Рахманқұл Ілияс 7-апта бекіту сұрақтары



жүктеу 425,52 Kb.
бет1/3
Дата26.10.2022
өлшемі425,52 Kb.
#39836
  1   2   3
ХСЗ-бекіту сұрақтары 7 апта Рахманқұл Ілияс


Рахманқұл Ілияс
7-апта бекіту сұрақтары


1

Қазақстан алғаш рет қай жылы TIMSS халықаралық зерттеулеріне қатысты?

Алғаш рет 2007 жылы Қазақстан 4-сынып оқушыларының халықаралық салыстырмалы мағлұмат алу мақсатында математика мен жаратылыстанудан білім сапасын бағалайтын TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) зерттеуіне қатысты. 2007 жылы TIMSS зерттеуіне қатысушы 59 елден 425000-нан астам оқушы ішінде қазақстандық оқушылардың білім жетістігі жоғары және халықаралық орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары деп бағаланды. Зерттеуге Қазақстанның барлық аймақтарынан 141 мектептен 4 сыныптардан 3990 оқушы қатысты. Жалпы алғанда осы сынақта оқушыларымыз математика және жаратылыстану бағытында 7 орынды иеленді.



2

TIMSS-2007 халықаралық зерттеуі бойынша Қазақстан оқушылары қандай жетістіктерге қол жеткізді және қорытындысы бойынша қандай шараларға мән берілді?



Қазақстанның оқушылары TIMSS зерттеулеріндегі қатысушы елдердің арасында, математика мен жаратылыстану ғылымдарына деген жағымды қарым-қатынасының өте жоғары екендігін көрсетті (сәйкесінше 89% бен 90%). Оқушылардың 71% жаратылыстануды, ал 66% математиканы оқуда өзін-өзі бағалаудың жоғары деңгейін көрсетті. Негізінде бұл жалпы педагогикалық заңдылықтарға жауап береді, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес білуге құмарлықтары жоғары болғандықтан оқуға деген ынталары да сәйкес болады.
Қазақстандық бастауыш сынып оқушыларының 80% өз мектептерінде өздерін қауіпті сезінеді. Тест тапсырмаларын орындау барысында осы индекстің орта және төменге ие болған оқушылардың аса төмен нәтиже көрсеткендері тегін емес. Білім берудегі үрейлі үрдістер арасында 4 сынып оқушыларына үй тапсырмалары шамадан көп берілуі бақылануда. Қазақстан осы жағдайда зерттеуге барлық қатысушы-елдерден асып түсті.
Оқытушы құрамына қатысты, осы зерттеу педагогикалық кадрдың қартаю үрдісін, сонымен қатар зерттеуге қатысушы елдердің басым көпшілігіне тән бастауыш мектептегі білім беру феминизациясының күшеюін айқындады.
Мынадай шарттарға мән берілді

  • Математика мен жаратылыстану бойынша тереңдетілген бағдарламамен сәйкес оқыту процесінің тиімділігін бағалау үшін 12 жылда бір рет орта мектептің бітіруші сыныптың (11-13 сыныпта әртүрлі елде) оқушыларынан қосымша тест алынады. Негізгі мектеп оқушыларынан тест алу зерттеуге қатысушы елдердің барлығына міндетті.

  • Математика мен жаратылыстану пәндері бойынша тест 75-80 тапсырма бойынша 8 нұсқадан ашық және жабық түрде болады, орындау үшін 1,5 сағат беріледі. Мектепте алынған білімді практикада пайдалану бойынша білім беру тиімділігін бағалау, тестілеумен қатар жүргізіледі.

  • Сабақта алынған білімді практикада пайдалануға оқушылардың даярлық деңгейін бағалау үшін,тапсырмалардың көбісі осы түрде қалыптастырылған. Тапсырманың басқа тобы (25% тест) еркін жауапты болжайды: өз көзқарасын дәлелдеу, құбылысты түсіндіру. Басқаша айтқанда екінші топтың тапсырмалары тек қана оқу емес, оқушылардың коммуникативті дағдыларын анықтауға бағытталған.

  • Тек математика пәні бойынша ғана

жүктеу 425,52 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау