Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет188/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   219

387

1. шаруашылық  қожалығын, ауылшаруашылық  өнімдерін  өндірушілер  мен

оңайлатылған  декларацияның  негізінде  жұмыс  істейтін  ұйымдарды  қоса  алғанда, шағын

кəсіпкерлік  субъектілері  үшін  бухгалтерлік  есепке  алу  барынша  оңайлатылған  тиісті

қаржылық есеп беру стандарты əзірленетін болады;

2. бірінші  тармақта  көрсетілгенді  қоспағанда, шағын  кəсіпкерлік  субъектілері, орта

кəсіпкерлік жəне алдағы санатқа кірмеген коммерциялық емес ұйымдар үшін, сондай-ақ орта

кəсіпкерлік  субъектілері (көпшілік  компанияларды  қоспағанда) жəне  жедел  басқару

құқығында  негізделген  мемлекеттік  кəсіпорындар  үшін  ХҚЕС  негізінде  əзірленген

оңайлатылған ұлттық қаржылық есеп беру стандартын қолдануға болады.

Шағын  бизнес  үшін  ХҚЕС-ты  қолдану  күрделілігі  проблемасын  шағын-орта  бизнес

үшін мамандандырылған стандарт əзірлеумен бірнеше жылдан бері айналысатын ХҚЕСКҚ-

да  түсінеді. Əмбебап  стандарт  əзірлеу  өте  күрделі  жұмыс, өйткені  шағын  кəсіпкерлікке

қатысты саясат жəне тиісінше оларға қойылатын талап əр елде əрқалай. Сонымен қатар, осы

стандартты  ХҚЕСКҚ  қабылдағаннан  кейін  оның  ережелерін  бухгалтерлік  есепке  алу  мен

қаржылық есеп берудің ұлттық жүйесіне барынша инкорпорациялауға болады.

Бухгалтерлік  есепке  алуды  жəне  есептілікті  реттеу  жүйесін  дамыту  барлық  мүдделі

тараптардың  мүддесін  ескеретін, шығындардың  төмендеуін  жəне  реттеудің  тиімділігін

арттыруды  қамтамасыз  ететін  модельді  құруға  бағытталуы  тиіс. Осы  модельдің  негізі –

мемлекеттік билік органдары мен кəсіби қауымдастықтың (кəсіби қоғамдық бірлестіктер мен

басқа да мүдделі жұртшылық) қызметтерін саналы түрде үйлестіру.

Қазақстанның  бухгалтерлік  есепке  алу  саласының  негізгі  проблемасы – білікті

кадрлардың  жетіспеушілігі, қалыптасқан  салт-дəстүрі, мықты  кəсіби  қауымдастығы,

мамандандырылған  білімді  жинақтайтын  жəне  тарататын  қалыптасқан  жүйесі, көпшілік

мақұлдаған сертификаттары бар дамыған «бухгалтерия институтының» болмауы.

Қазақстанда кəсіби қауымдастық аталған проблемалардың кейбіреуін шешу бойынша

белгілі  бір  қадамдар  жасауда, бірақ  кешенділік, жалпы  республикалық  ауқым  жетіспейді.

Бухгалтерлік қауымдастықтың қазіргі селқостығы кезінде батыстағы ұқсас жүйенің өздігінен

тез  дами  қоятындығы  екіталай.  Содықтан  бұл  мəселені  шешу  үшін  бүкіл  жүйенің  өзегі

болуға  жəне  одан  əрі  қалыптасқан  құрылымы  болуға  тиіс  кəсіби  ұйымдардың  рөлін

күшейтуге  назар  аудара  отырып, заңнамалық  алғышарттар  жасау, бұл  процесті  жылжыту

қажет. Қазақстандағы  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беруді  қайта

ұйымдастыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:

-  қолданыстағы  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беруді  реттеу  жүйесіне

тұжырымдамалық өзгерістер енгізу;

- бухгалтерлік есепке алу жүйесін қайта құру шеңберінде мемлекеттік органдардың іс-

қимылын үйлестіру;

- кəсіби қауымдастықтың бухгалтерлік есепке алу саласындағы рөлін арттыру;

- бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беру  мəселелері  бойынша  уəкілетті

органның  кəсіби  ұйымдарды  жəне  бухгалтерлерді  кəсіптік  сертификаттау  жөніндегі

ұйымдарды аккредиттеу жүйесін енгізу.

Кəсіби  қауымдастықтың  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беру  жүйесін

реттеудегі  рөлін  күшейту  үшін  консультативтік-кеңес  органы  нысанында, ереже  негізінде

əрекет  ететін  арнайы  органды (Консультативтік  органды) құру  ұсынылып  отыр.

Консультативтік  органның  құрамы  мемлекеттік  органдардың, коммерциялық  емес

ұйымдардың  өкілдерін, жеке  кəсіпкерліктің, мемлекеттің  қатысуы  бар  ұйымдардың

субъектілерін  жəне  ғылым  қайраткерлерін  қоса  алғанда, кəсіби  қауымдастықтың  жоғары

білікті, бəріне танымал жəне беделді өкілдерінен құралуы тиіс.

Қосымша ретінде уəкілетті органның құзыретіне басқа да функциялар кіретін болады:

- қаржылық  есеп  беру  стандарттарын  жəне  оның  ХҚЕС-пен  реттелмеген  мəселелері

бойынша əдістемелік ұсынымдарын əзірлеу мен бекітуді қамтамасыз ету;

- бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беру  мəселелері  бойынша  Қазақстан

Республикасы  заңнамасының  ХҚЕС-тің  талаптарына  қайшы  келетін  жағдайда,



388

Консультативтік  орган  берген  ұсыныстарды  ескере  отырып, Қазақстан  Республикасының

заңнамасына тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз ету;

- өзге де мемлекеттік органдармен жəне кəсіптік ұйымдармен бухгалтерлік есепке алу

мен қаржылық есеп беру мəселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;

- кəсіби  ұйымдарды, бухгалтерлерді  кəсіптік  сертификаттау  жөніндегі  ұйымдарды

аккредиттеу жүйесін реттеу;

- кəсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

- Консультативтік орган туралы ережені бекіту.

Консультативтік органға мынадай құқықтар беріледі:

- уəкілетті  органға  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беру  мəселелері

бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар, қаржылық

есеп  беру  стандарттарын  қолдану  жөніндегі  əдістемелік  ұсынымдарды  қайта  қарау  мен

əзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

- бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беру  саласындағы  халықаралық

ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру.

Қазақстанның  халықаралық  стандарттарға  бағдарлануы  оң  əлемдік  тəжірибені

зерттеуге  жəне  оны  пайдалануға  мəжбүрлейді. Континенттер  мен  елдердің  географиялық

жақындығы, тығыз  экономикалық  байланыстар, шетел  компанияларының  Қазақстанның

инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы есепке алу жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан

қарауға  мəжбүрлейді. Есепке  алу  тəжірибесі  түрлі  елдерде  əралуан, бірақ  та  оның  бастауы

ортақ  жəне  философиясы  ортақ  жəне  бұл  Қазақстанның  есепке  алу  практикасына  оң

тəжірибе  енгізу  мақсатында  бухгалтерлік  есепке  алудың  жəне  аудиттің  маңызды

ерекшеліктері  мен  жаңа  бағыттарын  зерттеу  қажеттілігін  растайды. Халықаралық  зерттеу

көзқарасы  жағынан  ХҚЕС  жəне  ХАС  қолданудың  əлемдік  тəжірибесі  бухгалтерлерге,

аудиторларға жəне қызметкерлердің басқа санаттарына қазіргі заман бизнесінің осы немесе

өзге  операциясын  дұрыс  бағалауға  жəне  тиісінше  оң  жəне  тиімді  шешім  қабылдауға

мүмкіндік береді.



Əдебиеттер:

1.

Хоружий  Л.И. «Проблемы  адаптации  международного  стандарта  финансовой



отчетности 41 «Сельское хозяйство»»

2.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары, 2011 жылғы редакция.



3.

ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы»  2007 жылғы 28 ақпандағы №

234-III Заңы // БИКО.- 2009. 35 б.

4.

А. Нурмухамбетова  Авторлық  мақала. «Қазіргі  кездегі  қазақстандағы  бухгалтерлік



есеп пен аудиттің өзекті мəселелері»// Астана, 2015

МЕТОДЫ ПРОГНОЗИРОВАНИЯ ФИНАНСОВОЙ

УСТОЙЧИВОСТИ ОРГАНИЗАЦИИ

Тукенова Б.У.

Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева,

 г. Астана, Республика Казахстан

В рыночных условиях выживаемости и основой стабильного положения организации

служит его финансовая устойчивость.

Финансовая  устойчивость  страны  в  конечном  счете  непосредственно  зависит  от

финансовой устойчивости отдельно взятой организации.

Переход  нашей  страны  на  рыночные  отношения, принятие 28 февраля 2007 года

Закона  Республики  Казахстан «О  бухгалтерском  учете  и  финансовой  отчетности»,

обязавшего  субъектов крупного предпринимательства и публичной организации составлять




жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау