93
Отбасын қолдау қызметінің дәстүрлі
балалар үйінен негізгі айырмашылықтары
Негізгі факторлар
Әдеттегі балалар үйі Жаңа форма – Отба-
сын қолдау орталығы
(қызметі)
Негізгі мақсат
Тәрбиелеу ортасын
ұйымдастыру
Жеке оңалту, бала
проблемаларын шешу
және осы негізде
қоғамға бейімдеу
Стратегиялық
міндеттер
Қалыпты топтық өзара
қарым-қатынасты
және бірге өмір сүру
жағдайын жасау
Жеке-психологиялық
мәселелерін шешу,
бұл әр баламен жеке
жұмыс жасауды және
бала құқықтарын
қорғау бойынша
жұмыстардың барлық
кезеңінде қолдауды
қарастырады
Өмірді ұйымдастыру
формасы
Топтық, стационар
жағдайында
Балалардың жеке
ерекшеліктері
мен қажеттіліктері
ескеріліп патронаттық
отбасыларға беріледі
(немесе асырап
алушы, қамқоршы
отбасыларға беріледі)
Өзара қарым-
қатынас формасы
Топтық процестердің
жеке процестерден
басымдығымен сипат-
талады
Жеке қарым-қатынас
топтық қарым-
қатынастан басым
Өткен және қазіргі
жағдаймен
Әдеттегі балалар
үйіне орналастырған
жағдайда отбасын
жоғалту фактісін
қабылдау қажеттігіне
әкеледі
Туған отбасына бауыр
басуы, дөрекі қарым-
қатынас салдарымен
жұмыс жүргізіледі,
үйіне қайтару мүмкін
болмаған жағдайда
психологиялық-
терапевтік көмек
көрсетіледі, қайтару
мүмкін болмаған
жағдайда туған
ата-анасына
психологиялық-
әлеуметтік көмек
көрсетіледі
94
Болашақ баламен
жұмыс істеу
Жеке тұру қабілетін
қалыптастыру
Жаңа бағыттарға
бейімдеу (кез-келген
жағдайда кәсіби
бағыттау мәселесі)
Негізгі шешілетін
мәселелер
Мінез-құлық және
оқыту мәселелері
Туған отбасынан
ажыраған баланың
тұлғалық пробле-
малары, әлеуметтік
біліксіздік, жаңа
отбасына бейімделу
қиындықтары, мек-
тепке үйренбеушілікті
жеңу, оқытудың жеке
бағдарламасын таңдау
және жалпы мектепте
оқыған кезде жақсы
оқуын қамтамасыз ету,
денсаулығын қалпына
келтіру
Әлеуметтік-құқықтық
қызмет жұмысы
Баланың жеке ісіндегі
құжаттарды жинау
Баланы зерттеу,
мониторинг жүргізу
және заңдық және
әлеуметтік тұрғыдан
қолдау бойынша
жұмыстар жүргізу .
Баланың туған от-
басымен жүргізілетін
жұмысқа ерекше
көңіл бөлінеді (ба-
ланы өз отбасынан
ажыратудың алдын
алатын, отбасымен
және баламен жұмыс
істейтін, сондай-ақ
баланы үйіне қайтару
мақсатында отбасы-
ны өзгерту бойынша
бағытты жұмыстарды
жүргізетін әлеуметтік
патронат қызметі)
Әлеуметтік педагог
жұмысы
Тәрбиеленушілердің
жеке істерін жүргізу
Баламен және оның
отбасымен барлық
жұмыс істеу кезеңінде
тексеріс жүргізу бой-
ынша қамқоршылық
органымен бірге
жұмыс істейді . Ба-
ланы отбасына
орналастырғаннан
кейін мұндай
әлеуметтік қызмет
баланы осындай от-
басында бақылайды,
оның дамуы мен
оқуын қамтамасыз
етеді
Балаларды
отбасыларға беру
бойынша жұмыстар
Стихиялық түрде
өтеді, бірақ балалар
формальдық негіздер
бойынша таныс
емес, зерттелмеген
адамдарға беріледі
Асырап алушы
(патронаттық) от-
басыларды тарту,
дайындау, іріктеу
және қолдау бойынша
жетілдірілген жұмыс
технологиясы бар
қызмет жұмыс істейді
96
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан
Республикасының
Президенті,
Ұлт
көшбасшысы
Н .Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа Жолдауына сүйенер
болсақ, ХХІ ғасырда негізгі даму факторы -қоғамның барлық саласының
үздіксіз жаңғыруы болып табылады . Қазақстанда барлық мемлекеттік,
қоғамдық және жеке институттарды Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамының
принциптеріне, жоғары әлеуметтік жауапкершілікке, халықтың әлсіз топтары-
на бағытты көмек көрсетуге масштабты түрде қайта құрылымдау бойынша
жұмыстар жүргізілуде .
ҚР Президенті: «Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдығы - адам
капиталының дамуына салынған көлемді инвестициялар болуы керек» - де-
ген болатын . Осы орайда балаларды сүйіспеншілік пен жарасымдылықта
өмір сүріп, тәрбие алуына мүмкіндік беретін салауатты әрі іргесі берік от-
басын құруға бағытталған мемлекеттің әлеуметтік саясатын дамыту арқылы
адам капиталына салынып жатқан инвестицияны қарастыру өте маңызды .
Себебі салауатты, іргесі берік, тату, материалдық жағдайы жақсы отбасы –
ең жоғары құндылық әрі мемлекеттің іргетасы . Ол бала мен ересек адамға
сүйіспеншілік, қамқорлық, сенімділік, бауыр басу сезімдерін сезінуге мүмкіндік
беріп, буын арасындағы байланысты қамтамасыз етеді .
Бұл мәнмәтіндегі өзекті мәселе жетім балалар мен ата-ана
қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың институтсыздандыру саясаты
мен отбасылық тәрбие формаларын дамыту болып табылады . Бұл жетім ба-
лаларды әлеуметтендіру, бейімдеу, оңалту және социумға біріктіру, олардың
девиациясы мен қылмысқа араласуының алдын алу мәселелерін сәтті әрі
тиімді түрде шешуге мүмкіндік береді .
Қазір мемлекет бойынша жұмыс істеп тұрған интернат мекемелерін
ресми түрде де, іс жүзінде де қайта ұйымдастыруға бағытталған проце-
стер жүргізіліп жатқаны кездейсоқ емес, біз жетім балаларды әлеуметтік
қорғаудың баламалы жүйелерін дамыту процесіндеміз . ҚР БҒМ Балалар
құқығын қорғау комитеті мен аймақтық қорғаншылық және қамқоршылық ор-
гандары институтсыздандыру және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу страте-
гиясын жүзеге асыруда . Бала тәрбиесінде институционалдық тәсілден бас
тарту баланы тәрбиелеу үшін алуға дайын отбасыларды ұлттық масштабта
Достарыңызбен бөлісу: |