Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 1,43 Mb.
Pdf просмотр
бет39/47
Дата01.02.2020
өлшемі1,43 Mb.
#27935
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47

115
Қосымша
6)  Баланың (балалардың) орналасқан орны ауысқан жағдайда 
қорғаншылық пен қамқоршылық органдарының, ИТБМ басшысының 
жазбаша келісімін алу; 
7)  Балаға (балаларға) ИТБМ қызметкерлері немесе меймандос 
отбасында уақытша болу орны бойынша немесе ИТБМ орналасқан 
орны бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық органдарымен және 
ИТБМ байланысу мүмкіндігін беру керек;
8)  Отбасында  уақытша  болудың  орнатылған  мерзімі  
аяқталысымен баланы (балаларды) бірден ИТБМ қайтару;
9)  Баланың  (балалардың)  өмірі  және  (немесе)  денсаулығына 
қауіп туғызатын жағдайлар туындау туралы, сонымен қатар, баланың 
(балалардың) сырқаттары, зақым алу, ішкі істер органдарының сәйкес 
бөлімшелеріне  немесе  жедел  медициналық  көмек  көрсету  үшін 
медициналық ұйымдарға орналастырылуы туралы қорғаншылық пен 
қамқоршылық органдарын, ИТБМ 1 күн ішінде хабардар ету керек;
10)  Баланы (балаларды) қандай да бір діни, саяси, идеологиялық 
бағыттарға/қозғалыстарға  тартпау,  оның  сексуалдық  бағдарына 
әсер етпеу, балаға (балалар) осы тармақта анықталған қалауларын 
көрсетпеу керек . Тәрбиеленушіні құқықтық қарсы қызметке тартпау;
11)  ИТБМ болу күні/ережесінің кестесі мен жұмыс тәртібін ұстану; 
баланы  (балаларды)  ИТБМ  болу  күні/ережесінің  кестесін  бұзуға 
итермелейтін әрекеттер/әрекетсіздіктерді жасамау .


116
2-Қосымша
Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  асырап  алушы  отбасы-
ларына жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға 
арналған ұйымдардағы баланы (балаларды) беру 
Стандартының Жобасы
1. Негізгі түсініктер
1 .1 .  Ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған  бала  (балалар)  –  ата-анасының 
ата-аналық құқығы шектелуіне немесе ата-ана құқығынан айырылуына, ха-
барсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болды деп жариялануына, қабілетсіз 
немесе қабілеті шектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орын-
дарында жазасын өтеуіне, баланы тәрбиелеуден бас тартуына немесе оның 
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудан жалтаруына, соның ішінде ба-
ланы  тәрбиелейтін  немесе  медициналық  ұйымнан  алудан  бас  тартуына 
байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқорлығы болмайтын басқа жағдайларға 
байланысты  жалғыз  қамқоршысынан  немесе  ата-анасының  екеуінен  де 
айырылған  және Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған 
құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына мұқтаж бала;
1 .2 .    Білім  беру  ұйымы    –  ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған  балалар 
тәрбиеленетін, интернат типіндегі балалар мекемесі;
1 .3 .    Тәрбиеленуші  –  ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған,  білім  беру 
ұйымында тәрбиеленіп жатқан бала (балалар);
1 .4 .  Асырап алушы отбасы – жетім және/немесе ата-ана қамқорлығынсыз 
қалған,  білім  беру  ұйымының  есебінен  қаржыландырылатын,  білім  беру 
ұйымында тұратын балаларды тәрбиелеуге қабылдаған отбасы .
2. Негізгі ережелер
2 .1 .  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының  асырап  алушы  отба-
сыларына  жетім  балалар  мен  ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға 
арналған  ұйымдардағы  баланы  (балаларды)  беру  Стандарты  Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясына, 
Қазақстан 
Республикасының 
«Неке  (ерлі-зайыптылық)  және  отбасы  туралы»  кодексіне,  Қазақстан 
Республикасының  «Білім  беру  туралы»,  «Қазақстан  Республикасындағы 
бала құқықтары туралы» заңдарына, басқа нормативтік құқықтық актілерге 
сәйкес әзірленді;
2 .2 .  Асырап алушы отбасының негізгі міндеттері жетім балалар мен ата-
ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін отбасы жағдайында тәрбие алуға, 
оқуға, сауығуы мен өз бетінше өмір сүруге үйрету үшін қолайлы жағдай жасау 
болып табылады;


117
Қосымша
2 .3 .  Асырап  алушы  отбасына  жетім  балалар  мен  ата-анасының 
қамқорлығынсыз  қалған  балалар  асырап  алушы  ата-ана  мен  жетім  бала-
лар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар болған білім беру ұйымының 
арасында жасалған, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған ба-
лаларды асырап алушы отбасына беру келісімшартына сәйкес, сондай-ақ 
жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың орналасқан 
жері  бойынша  қорғаншылық  және  қамқоршылық  бойынша  функцияларды 
жүзеге асыратын орган шешімінің негізінде беріледі;
2 .4 .  Балаларды  тәрбиелеу  және  қамтамасыз  ету  шарттары  туралы 
Келісімшарт  (№1  қосымша)  білім  беру  ұйымы,  жергілікті  атқарушы  және 
бөлуші орган (әрі қарай қорғаншылық және қамқоршылық органы) мен асы-
рап алушы ата-аналардың бірінің арасында жасалады;
2 .5 .  Еңбек  келісімшарты  білім  беру  ұйымы  мен  асырап  алушы  ата-
аналардың бірімен балаларды тәрбиелеу және қамтамасыз ету шарттары 
туралы келісімшарттың қолданылу мерзіміне жасалады;
2 .6 .  Асырап  алушы  отбасына  берілетін  балалар  саны  төртеуден  кем 
болмауы және оннан аспауы тиіс және оларды беру кезегін білім беру ұйымы 
қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімі бойынша анықтайды;
2 .7 .  Асырап  алушы  отбасына  берілген  әр  баланың  құқықтары  мен 
заңды  мүдделерін  қорғау  мақсатында  білім  беру  ұйымдарында  құрылған 
және қорғаншылық және қамқоршылық органдары өкілеттік берген арнайы 
қызметтер  асырап  алушы  отбасыларға  әлеуметтік,  педагогикалық  және 
психологиялық көмек көрсетеді;
2 .8 .  Қорғаншылық  және  қамқоршылық  органдары  мен  білім  беру 
ұйымдары  өздері  өкілеттендірген  қызметтер  арқылы  тәрбиеленушілерді 
тәрбиелеу,  қамтамасыз  ету  және  білім  беру  жағдайларын  бақылайды, 
бақылау  мерзімділігі  мен  формасын  анықтайды,  тәрбиелеуші-ата-аналар 
жұмысының тиімділігін талдайды, сондай-ақ тәрбиеленушілердің құқықтары 
мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді;
2 .9 .  Тәрбиеленушіні  тәрбиелеу,  қамтамасыз  ету  жағдайларын  және 
олардың  асырап  алушы  отбасыларда  білім  алу  жағдайларына  бақылау 
жүргізіледі:
- тәрбиеленушінің асырап алушы отбасында болған алғашқы үш айында 
– аптасына кемі бір мәрте;
- алғашқы үш айдан кейін бір жылға дейін  – айына кемі бір мәрте;
- екінші және одан кейінгі жылдары -  тоқсанына кемі бір мәрте .


жүктеу 1,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау