Сборник трудов международной научной конференции молодых ученых



жүктеу 4,06 Mb.
Pdf просмотр
бет187/219
Дата31.01.2020
өлшемі4,06 Mb.
#27883
түріСборник
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   219

385

ШАҒЫН ЖƏНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПКЕ

АЛУ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУІН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Абдрашитова Т.А., Сапарова А.А.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті,

Түркістан қ., Қазақстан Республикасы

Е-mail: tahushnik@mail.ru

Бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беру  жүйесін  дамыту  елдің

экономикалық  жағдайындағы  өзгерістермен  тығыз  өзара  байланыста  жəне  шаруашылық

тетіктің даму сипаты мен деңгейіне жауап беруі тиіс.

Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін одан əрі дамытуды ХҚЕС-

ке  сəйкес  бухгалтерлік  есеп  пен  қаржылық  есептілікте  қалыптастырылатын  ақпараттың

сапасын, ашықтығын  жəне  салыстырмалылығын  арттыру  мақсатында  мынадай  негізгі

бағыттар бойынша жүзеге асыру қажет:

-

бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық есептіліктің аудитін ұйымдастырумен жəне



жүргізумен айналысатын мамандарды даярлау жəне қайта даярлау;

-

шағын  жəне  орта  кəсіпкерлік  субъектілері  үшін  бухгалтерлік  есепке  алу  мен



қаржылық есеп беруді жүргізу тəртібін оңайлату;

-

халықаралық  тəжірибенің  негізінде  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп



беруді реттеу жүйесін өзгерту;

-

бухгалтерлік есепке алу мен аудитті дамытудың халықаралық процесіне қатысу.



Бухгалтерлік есепке алуды  реформалағанда  Қазақстанда  қазіргі  уақытта  жүргізілетін

түбегейлі  міндеттердің  бірі  бухгалтерлерді, қаржылық  менеджерлерді, аудиторларды,

маркетологтарды  жəне  басқа  да  мамандарды  даярлау  жəне  олардың  біліктілігін  арттыру

болып табылады.

Шетелдік компаниялар санының қазақстан рыногында барынша арта түсуі, бизнестің

ғаламдық сипатталуы, бірыңғай еуропалық рынокты құру батыстық есепке алу жүйелелерін,

халықаралық  қаржылық  есеп  беру  стандарттарын  меңгерген, батыс  стандарттары  бойынша

оқытылған мамандарға сұраныстың көбеюіне əкеп соғады.

Нарықтық  экономика  жағдайларында  бухгалтерлік  деректер  негізінен  ақпараттың

бірден бір шынайы көзі болғанда бухгалтер кəсібінің мəні артады, сонымен қатар оған деген

талаптар  əсіресе  бухгалтерлік  пікір  қабылдау  маңызды  əрі  шешуші  болып  табылатын

салаларда өсті. Кəсіби бухгалтерлік білім берудің, тəжірибенің, білімнің, сондай-ақ басқару,

жоспарлау, технология сияқты салаларда мұқтаждықтың арта түсуінің маңызын түсіну өсті.

Бұл  сол  сияқты,  білгірлік  пен  кəсіпқойлықтың  жоғары  деңгейін  тұрақты  қолдап  отыру

қажеттілігі  тұрғысынан  бухгалтерлердің  үздіксіз  кəсіби  білім  алуының  маңыздылығын

растап түсті.

Кəсіби біліктілік жұмыс беруші үшін оның иесі осы кəсіпке қойылатын барлық қазіргі

заманғы  талаптарға  жауап  беретініне  кепіл  болады  деген  сөз. Осындай  біліктілік  иесінің

мансаптық өсуде басқа қызметкерлердің алдында елеулі басымдығы болады.

Бүгінгі  таңда  ХҚЕС-қа  сəйкес  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беруді

жасауда  ақпаратты  қалыптастыру  принциптерін  түсінетін, бухгалтерлік  есепке  алуды

жүргізудің, қаржылық есеп беруді дайындау мен аудитінің қазіргі заманға сай дағдысы бар

білікті бухгалтерлер мен аудиторлардың жеткілікті санын дайындау міндеті тұр.

Бұл  ретте  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  есеп  берудің  сапалы  жүйесі  экономикалық

шешім  қабылдаған, атап  айтқанда  осыған  байланысты  капиталды  инвестициялау  жəне

тəуекелдерді талдау бағыттарын анықтаған кезде оны пайдалану мұқтажы жəне дағдысы бар

бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудегі қалыптастырылатын ақпаратқа мүдделі

пайдаланушылардың жеткілікті санының болуын қажет етеді. Мүдделі пайдаланушылардың

бар  болуы  бухгалтерлік  есепке  алу  мен  қаржылық  есеп  беру  жүйесін  дамытудың  маңызды

алғы шарттарының бірі болып табылады.




386

Қазақстанның  нақты  бəсекелестік  қабілетін  қамтамасыз  ету  мүмкіндігін  беретін

маңызды  аспаптардың  бірі  қалыптастыру  реформасы  болып  табылады. Осы  мақсаттарда

экономикалық  жəне  қоғамдық  жаңғырту  мұқтаждықтарына  сəйкес  келетін  қазіргі  заманғы

білім беру жүйесіне қажеттілік көрсетілді.

Бухгалтерлік  есеп  жүйесінің  ХҚЕС-ға  бекітілген  принциптеріне  көшуі  оқыту

бағдарламаларын  қамтитын  мониторинг  жүйесін  қалыптастыруды  жүзеге  асыруды,

кадрларды, есепке  алу  қызметкерлерін, экономиканың  сабақтас  саласындағы  мамандарды

(аудиторларды, қаржыгерлерді) даярлау  жəне  қайта  даярлау  процесіне  өзгерістер  енгізуді

талап етеді. Осыған байланысты білім  беруді реформалау шеңберінде білім беру ұйымдары

оқытушыларының  біліктілігін  арттыруды  ұйымдастыру, орта  жəне  жоғары  оқу

орындарының  оқу  бағдарламаларын  қайта  бағдарлау, бухгалтерлік  есепке  алуға  жəне

бухгалтерлердің  түрлі  санаттарының  аудитіне  оқытылатындар  үшін  ХҚЕС  бойынша  оқу-

əдістемелік  жасақтаудың (ОƏЖ) үлгілік  жинақтарын, сондай-ақ  кəсіби  бухгалтерлер  мен

аудиторларды  ХҚЕС-ты  терең  зерделеуге  жəне  оларды  тəжірибеде  қолдану  дағдыларын

қалыптастыруға  дайындау  бағдарламаларын  жаңарту  жəне  жетілдіру  бойынша  елеулі

жұмыстар жүргізу қажет.

Бухгалтер  кəсібі  дамуындағы  қазіргі  заманғы  сатыда  өзінің  кəсіби  деңгейін  үздіксіз

арттырып  отыруды  талап  етеді. Бухгалтер  кəсібі  соңғы  жылдары  іскер  жəне  кəсіби  ортада

«кəсіби  бухгалтер» атағын  алған  жаңа  терең  мағынада  білдіріледі. Бұл  ретте  Халықаралық

бухгалтерлер  федерациясы  ұсынған  кəсіби  бухгалтерлер  рөлін, функциясын  жəне  міндетін

түсінуден  бастау  керек. Осындай  түсінік  қана  қазақстандық  бухгалтерлік  жəне  аудиторлық

кəсіпті  халықаралық  тануды  қамтамасыз  етеді. Осылайша, қазақстан  аудиторы  қол  қойған

қазақстандық  бухгалтерлік  сертификатты  немесе  аудиторлық  қорытындыны  рыноктың

толық бағалауына есептеуге болады.

Өзге шаралардың арасында «кəсіби бухгалтер» атағына нақты мағынаны мамандарды

аттестаттаудың жəне олардың біліктілігін арттырудың тиімді жүйесі береді. ХҚЕС-ты терең

білмей  ХҚЕС-қа  ойдағыдай  көшу  мүмкін  еместігін  тəжірибе  көрсетті. Осыған  байланысты

Қазақстанда  бухгалтерлерді  кəсіби  сертификаттау  жөніндегі  ұйымдарды  аккредиттеу

жүйесін  құру  мəселесін  мемлекеттік  деңгейде  шешу  «Бухгалтерлік  есепке  алу  жəне

қаржылық  есеп  беру  туралы» Қазақстан  Республикасы  Заңының  жобасында  көзделген.

Кəсіби  аттестаттау  кəсіби  жарамдылығын, білімдері  мен  дағдыларының  қазіргі  заманғы

деңгейін, кəсіптің жоғары этикалық нормаларын ұстануды растау құралы түрінде қаралады.

Шаруашылық  тетіктегі  өзгерістермен  жəне  нарықтық  институттардың  нақты  жұмыс

істеуімен  байланыссыз  бухгалтерлік  есепке  алудағы  өзгерістерді  жеделдету  экономикадағы

қаржылық  ақпараттың  сапасын  төмендетуге, ХҚЕС-тың  беделін  түсіруге, сондай-ақ

қаржылық  тəртіптің  əлсіреуіне  əкеп  соғуы  мүмкін. Осылайша, қолданыстағы  заңнамаға

сəйкес  ХҚЕС-қа  көшу  барлық  ұйымдарға  қатысты, бірақ  бұл  ретте  неғұрлым  сарабдалдық

ұстаным қажет. Кешенділігіне жəне əдістемелік күрделілігіне байланысты ХҚЕС  іс жүзінде

шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілері үшін жарамсыз. Бұдан басқа, соңғы уақытта өзіміз

білетін, осы  күнге  дейін  аяқталмаған  стандарттардың  өздерін  белсенді  жетілдіру  процесі

жүріп  жатыр (ХҚЕС-қа  тұрақты  түрде  елеулі  өзгерістер  енгізілуде, оған  шағын

компаниялардың  қадағалап  отыруына  жағдайы  жоқ). Осыған  байланысты  ХҚЕС-қа  сəйкес

қаржылық  есеп  беруді    ірі  кəсіпкерлік  субъектілері  мен  көпшілік  мүдделі  ұйымдар  ғана

жасағаны орынды.

Мемлекет  басы  мен  ҚР  Үкіметі  қойған  шағын  жəне  орта  кəсіпкерлікті  қолдау

жөніндегі тапсырмаға сəйкес  патент немесе біржолғы талон  бойынша  жұмыс  істейтін  жеке

кəсіпкерлерді міндетті түрде бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің толығымен босату жəне

қалған  кəсіпкерлік  субъектілерінің  бухгалтерлік  есепке  алуды  жүргізу  мен  қаржылық  есеп

беруді  жасаудың  түрлі  тəртібін  қолдануы  мақсатында  санаттар  бойынша  бөлуді  белгілеу

қажет.

Шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерінің қаржылық есеп беруді жасауды жүзеге



асыру үшін былайша бөлу ұйғарылады:


жүктеу 4,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау