Сборник материалов международного научно-практическоого семинара «Научные подходы к экологизации системы образования в условиях развития «зеленой экономики»



жүктеу 8,19 Mb.
Pdf просмотр
бет83/156
Дата01.02.2020
өлшемі8,19 Mb.
#27912
түріСборник
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   156

167 
«Құстың ұясын бұзба» сияқты тыйым сөздер бір жағынан, халқымыздың жан-жануарлар мен 
құстарды  қорғауға  ерекше  мән  беріп  отырғанын  көрсетсе,  екінші  жағынан,  бала  тәрбиесін 
дұрыс жолға қоюға көмектеседі [7,24].  
  Шығыс ойшылы Фирдоусидің (940-1020 жж.) «Құмырсқаны баса көрме, оның аузында 
бала-шағасына  апара  жатқан  титтей  дәні  бар,  ол  да  бір  кішкентай  өмірдің  иесі  ғой.  Осы 
құмырсқадан үлгі алыңыз» деген сөздері кез-келген баланы ойландырары анық [8,31].  
 Қорыта  айтсақ,  экологиялық  тәлім-тәрбие  адамгершілік  тәрбиенің  құрамды  бөлігі.  Бұл 
салада халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану әрбір ұстаз бен тәрбиешінің төл ісі, 
азаматтық борышы және парасатты парызы болмақ.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1.  Қалиев С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. Этнопедагогика. Астана: Фолиант.- 2014. 
2.  Адамбаев Б. Қазақтың шешендік өнері. А. - 1984. 
3.  Қазақстанның  педагогикалық  ойлар  антологиясы  //  Құрастырушылар:  Қ.Жарықбаев,  С.Қалиев.  – 
Алматы. – 1995.  
4.  Абай Құнанбаев. Шығармалары. 2 томдық. А. – 1998. 
5.  Әлімбаев М. Халық ғажап тәлімгер. А. – 1994. 
6.  Молдағалиев Ж. Шығармалары. А.: Атамұра. – 2008. 
7.  Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы - 1976. 
8.  Әлемдік педагогикалық ой-сана. 10 томдық. 1-2 том. – Алматы. - 2009. 
9.  Есім Ғ. Қазақ философиясының тарихы. Алматы: Қазақ университеті, 2006. 
10.  Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Алматы: Санат. – 1997. – 464 б. 
 
 
 
ӘӨЖ 371.311/1:502.1 
 
ҚОРШАҒАН ОРТА МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҚОҒАМДАҒЫ ИНДИВИДТІК 
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Нұртілеу Аружан, Османова Жамиля, Тұңғыш Айкерім 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
E-mail: aruzhan.nurtileu@gmail.com, osmanova-zhamilya@mail.ru, aikerimtungish@gmail.com 
 
Ғылыми жетекшісі – Бакешова Ж.У 
 
Аннотация: Современная социо- культурная ситуация предъявляет новые требования 
к образовательному пространству. Реакцией системы образования на нарушение устоев гар-
моничного  существования  общества  стало  определением  экологизаций  и  гуманитаризаций, 
обусловливающие  становление  экогуманитарного  подхода  к  отбору,  структурированию  со-
держания экологического образования. Ориентация образования на современные цели, цен-
ности:  экологическая  культура,  экологическая  этика,  коэволюция  —  рассматривается  усло-
вием повышения эффективности образования.  
Ключевые  слова:  система  образования,  экологизация,  гуманитаризация,  экогумани-
тарный подход, экологическая этика, экопсихология, экопедагогика 
Annotation:  The  modern  sociocultural  situation  makes  new  demands  on  the  educational 
space.  The  reaction  of  the  education  system  to  the  manifestations  of  the  systemic  crisis,  the 
violation of the foundations of the harmonious existence of society in the natural environment, the 
identification  of  such  relevant,  mutually  complementary  processes,  such  as  ecologicalization  and 
humanitarization.  Orientation  of  education  on  modern  goals  and  values:  ecological  culture, 
ecological imperative, ecological ethics, coevolution are considered as a condition for increasing the 
effectiveness of education.  
Key  words:  system  of  education,  ecologization,  humanitarization,  ecohumanitarian 
approach, ecological ethics, ecopsychology, eco-pedagogy 


168 
Қоғамның  қазіргі  жағдайы  технологиялық  өркениет  дәуірі  ретінде  сипатталады.  Бұл 
өркениеттің  болашағы,  атап  айтқанда,  прагматикалық  қондырғылар  басымдылығымен 
қоршаған орта жағдайының қадағалаусыз қалуының әсерінен алаңдаушылық туғызып отыр. 
Техносфераны дамытудағы сапалы өзгерістер қоғам құндылығының, адамдардың салауатты 
өмір  салтының,  яғни  бүкіл  мәдениеттің  өзгеруінсіз  жүзеге  аспайды.  Қоғам  мен  табиғаттың 
өзара жалпылама байланысы секілді техниканың дамуы да қазіргі таңда стихиялық тұрғыда 
орын  алуда.  Тұтастай  алғанда,  бұл  жаһандық  даму  адамдардың  әртүрлі  техникалық 
қажеттіліктерінен  туындайды.  Қазіргі  заманғы  техникалық  қызметтің  ауқымдылығы 
биосфера  мен  техносфераның  бірігіп  қалыптасуының  қажеттілігін  көрсетеді.  Бұл  процестің 
негізгі мәні техникалық жоғары оқу орындарында мақсатты түрде әр түрлі кәсіби деңгейде 
болашақ  инженерлерде,  техниктерде,  өндіріс  жұмысшыларында  қалыптасуы  тиіс 
экологиялық ой- сананың нәтижесінде пайда болады.  
Еліміздің  қазіргі  жағдайында  экологиялық  білім  басым  мәнге  ие  болуы  тиіс. 
Қоғамның  жаңа  технологиялар  негізінде  экстремалды  табиғат  жағдайларына  бейімделуі 
мүмкін  нәрсе,  бірақ  ол  адамзат  өмірінің  деңгейі  мен  сапасына  әсер  ететін  үлкен 
экономикалық  шығынмен  сипатталады.  Бір  қызығы,  тарихта  еліміздің  қоғамдық-
экономикалық  реформаларында  табиғи  және  экологиялық  ерекшеліктері  тиесілі  түрде 
ескерілмеген. Егер Қазақстан халқының өмір сүру салтына, қалалардың сәулет- құрылысына, 
байланыс  сипатына  қарасақ,  табиғи  проблемалар  жоқ  тәрізді.  Осы  экопедагогика 
саласындағы  маңызды  кемшілігіміз  деп  ойлаймыз.  Себебі,  мемлекеттік  стандарт  бойынша 
экология  ғылымына  жеткілікті  түрде  назар  аударылмаған.  Сондықтан  да,  қоғамдағы 
антиэкологиялық  актілердің  тамырын  осы  жерден  іздегеніміз  дұрыс  деп  пайымдаймыз. 
Мемлекетіміз  тек  үлкен,  әрі  энергетикалық  ресурстарға  бай  ел  ғана  емес,  сонымен  қатар, 
мұнда негізінен экстремалды экологиялық факторлар да басым, биоалуантүрлілік тұрақсыз, 
әсіресе, соңғы уақытта катастрофалық түрде төмендеуде. Осы аталған факторлардың өзі тез 
арада экологиялық білім беруді енгізу үшін жеткілікті. Соның ішінде, интегративті пәндерге 
экологияның  биологиялық  экология,  адам  және  қоғам  экологиясы  секілді  бағыттарына 
тоқталу  қажет.  Себебі,  жаратылыстану  ғылымдарының  ішінде  экология  ғана  адамзат 
мүддесін,  өмірлік  функцияларын  жақсарту  сұрақтарын,  адам  іс-  әрекеттерінің  қоршаған 
ортаға  әсерінен  бастап  осы  әрекеттердің  себебі  мен  жүйелілігіне,  табиғатты  тиімді 
пайдалануды бағалауға дейін қарастыратын жалғыз ғылым.  
«Қоғам-  табиғат»  жүйесінің  тұрақты  даму  жүйелілігімен  тікелей  айналысатын 
қоғамдық  экология-  экологиялық  білімнің  маңызды  бөлігі  болуы  тиіс.  Бұл  орайда, 
экологиялық  білім  нормативтік  функцияларды  да  орындайды.  Ол  тек  қана  ғылыми 
ақпараттарды  таратуда  ғана  емес,  сонымен  қатар,  өнер  мен  әдебиетте  толықтыру  рөлдерін 
орындайтын  ғылым  ретінде  қалыптаса  алады.  Экологиялық  білім  үрдісінде  жүзеге  асатын 
адам  мен  қоғам  арасындағы  қарым-  қатынас,  соған  сәйкес  көркем  суреттер  жайлы  ғылыми 
білім  интеграциясы  логикалық  және  ақиқатты  түсінудегі  шығармашылық  нысандар 
арасындағы  алшақтықты  жоюға  бағытталған  және  білім  беру  гуманитаризациясына  қызмет 
етеді.  
Экологиялық  жағдай  қазіргі  уақыттағы  күрделі  мәселенің  бірі  болып  отыр.  Ол 
елімізде  де,  әсіресе  индустриялы,  дамыған  орталықтарда,  соның  ішінде  ауыл  шаруашылық 
аймақтарында да өткір түрде қойылуда.  
Табиғи  қорларды  тиімді  пайдалануда,  қалаларды,  елді  мекендерді  көгалдандыруда, 
ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы 
ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр. 
Ауаның, судың, жердің ластануы салдарынан адамдардың өміріне және олардың өмір 
сүру ортасына зор қауіп төніп келеді. 
Көптеген  индустриялы  аудандарда  айналадағы  ортаның  ластануы  қажетті 
нормалардан  асып  түскен.  Қазіргі  уақытта  табиғат  және  биологиялық  орта  тұтас  алғанда 
бүкіл  адамзат  алдына  күрделі  талап  қойып  отыр.  Біздің  планетамызды  барлық  тіршіліктің 
өмір сүруіне тиімді етіп сақтау үшін табиғатты, оның байлығын тұтыну тәсілдерін түгелдей 
өзгерту қажет. 


жүктеу 8,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау