105
ӘОК 504:37.03
КӘСІБИ БІЛІМДІ ЭКОЛОГИЯЛАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗІ - ҒЫЛЫМДАР
ИНТЕГРАЦИЯСЫ
Түгелбаева Гүлнәзия Түгелбайқызы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы,
Рсалиева Асем Айдаркызы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, , Алматы, Қазақстан,
asema_16_96@mail.ru
Аннотация: В данной статье использованы концепции экологизации содержания курса
физики с привлечением системного подхода, которое позволяет учитывать особенности
междисциплинарной связи педагогики, физики, химии с единой экологической точки зрения
и тем самым служит методологической основой совершенствование изучение физических
проблем экологии в вузах и школах в соответсвии с позновательными уровнями таксономии
Блума.
Ключевые слова: экологическое образование, экологическая культура, сознание, физическая
экология, диффузия.
Abstract: This article describes the concepts of ecologizing the physics course content using the
system approach that allows to take into account the interdisciplinary connection peculiarities of
pedagogy, physics, chemistry. The unified ecological point of view is used in this article and thus
serves as a methodological basis for improving the ecology study of physical problems at
universities and schools in accordance with the Bloom cognitive levels taxonomy.
Key words: Ecological education, ecological culture, discretion, physical ecology, diffusion.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция
жағдайындағы
дамудың
жаңа
мүмкіндіктері"
деп
аталатын
Жолдауында:
«Кәсіпорындардың энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуге, сондай-ақ энергия
өндірушілердің өз жұмыстарының экологиялық тазалығы мен тиімділігіне қойылатын
талаптарды арттыру керек. Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесі баламалы, «таза»
энергия саласындағы дамудың қаншалықты қарқынды екенін көрсетті» деп экология
мәселесіне баса назар аударғаны белгілі [1]. Экологиялық мәдениеттілікке, саналылыққа
тәрбиелеу ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс болғандықтан, бұл процестің негіздерін
баянды етуге мектептің, жанұяның, қоғамның бір жүйеге келтірілген оқу-тәрбие жұмыстары
арқылы ғана қол жеткізуге болады. Бұл істе мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің,
тәрбиешілердің және олардың жеке бастарының үлгісі көп роль атқарады [2, 104 б]. Сабақ
жүргізу процесінің негізгі элеметтері: мақсаты, мазмұны, көрнекті құралдары, әдістері,
ұйымдастырылуы өзара араласып жататыны белгілі. Экологиялық білімді тиімді енгізу осы
сабақ барысында жүзеге асырылатындықтан, әрбір сбақтың мазмұнының ғылыми
негізделген идеялығына, мұғалімнің адамгершілік бағыты мен экологиялық сауаттылығына,
оның көзқарасы мен жалпы адамзаттық ізгілікті қасиеттерді түсіне білуіне тәуелді болады.
Басқа оқу пәндерімен қатар, экологиялық білімді оқушылар санасына тиянақты
қалыптастыруда физика пәнінің алатын орны ерекше. Орта мектептің 7-сыныбынан
басталатын физика пәні табиғатты зерттейтін ғылымдардың күрделісіне жатады. Физика
ғылымындағы жаңалықтармен тығыз байланыста техниканың, өндіріс салаларының қауырт
дамуы қоғам мен адамзат үшін өте қажет бола отырып. Экологиялық дағдарыстың да негізгі
себептерінің біріне айналды. Осы ретте, физика пәнін оқыту барысында табиғат заңдары мен
құбылыстарын оқушыларға табиғатты қорғау жөнінде көптеген экологиялық мағлұматтар
арқылы түсіндіру және пән аралық байланыс арқылы экологиялық ой-санасын арттыру әдісін
жүйелік талдау тұрғысынан ұсынып отырмыз.
Оқу процесі - аса күрделі дүниетанымдық қоғамдық жүйеге жатады. Ұсынылып
отырған экологиялық білім негіздерін меңгеруді тиімді дамыту әдісін көпдеңгейлі
106
иерархиялық система теориясының принциптік ерекшеліктерін қолдану арқылы қалыптасты.
Бұл тұрғыда физика пәні жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі экологиялық білімтану
процесінің өзекті негізі есебінде қолданылды. Осы концепцияны есепке ала отырып көп
деңгейлі, көп параметрлік және динамикалық «Физика пәнінің тақырып құрамына
экологиялық негіз беру» атты жүйелік моделі жасалынды. Жүйелік талдауға «Заттың
құрылысы. Молекулалар. Диффузия құбылысы» тақырыбы алынды [3, 96 б]. Көп деңгейлік
иерархия құрамына 3-деңгей кіреді, бұл деңгейлер Блум таксономиясының танымдық
деңгейлеріне сай жасалып, білім алушылардың, білім алуына, түсінуі арқылы өзіндік
көзқарас қалыптастыруына, оқу материалын құрамдас бөліктерге жіктеп, олардың
арасындағы байланыстарды анықтап талдауына, өмірде қолдана білуіне, сыни тұрғыда
ойлануына, рефлексия, яғни кері байланысқа бағытталып жасалды.
Бірінші иерархиялық бастапқы деңгей - физика пәнінің кейбір негізгі
тақырыптарының құрамын экологиялық компоненттер арқылы қалыптастыру;
Білім:
Молекулалардың жылулық қозғалысы. Бүкіләлемдік тартылыс заңына негізделген
құбылыстардың әсері.
Газдардағы, сұйықтардағы және қатты денелердегі диффузиялық заңдылықтар негізі;
Экологиялық құбылыстар: Атмосфераның ластануы ; Судың ластануы; Топырақтың
ластануы.
Екінші иерархиялық деңгей - бірінші деңгейдегі тақырыпқа сүйене отырып, пән
аралық байланыс арқылы физикалық мәнін (процесс, заңдылықтар және т.б.) экология
тұрғысынан дифференциялау, анықтау және тиімді толықтыру, оқу материалын пайдалана
отырып шығармашылық тұрғыдан жаңа мазмұн құрастыру.;
Үшінші иерархиялық деңгей - физика-экологиялық ғылымның негіздерін қолдана
отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай проблемалық сұрақтардың мазмұнын құру.
Бақылау сұрақтары:
Түнде жұлдызды аспан қай жерде жақсы көрінеді? Қалада ма, тауда ма, әлде қаланың
сыртында ма?
Жауабы: Әрине қаланың сыртында және тауда жақсы көрінеді.
Неліктен қаланың үстіндегі ауа мөлдір емес?
Жауабы: Себебі автокөліктерден шыққан түтін және үйді жылыту үшін мұржалардан
шыққан түтін, т.б. шаң тозаңдар салдарынан ауа ластанады.
Қышқылды жаңбыр қалай пайда болады?
Жауабы: Статикалық және жылжымалы ластану көздерінен ауада пайда болған көміртегі,
күкіртті, көмірқышқыл газының брлуы, ауа ылғалдылығы артқан кезде, көмір қышқылына
айналып, ақталған ғимараттардың сырттарын жеп қояды. Ауаның ылғалдылығының артуы,
сонымен қатар күкіртті газдың күкірт қышқылының буына айналуына әкеледі де, бұл булар
металдардың интенсивті коррозиясын тудырады.
Қоршаған ортаға қалай әсер етеді? Зиянды зат қоспалары қалай пайда болады және
адам организіміне қалай түседі?
Жауабы: Зиянды зат қоспаларының қоршаған ортаға әсерін оқушылардың өмір тәжрибесіне
қарай әртүрлі мысалдармен келтіруге болады. Ғимараттардың бұзылуы, өсімдік, талдардың
жапырақтарының сарғаюы, топырақтың тапталуы, ауаның ластануы т.т. Ауаға көтерілген
зиянды зат бөлшектері Бүкіләлемдік тартылыс заңына сәйкес жерге құлап, топыраққа енеді.
Капиллярлық, диффузиялық құбылыстар негізінде өсімдікке барады, өсімдікпен мал
қоректенеді, ал малмен адам қоректенеді. Осылай зиянды заттар адам ағзасына түседі екен.
Иерархиялық дамудың нәтижелік қорытындылау деңгейі ретінде оқушылардың тақырыптың
мазмұны және оған қатысты қойылатын сұрақтарға толық және сапалы меңгергендігін
білдіретін жауаптар беруі деп білеміз. Бұл деңгейлердің құрамын қалыптастыру үшін
иерархиялық интеграциялау және дифференциялау жолдары қолданылды. Біз қолданған
негізгі белгілер:
1. Физика-экологиялық ұғымды бастапқы сатыда игеру негіздері;
2. Физикалық тақырып пен экологияның байланыс негізі;
Достарыңызбен бөлісу: |