Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 1,43 Mb.
Pdf просмотр
бет20/47
Дата01.02.2020
өлшемі1,43 Mb.
#27935
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47

57
Зерттеу мақсаты: Қазақстан Республикасында тұратын асырап алушы 
және  меймандос  отбасыларының  тәжірибесін  зерттеу  және  әлеуметтік-
экономикалық қиындықтарын анықтау .
Зерттеу объектісі: Алматы, Астана, Қарағанды жәнеТараз ққ .
Сұхбат  алынғандардың  жалпы  саны:  86  адам  –  алмастырушы 
отбасыларының  өкілдері  (53  асырап  алушы  отбасы  (бала  асырап  алған, 
қорғаншылық, патронат, отбасылық типтегі балалар үйі; 33 меймандос от-
басылар); 8 сарапшылар – қорғаныштық органдарының, ИТБМ және ҒЖҰ 
өкілдері . 
Зерттеу жүргізу кезеңі: 2015 ж . қараша
1 .  Сұхбаттық  сұраныс  сараптамасы  Қазақстанда  кеңінен  тарағаны 
қорғаншылық  пен  қамқоршылық  (Алматы,  Қарағанды),  содан  соң 
патронаттық  тәрбиелеу  (Астана)  екендігін  көрсетті .  Асырап  алу-
шылар  әлікүнге  дейін  асырап  алу  құпиялылығын  сақтауға  тырыса-
ды .  Сарапшылардың  ойынша  асырап  алушылық  әсіресе  жаңа  туған 
нәрестелер  мен  5  жасқа  дейінгі  балаларға  қатысты  қолданылады . 
Қорғаншылық пен патронатқа 7-ден 17 жасқа дейінге түседі . Мейман-
дос отбасылар негізінен жасөспірімдік жастағы (13-17 жас) балаларды 
қолдау үшін қолданылады . Тараз қаласында Отбасылық типтегі бала-
лар үйі (бұдан әрі-ОТБҮ) формасы кеңінен тараған . Меймандос отбасы 
мүлдем қолданбайды десе де болады .
2 .  Асырап  алушы  отбасыларының/тәрбиелеушілердің  өз  отбасыларына 
балаларды алу себептерінің ішіндегі негізгілері келесілер: 
•  асырап алушы отбасыларында негізінен туысқандардың балалары, олар 
қандайда бір себептермен өз балаларын асырай алмайды/асырағылары 
келмейді;
•  медициналық себептермен отбасында өз балалары болмайды;
•  ОТБҮ өкілдері себептердің арасында келесілерді атайды: «жақсы іс жа-
сауды шешті» және сонымен қатар «үлкен отбасылы болғылары келеді»;
3-тарау 
АЛМАСТЫРУШЫ ОТБАСЫЛАРЫНЫҢ БАР 
ФОРМАЛАРЫНА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ 
САРАПТАМА


58
•  меймандос отбасылар негізінен «жақсы іс жасағылары келеді»;
•  себептердің арасында азырақ деңгейде айтылатындары: «бала үшін ана 
болғын  келеді»;  «ұлды  болғымыз  келеді»  (егер  отбасында  тек  қыздар 
болса); «балаларды жақсы көремін»; «жалғыздықтан шаршадым» .
3 .  Зерттеуге қатысқан отбасыларының арасында негізінен әртүрлі жастағы 
өздерінің балалары бар толық отбасылар, екінші орында балалары бар 
жалғыз/айырылысқан әйелдер . Сұхбат берушілердің жастары 25-тен 45 
аралығында, Тараз қаласында ОТБҮ өкілдерінің арасында 50 жас және 
одан  үлкен  өтелімімен  отбасылар/ата-аналар  кездеседі .  Меймандос 
тәрбиелеушілер  арасында  жастары  негізінен  25  -тен  40  аралығында . 
Асырап  алушы  ата-аналардың  білімдері  негізінен  жоғары,  бірнеше 
адам ғана орта мамандандырылған білімдері бар .
4 .  Асыранды/меймандос  отбасыларын  ресімдеу  рәсіміне  қатысты 
сұраққа көпшілік сұхбат берушілер әлеуетті асырап алушы ата-аналар 
үшін  толық  және  қолжетімді  ақпараттың  болуы  керектігін  айтты,  бірақ 
олардың ақпаратқа қолжетімділік тәжірибелері бойынша, ойлары екіге 
бөлінді: 50% ақпарат қолжетімді болды деп жауап берді, ал 50% олай 
емес  деді .  Көптеген  сұхбат  берушілер  оларға  қорғаныштық  органдар 
көмектескендігін растады және 70%- асыранды баланы отбасына алу 
ешқандай қиындық туғызбады деді .
5 .  Асырап алушы ата-аналар тап болған қиындықтар/күрделі мәселелердің 
арасында негізінен тұрғын үй-тұрмыстық және материалдық қиындықтар 
аталды .  Екінші  орында  –  баланың  жаңа  отбасында  бейімделі 
қиындықтары .  Меймандос  тәрбиелеушілер  негізінен  психологиялық 
қиындықтарды  атайды:  тәрбиелеуші  ретіндегі  өзінің  біліктіліктеріне 
қатысты қобалжулар мен қорқыныш, баланың бұрынғы өмірі, мінезі мен 
әдеттері бойынша қорқыныш және т .б .
ОТБҮ өкілдері күрделі мәселелердің арасында негізінен материалдықта 
атады .  Сонымен  қатар  Тараз  қаласының  сұхбат  берушілері  қорғағыш 
органдарының көмегін, қиындықтар/күрделі мәселелерді бағалауда және 
т .б . өте ұстамды болғандығын айта кеткен жөн . Мүмкін бұл сұхбат кезінде 
бақылаушы ретінде қаланың білім басқармасының өкілі болғандығынан 
болар .  Сонымен қатар дәстүрлі қала мен облыстың қорғағыш органда-
ры аймақтың барлық асыраушы отбасыларымен жақсы қарым-қатынас 
пен үлкен тәжірибеге ие, осылайша асырап алушы отбасы институтын 
дамыта отырып, оларға жан-жақты көмек көрсетуге тырысатындықтары 
да болуы мүмкін . Осы аймақта Отбасылық типтегі балалар үйі тәрізді 
форманың  көптеген  жылдар  бойын  дамуы  және  осында  асырап  алу-
шы ата-ананың үлкен тәжірибесі мен көпжылдық өтілімі бар осындай 12 
отбасының болу фактісі барлығын түсіндіреді . 


59
3-тарау. Әлеуметтік-экономикалық сараптама
6 .  Асыранды  баланы  отбасына  алу  шешіміне  жақын  қоршаған  орта-
лары  мен  отбасы  мүшелерінің  қарым-қатынасына  қатысты  барлық 
сұралған  отбасылар  негізінен  позитивті  және  оң  тәжірибе  ие .  Ерлі-
зайыптылардың арасындағы қарым-қатынас кем дегенде бұрынғыдай 
қалған,  ал  сұхбат  берушілердің  жартысында  жақсы  жаққа  өзгерген; 
сонымен  қатар  туған  балаларының  асыранды  балаға  деген  қарым-
қатынастары да жақсы жаққа өзгерген . Асыранды баланы отбасына алу 
шешіміне қатысты қоршаған ортаның ойы 50 – 50 бөлінді: қолдады не-
месе бейтарап жағдайды ұстанды, тек санаулылары ғана осы шешімге 
қарсы болды . Бұл факт қазақстандық қоғамның асырап алушы отбасы 
мен  жетім  балалар  институтына  қатысты  көзқарастары  жақсы  жаққа 
өзгеріп жатқандығын көрсетеді . 
7 .  Сіздің  асырап  алған  балаңызда  мектепте  (балабақшада)  өзінің 
қатарластарымен  қиындықтар  туындайды  ма,  туындаса  қандай  деген 
сұраққа негізінен теріс жауаптар алынды және 30% кей кезде тартыстық 
жағдайлар туындайды, оның себебі «баланы сыныпта қабылдамайды», 
«мектепте жаңа оқушы» ретінде хабарландырылды .
8 .  Барлық  дерлік  асырап  алушы  ата-аналар  өздерінің  балаларын 
әрдайым/жиі  мақтап  тұрады,  олардың  дамуына  және  мектептен  тыс 
уақыттарын өткізуіне көңіл бөледі . Балалар әлтүрлі үйірмелерге (сурет 
салы, ән айту, билеу, музыкалық мектепке) қатысады, спортпен айна-
лысады, кітап оқиды . Кейбір ата-аналар балаларының теледидар мен 
компьютерлік  ойындардан  басқа,  ештенеге  қызықпағандығымен,  со-
нымен  қатар  мектептегі  сабақтардың  кесірінен  басқа  ештенеге  уақыт 
жетпейтіндігімен  қиындықтар  болғандығын  айтады .  Меймандос  отба-
сылар  оқуға  деген  және  басқа  да  танымдық  әрекет  түрлеріне  төмен 
анталық деңгейге тап болады . 
9 .  Баланы/балаларды  тәрбиелеу  барысындағы  қиындықтар  туралы 
сұрақтарға  негізінен  келесілері  аталды:  «бала  тыңдамайды»,  «бала 
өтірік  айтуы  мүмкін»,  «мектептегі  қиындықтар  (үлгермеушілік)» .  Кей 
кезде    ата-аналар  үлкендерге  сыйластықтың  болмауы  және  құқық 
бұзушылықтарға  (ұрлау  төбелес  және  т .б .)  тап  болады .  Сұхбат 
берушілердің  басыңқы  көпшілігі  баланың  зиянды  әдеттерінің  бар 
жоқтығына  теріс  жауап  берді,  тек  2  адам  ғана  баланың  темекі 
тартатындығын және 1 баланың спирттік ішімдіктерді қолдануы мүмкін 
деп  қобалжулы  екендігін  айтты .  Соған  қарамастан  тек  4  адам  ғана 
«Сізде баладан бас тарту туралы ой болды ма» деген сұраққа «кей-
де»  баланың  нашар  тәрбиеленуімен  және  баламен  келіспеушіліктер 
немесе  денсаулығымен  қиындықтар  салдарынан  деп  жауап  берді . 
Қалғандарының барлығы бұл сұраққа теріс жауап берді .


жүктеу 1,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау