184
6) В рамках отобранных речевых интенций осуществляется активизация иноязычной
речевой деятельности в форме диалога.
Использованная литература:
1. Булатбаева К.Н., Ғ.С.Сыздықова, Длимбетова Г.К., Қ.О.Шайхеслямова, М.Б.Исаханов. Экология и
устойчивое развитие. Методическое руководство для учителей. -Алматы: Эксклюзив, 2014 – 35 с.
2. Булатбаева К.Н. Функционально-коммуникативное описание языковой системы в лингводидакти-
ческих целях // Современные направления лингвистической науки. Колл. монограф. / Бижкенова А.Е. и
др.- Астана: ЕНУ, 2015.- 360с.// С.73-126 ISBN 301-299978-601—5
ӘӨЖ 37.035.6:372.8:574
ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ
САБАҚТАСТЫҒЫ
Мусина Ерке Саясатовна
6М011300 «Биология» мамандығының магистранты
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қ.
erke_musina@mail.ru
Аннотация: В данной статье рассматриваются проблемы формирования
ответствеенности, отношения к природе, экологических взглядов молодого поколения в
процессе непрерывного экологического образования и воспитания.
Ключевые
слова:
Непрерывное
образование,
экологическое
образование,
экологическое воспитание.
Summary: this article examines the problems of the formation of responsibility, attitude to
nature, ecological views of the younger generation in the process of continuous environmental
education and upbringing.
Key words: continuous education,
environmental education, environmental education.
«Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздігін сақтау тұжырымдамасында» экологиялық ахуалды жақсартудың жаңа
технологиялық мүмкіндіктері айқындалып, еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз
ету
жағдайындағы
қоғамды
экологияландыру
мәселесі
қамтылады.
Қоғамды
экологияландыру – бұл адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам
көзқарасының жаңа жүйесін қалыптастыру процесі. Тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның
өмір тіршілігінің, қызмет әрекетінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестері [1, б.18].
Олар адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір
сүреді. Қоршаған ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және
ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналады. Мұны ғылымда «екінші
табиғат» деп атайды. Демек, табиғат заттарының, процестерінің, құбылыстары мен жәй-
күйлерінің болмысы өткінші, өтпелі. Олардың болмысы (болмыссыздығы) ауыспалы,
қалыптасу, даму, өзгеру процесі кезектесіп отырады. Олардың болмысы – сақталатын да,
жоғалатын да болмыс. Эрнест Гегель қалыптасу процесін саралай отырып, оны жоғалатын
болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп дәл көрсеткен болатын. [2, б.66]
Үздіксіз білім адамның өмірге келген күнінен басталып, өмірінің соңғы күніне дейін
жалғасын табатын процесс, қазіргі «өмір бойы білім алу» қағидасы білімнің үздіксіздігі
идеясының заңды жалғасы. Демек, «үздіксіз білім беру» термині әлемдік практикада осыдан
алпыс жыл бұрын қолданысқа енгенімен, оның негізгі идеялары екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінақ жариялым алды. Үздіксіз білім берудің басты идеясы «өмірлік білім беру»
идеясының орнына «өмір бойы білім алу» идеясын басшылыққа алудың дұрыстығы заман
талабынан туындап отыр. [3, б.19] Н.А.Лобановтың сөзімен айтқанда «үздіксіз білім беру»
біріншіден, жеке тұлғаның даму кезеңдеріне үздіксіз білім берудің белгілі бір басқыштары