолдарын ойластырдық па, сапаны
қалай басқаруға болады?» деген сұрақты кӛлденең тартады.
Сонымен «сапаны басқару» ұғымына тоқталмастан бұрын
басқару
дегеніміз не? деген сұрақ бойынша ойлансақ.
Менеджмент ілімін зерттеуші шетелдік ғалымдар басқару қызметінің
орталық назарына адамдарды қояды. Ал қазақстандық ғалым Н.А.Лебедева
ӛзінің «Білім берудегі менеджмент» деген еңбегінде «біздің социалистік
кезеңдегі отандық ғалымдар мекемені құрайтын адамдарды басқару
қызметінің ортасына қоймаған» дей келіп, зерттеу кезіндегі «Кімді немесе
немен басқарасың?» деген сұраққа білім беру салаларының мамандарының
басым бӛлігі жауап бере алмағандығымен дәлелдейді. Олар кӛбіне «оқудың
барысын басқарам», «қаражатты басқарам», «бақылауды басқарам» т.б. деп
жауап берген.
Ғалым «адамдарсыз мекеме жоқ» дей келе, кӛпшілік ғалымдардың
мекемені басқаруға қажетті ең маңызды үш әдісті ұсынатынын атайды. Олар:
1. Басқаруды мекеменің ішінде болып жатқан даму кӛзқарасымен
қарау.
2. Басқаруды
мекемелердің сыртқы ортамен ӛзара әрекеті
бағытында қарау.
3. Басқаруды осы жұмысты жүзеге асыратын даму ретінде қарау.
Егер басқару мәселесін мекеменің ішіндегі кез келген құрылым
деңгейінде қарайтын болсақ та, осы әдістер маңыздылығын жоймайды.
Мысалы, біз сӛз етіп отырған педагогикалық практиканы басқаруда,