109
Қосымша
2 .6 . Меймандос отбасы бірнеше жетім баланы, ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге ала алады, бірақ
ағалы және апалыны санамағанда бас баладан артық емес;
2 .7 . Баланың (балалардың) меймандос отбасында уақытша болу
мерзімі 1 айдан артпауы керек . Баланың (балалардың) меймандос
отбасында уақытша болу мерзімі қорғаншылық және қамқоршылық
органдарының жазбаша келісімімен ұзартылуы мүмкін, және соған
қарамастан баланың (балалардың) азаматтың отбасында уақытша
болу мерзімі 3 айдан аспауы керек . Баланың меймандос отбасында
болу ұзақтығы, кезеңі және нақты мерзімдері балалардың оқу, емделі
және қалпына келу процесстерінің үздіксіздігін ескере отырып, мей-
мандос тәрбиелеуші келісімі бойынша ИТБМ анықталады;
2 .8 . Баланың (балалардың) меймандос отбасына берілу мүмкін
болатын жас нақты баланың (балалар) қажетілігі мен мүдделерінен
шыға отырып, ИТБМ анықталады .
3. Баланы меймандос отбасына уақытша беруді жүзеге асы-
ру тәртібі
3 .1 . 1 кезең – меймандос тәрбиелеуші қажетті құжаттар тізімін алу
үшін тұрғылықты орны бойынша қорғаншылық және қамқоршылық ор-
ганына немесе жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалған балалар тұратын ИТБМ жүгінеді;
3 .2 . 2 кезең – меймандос тәрбиелеуші қажетті құжаттарды
жинақтауды жүзеге асырады .
Құжаттар тізімі:
1) баланы (балаларды) өз отбасына алу ынтасы туралы өтініш
(еркін түрде);
2) жеке куәлік немесе жеке басты куәландыратын басқа құжаттың
көшірмесі (түпнұсқаны көрсету арқылы);
3) азаматтардың өміріне және денсаулығына қарсы ойластырылған
қылмыс жасағаны үшін сотталудың азаматта жоқтығы туралы рас-
тайтын анықтама;
4) тұрғылықты орны бойынша оң сипаттаманы растайтын ішкі
істер органдарының анықтамасы;
5) бала уақытша тұратын тұрғын үй-жайға азаматтың меншік
құқығын немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
110
6) табыстар туралы анықтамалар;
7) денсаулық жағдайы туралы анықтама;
8) баланы алуға отбасы мүшелерінің келісімі;
9) егер азамат басқа аймақта тұратын болса, қорғаншылық пен
қамқоршылық органдарының қорытындысы және тұрғын-тұрмыстық
жағайын тексеру актісі .
3 .3 . Меймандос тәрбиелеуші балалар тәрбиесіндегі қажетті
білім мен дағдылардың бар екендігі туралы растайтын басқа да
құжаттарды ұсынуға, сонымен қатар білімі, кәсіби қызметі, асырап
алушы және меймандос отбасы тәрбиелеушілері үміткерлеріне
дайындық бағдарламасын өті туралы құжаттарды ұсынуға құқылы .
3 .4 . Ұсынылған құжаттар негізінде қорғаншылық және
қамқоршылық органдарымен меймандос тәрбиелеуші отбасына ба-
ланы (балаларды) уақытша беру мүмкіндігі туралы қорытынды дай-
ындалады .
4. Баланы меймандос отбасына уақытша беруді жүзеге асы-
ру тәртібі
4 .3 . Баланы (балаларды) өз отбасына уақытша қабылдауға
ықылас білдірген меймандос тәрбиелеуші жетім балалар мен
ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын ИТБМ
баланы (балаларды) отбасына уақытша беру мүмкіндігі туралы
қорғаншылық пен қамқоршылық органдарының қорытындысын, со-
нымен қатар Стандарттың 2 .2 тармағында көрсетілген тізілім бойын-
ша құжаттарды ұсынады;
4 .4 . ИТБМ Стандарттың 2 .2 тармағына сәйкес меймандос
тәрбиелеушімен ұсынылған құжаттардың негізінде:
1) меймандос тәрбиелеушінің өтінішін тіркеуді жүзеге асырады;
2) меймандос тәрбиелеушіге оның отбасына уақытша беріле
алатын балалар туралы ақпарат береді және баланы (балаларды)
таңдауда көмек көрсетеді;
3) баламен (балалармен) меймандос тәрбиелеушінің танысуын
және алғашқы байланысын қамтамасыз етеді .
4 .5 . Баланы (балаларды) меймандос тәрбиелеушіге уақытша
беру туралы шешімді келесі міндеттерді ескере отырып, ИТБМ ди-
ректоры қабылдайды:
1) Меймандос тәрбиелеуші, оның отбасы мүшелері және бала
арасында туысқандық қатынастардың болуы (ата-аналық құқығынан
111
Қосымша
айырылған немесе ата-аналық құқығынан шектелген ата-аналар
және туыстар бірге немесе жеке тұрады, ата-аналардың (ата-ананың)
баламен араласуға құқықтары бар ма);
2) бала (балалар) мен меймандос тәрбиелеуші (оның отбасы
мүшелері) арасындағы қалыптасқан өзара қарым-қатынас (баладан
сұрастыру хаттамасы рәсімделеді);
3) меймандос тәрбиелеушінің баламен (балалармен) арала-
су тәжірибесі немесе меймандос тәрбиелеушінің отбасына басқа
балалардың уақытша орналастырылу тәжірибесі;
4 .6 . Баланы (балаларды) меймандос тәрбиелеушінің отбасына
беруге келесі жағдайларда жол берілмейді:
1) бұл бала қалауына қайшылық етелі немесе баланың өмірі
мен денсаулығына, оның физикалық және рухани дамуына қауіп
туғызады, әлде заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарын
бұзады;
2) бала (балалар) уақытша берілетін отбасында меймандос
тәрбиелеушімен осы баланың (балалардың) ата-аналық құқығынан
айырылған немесе ата-аналық құқығынан шектелген ата-аналары
бірге тұрып жату фактісі анықталса (тек Қазақстан Республикасының
заңнамасымен орнатылған тәртіпте ата-аналық құқықтары сотпен
шектелген ата-аналарға баламен қатынау рұқсат етілген жағдайлар
болмаса);
4 .7 . Баланы (балаларды) меймандос тәрбиелеуші отбасына
уақытша беру немесе мұндау беруден бас тарту шешімі ИТБМ бас-
шысымен осы Стандарттың 3 .3 . және 3 .4 . тармақтарында көрсетілген
міндеттерді ескере отырып, осы Стандарттың 3 .1 . тармағымен
қарастырылған құжаттарды азамат ұсынған күннен бастап, 7 күн
аралығында қабылданады;
4 .8 . Баланы (балаларды) меймандос тәрбиелеуші отбасы-
на уақытша беру туралы шешім ИТБМ директорының бұйрығын
түрінде рәсімделеді, оның түпнұсқасымен меймандос тәрбиелеуші
қол қою арқылы танысуы керек . Баланы (балаларды) меймандос
тәрбиелеуші отбасына уақытша беру туралы бұйрықтың түпнұсқасы
ИТБМ сақталады;
4 .9 . Баланы (балаларды) меймандос тәрбиелеуші отбасына
уақытша беру туралы ИТБМ директорымен куәландырылған бұйрық
көшірмесі баланың жеке ісіне кіргізіледі және баланың меймандос
тәрбиелеуші отбасына уақытшаболу орны бойынша қорғаншылық
пен қамқоршылық органына жіберіледі;
Достарыңызбен бөлісу: |