114
Кесте 2
Ғаламдық бəсекеге қабілеттілік рейтингісі
Орын
Мемлекет
Балл
1
2
3
1
Швейцария
5,70
2
Сингапур
5,65
3
АҚШ
5,54
4
Финляндия
5,50
5
Германия
5,49
6
Жапония
5,47
...
...
...
50
Қазақстан
4,42
53
Ресей
4,37
76
Украина
4,1
Е с к е р т у – авторлармен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің деректерінің негізінде
құрастырылған.
Натуралық гранттар.
Белгіленген активтердің инвестициялық көлемінен 30% кем емес.
Өтеусіз қолданыстар: жер участкілері, ғимараттар, құрылыстар, машиналар жəне
құрал-жабдықтар, есептеулік техникалар, өлшеу жəне реттейтін аспаптар, транспорттық
құрылыстар,өндіретін жəне шаруашылық мүліктер.
Визасыз тəртіп. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Малайзия,
Нидерланды, БАƏ, Оңтүстік Корея азаматтарына 2015 жылдың 15 шілдесінен 2015 жылдың
15 шілдесіне дейін 15 күннен аспай визасыз тəртіпті енгізді.
Шетелдік жұмыс күші. Инвестициялық жобаны асыру барысында шетелдік жұмыс
күшіне жұмысқа деген рұқсат қажет емес.
Инвестициялық жобалардың салықтан босату. Корпорациялық табыс салығы (10
жыл), Жер салығынан (10 жыл), мүлікке деген салық (8 жыл).
Электрмен қамсыздандыру, газ беру жəне ауа кондициялауы.
2013-2015 жылдар аралығында электрмен қамсыздандыру, газ беру жəне ауа
кондициялауы ТШИ тартылуы 2-ші суретте көрсетілген, осы суретке сəйкес 2013-2015
жылдары Электрмен қамсыздандыру, газ беру жəне ауа кондициялау саласына 719,4 млн.
АҚШ доллары ТШИ-ы тартылған. 2015 осы салаға 157 млн. АҚШ доллар ТШИ тартылды.
Өткен 2014 жылдан қарағанда 52%-ге өсті.
Сурет-2. 2013-2015 жылдар аралығында электрмен қамсыздандыру, газ беру жəне
ауа кондициялауы ТШИ тартылуы
Е с к е р т у – авторлар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің деректерінің негізінде
құрастырған.
Құрылыс саласы. 2013-2015 жылдар аралығында құрылыс саласына салынған ТШИ 3-
ші суретте көрсетілген. Осыған сəйкес 2013-2015 жылдары құрылыс саласына 2 755 млрд.
261,7
300,7
157
0
100
200
300
400
2013
2014
2015
2013-2015 жылдар көрсеткіші
115
АҚШ доллар ТШИ тартылған. 2015 жылы өткен жылмен салыстырғанда ТШИ көлемі 39,7%-
ға өсті.
Сурет-3. 2013-2015 жылдар аралығында құрылыс саласына салынған ТШИ
Е с к е р т у – авторлар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің деректерінің негізінде
құрастырған.
Жаппай жəне біртендеп сату; автокөліктерді жəне мотоциклдерді жөндеу саласы.
2013-2015 жылдар аралығында жаппай жəне біртендеп сату; автокөліктерді жəне
мотоциклдерді жөндеу саласына тартылған ТШИ көлемі суретте көрсетілген, осы суретке
сəйкес 2013-2015 жылдарда жаппай жəне біртендеп сату; автокөліктерді жəне мотоциклдерді
жөндеу саласына 8 788,4 млрд. АҚШ доллар ТШИ тартылған. 2015 жылғы тартылған ТШИ
көлемі өткен 2014 жылдан 94,3%-ға өсті [5].
Қазақстанда соңғы жылдары инвестициялық жағдайдың жақсаруына қарамастан,
инвестициялар бойынша шетелдiк кеңесшiлер аудиторлық жəне заң фирмаларын қоса
алғанда, коммерциялық жəне экономикалық сұрақтар бойынша шетелдiк елшiлiктердiң
атташелерi (олар қызығушылық бiлдiрiп, бiрақ инвестициялауға толық шешiм қабылдамаған
мүмкiн инвесторлармен тiкелей таныс) қазiргi күнге дейiн республикада келiссөздер жүргiзу
жəне инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн сəйкесiнше жағдайлар жасалмаған деп
есептейдi. Олар инвестициялық жағдайлар бойынша халықаралық индекстердi дəлелге
алады, мысалы, ЕБРР (Европалық қайта құру жəне даму банкi), ол бойынша Қазақстан
қолайлы емес инвестициялық жағайлары бар елдер қатарына жатады. Олар жемқорлық,
мəліметтерді жиі бұзу, инвестициялауды жүзеге асырудағы жоғары шығындар, виза
дайындаудағы қиындықтар мен жергiлiктi iскер серiктестерiнiң сенiмсiздiгi туралы айтады.
Осы проблемалардың бəрi инвесторларды кен өндiру өнеркəсiбiнен басқа өндiрiс жəне
қызмет салаларына инвестициялаудан шошытады.
Əдебиеттер:
1.
«Қазақстан Республикасының – 2050 стратегиясы».
2.
Қазақстан Республикасының «Шетел инвестициялары туралы» Заңы 1994 жыл, 27
желтоқсан.
3.
Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы»
Заңы, 1997 жыл.
4.
http://invest.gov.kz/ Invest in Kazakhstan.
5.
http://www.kaznexinvest.kz/ АО «Kaznex Invest».
6.
http://www.stat.kz/ Қазақстан Республикасының статистика агенттігі.
7.
http://www.kdb.kz/ru/ Қазақстан Республикасының Даму банкі.
1320,7
1026,8
407,5
0
500
1000
1500
2013
2014
2015
2013-2015 жылдар көрсеткіші
116
ҚAЗAҚСТAН РЕСПУБЛИКAСЫНДA ШОБ БƏСЕКЕГЕ ҚAБIЛЕТТIЛIГIН
ЖЕТІЛДІРУ
Учкампирова А.Б., Маграшев М., Чакетаева А.,
Қарақоныс Н., Бримжанова А.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
Астана қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: astana_e-11@mail.ru
Ұлттық экономиканың бəсекеге қабілеттілігі, оның дүниежүзілік экономикасындағы
орны, экономикалық стратегия мен саясаттың амбициоздық дəрежесі табиғи-ресурстық,
адамзаттың (еңбек), өндірістік, ғылыми-техникалық (инновациялық), инвестициялық,
сыртқы экономикалық əл-ауқаттарды қамтитын елдің экономикалық əл-ауқатымен
белгіленеді.
Өркениетті нарықтық экономикада ШОБ орны мен рөлі олардың функцияларымен
жəне қоғамдық дамуына қосқан нақты үлесімен белгіленеді. ШОБ дамуы экономикадағы
өнімділіктің өсуіне жəне жаңа жұмыс орындардың құрылуына əкеледі. Сондықтан, соңғы
жылдарда Қазақстан Республикасында бизнес-климатты жақсартуға жəне артық əкімшілік,
соның ішінде лицензиялау мен рұқсаттармен байланысты ауыртпалықты төмендету
бойынша тосқауылдарды жоюға бағытталған кəсіпкерлікті жəне рұқсат ету жүйесін реттеу
саласындағы бір қатар реформалар қабылданған [1].
«Кəсiпкерлiк» терминi зaмaнуи əдебиеттерде кең қолдaныс тaпқaн «бизнес»
ұғымының синонимi болып тaбылaды. Осылaйшa A.Хостингтiң пaйымдaуы бойыншa
«Бизнес – бұл жеке тұлғaлaр, кəсiпорындaр немесе ұйымдaрдың тaбиғи игiлiктер, өндiрiс,
тaуaрлaрды сaту немесе сaтып aлу немесе өзге тaуaрлaр, қызметтер, aқшaғa aйырбaстaу
немесе мүдделi тaрaптaрдың өзaрa пaйдa aлуын жүзеге aсырaтын қызмет болып тaбылaды».
Сонымен бизнес – пaйдa əкелетiн немесе өзге тaбыс aлу мүмкiндiгiн тудырaтын нaрықтық
қaтынaстaр жүйесiндегi кəсiпкерлiк қызмет деп aйтуғa болaды. Кəсiпкерлiктiң феноменi
болып оның жер, еңбек, кaпитaл сияқты өндiрiс фaкторлaрын қызмет aтқaруғa мəжбүрлейтiн
қозғaушы күш болып тaбылaды [2].
Қазіргі уақытта ШОБ даму динамикасы Қазақстанда қанағатты сияқты бағалануы
мүмкін. Сонымен бірге олардың саны сапасына ауыспайтынын белгілеп өтпеуге болмайды.
Озық елдерінде ШОБ халықаралық нарықтармен салыстырғанда Қазақстандағы
кəсіпкерлік саласының ЖІӨ-ге салымы төмен екенін байқауға болады (Германия – 57%,
Ұлыбритания – 52%, АҚШ – 52%, Франция – 50%, Сингапур – 51%, Малайзия – 37%). Бұл
ЖІӨ үлкен үлесін ірі бизнес құрайтынынан болған (ірі бизнестің 7% мұнай жəне кен-
металлургиялық салаларымен ұсынылған ЖІӨ-нің 70% құрайды). Бұл жағдай біздің
бизнестің құрылымын көрсетеді, көбінесе шикізаттық салаларда шоғырландырылған.
Сонымен қатар, əртүрлі елдерде бұл көрсеткішті есептеудің əртүрлі əдістері
қолданылатынын белгілеп өту қажет, бұл ЖІӨ-ішіндегі ШОБ үлестерін елдік салыстыруын
жүргізу мүмкіндігін бере бермейді. Сонда да, Қазақстанда кəсіпкерлер үшін тиімді
жағдайларды жасауға арналған нормативтік-құқықтық актілердің тұрақты жетілдірілуі
байқалады. Бұл Doing Business-2015 есебімен де расталған, мұнда Шығыс Еуропа мен Орта
Азия елдерінің үлесіне нормативтік-құқықтық реформалардың ең көп саны келеді [3].
Нəтижесінде бұл елдер ЭЫДҰ елдерінен кейін əлемде бизнесті жүргізу үшін жағдайларды
жасау бойынша екінші болды.