Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет12/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68

-   Егер  халықаралық  немесе  мемлекетаралық  келісімдермен 
олардың  құрылуы  туралы  айқындалмаған  болса,  халықаралық 
ұйымдар;
-   Басқа  мемлекеттердің  дипломатиялық  және  баска  да  ресми 
өкілдіктері резидент еместер деп белгіленген.
Резиденттер,  егер  ондайлар  заңнамалық  актілермен  қарасты- 
рылмаған болса, уэкілетті банктерде шетелдік валютамен шектеусіз 
шоттар ашуға қүкылы. Валюталық операцияларды жүргізген кездегі 
заңды тұлға-резиденттердің есеп  айырысулары уәкілетті  банктерде 
валюталык  заңнама  талаптарына  сәйкес  ашылған  банктік  шоттар 
арқылы  жүргізіледі.  Валюталық  операцияларды  жүргізген  кездегі 
жеке тұлға-резиденттердің есеп айырысулары уәкілетті банктердегі 
банктік шоттар арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік билік органдары  өз эрекеттерінде:
-   валюталық  реттеу  саласындағы  мемлекеттің  саясатты  жүзеге 
асыруда экономикалық шараларға басымдық беру;
-  резиденттер мен резидент еместердің валюталык операцияла- 
рына  мемлекеттің  және  оның  органдарының  қисынсыз  араласуын 
болгызбау;
-  сыртқы жэне  ішкі валюталык саясаттыц бірлігі;
-  валюталык реттеу жэне валюталык бақылау жүйесінің бірлігі;
-   валюталык  операцияларды  іске  асырған  кезде  резиденттердің 
құқықтары  мен  экономикалық  мүдделерін  қорғау  прициптерін 
басшылыққа алады.
Замануи  принциптер  мэңгілікке  берілген  принциптер  болып 
табылмайды.  Олар  экономиканың  қандай  да  бір  даму  сатысына, 
қалыптасқан  сауда,  саяси,  жағдайларға,  валюта  нарығындағы  ішкі 
және сыртқы экономикалық шарттарға байланысты өзгеруі  мүмкін.
Резиденттер  мен  резиденттер  еместер  арасындағы  валюталык 
операциялар келесі  валюталармен жэне бағалы  қағаздармен:
1. Қазақстан Республикасының валютасы тецгемен жэне банктік 
шоттардағы жэне банктік салымдардағы  қаражаттармен;
2.  шетел  валютасымен,  яғни  банкноттар,  қазыналық  билет- 
тер,  манаттар  түріндегі  ақша  белгілерімен,  сондай-ақ  шетел 
мемлекеттерінің ақша бірлігіндегі банк шоттарындағы жэне банктік 
салымдарындағы  қаражаттармен  жэне  халықаралық  ақша  жэне 
есеп  айырысу бірліктерімен;
36


3.  номиналдық  құны  ҚР  валютасымен  көрсетілген  жэне  Қа- 
зақстанда  тіркелген  эмиссиялық  бағалы  қағаздар  түріндегі  ішкі 
бағалы  қағаздармен,  сондай-ақ  Қазақстан  аумағында  шығарылған 
бағалы қағаздармен;
4.  сыртқы,  яғни  ішкіге  жатпайтын  бағалы  қағаздармен  жүр- 
гізіледі.  Валюталық  операцияларға  шетел  валютасы  мен  сыртқы 
бағалы қағаздарды қамтитын  бағалы қағаздармен жүргізілетін опе- 
рациялар да жатады.
Қазақстаның заңнамасы бойынша валюталық операцияларға:
-   резиденттер,  резиденттер  мен  резидент  еместер,  резидент 
еместер арасындағы операциялар;
-   валюталық  операциялар  бойынша  төлемдер  мен  ақша  ауда- 
рымдары;
-   валюталық  құндылықтарды,  қолма-қол  ұлттық  валютаны, 
бағалы  қағаздар  мен  төлем  қүжаттарын  алып  кіру  мен  алып  шығу, 
жөнелту;
-   экспорт  жөніндегі  есеп  айырысулар  кіретін  капиталдық 
қозғалысы жөніндегі операциялар;
-  тікелей инвестициялар;
-   бағалы  қағаздар  мен  қосалқы  қаржы  тетіктерімен  операция­
лар;
-  қаржы займдары;
-   жылжымайтын  мүлікке,  интеллектуалдық  меншікке  меншік 
құқын сатып алу;
-   біріккен  қызметке  қатысушының  өз  міндеттерін  орындау 
тұрғысында  ақшаны  жэне  басқа  да  мүлікті  беруі,  сенімхатпен 
басқару мен басқа да операциялар жатады.
Осылайша,  басқа  көптеген  мемлекеттік  реттеу  түрлері  сияқты 
валюталық  реттеу  де  өзінің  нақты  мақсатына,  міндеттері  мен 
принциптеріне  ие  болады,  осыны  басшылыққа  ала  отырып  жэне 
заңнамаға  сәйкес  ¥лтты қ  банк  өз  қызметін  жүзеге  асырады.  Бүл 
орайда  дамыған  елдердің  елеулі  практикалық  тәжірибесі  пайдала- 
нылады.
Қысқаша қорытындылары:
1. 
Мемлекет  экономиканы  реттеуде  қаржы  және  ақша-несие 
тэсілдерін белсенді пайдаланады.
37


2.  Қаржылық  жүйенің  функциональдық  қосалқы  жүйесі  бюд- 
жеттік,  салықтық,  сыртқы  экономикалық  және  басқа  да  жүйелер 
болып табылады.
3.  Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі тетігі жалпы мем- 
лекеттік қаражат болып табылады.
4.  Мемлекет  бюджеттік  өзара  байланысты,  бюджеттік  ағынның 
бағытын  белгілейді  және  бюджетаралық  қарым-қатынас  арқылы 
орталықтандырылған қорларды бөліп таратады.
5.  Салықтық  реттеу  арқылы  мемлекет  мемлекеттік  жэне  жеке- 
меншік  фирмалардың  ішкі  және  сыртқы  қызметі  үшін  жалпы 
салықтық климатты қалыптастырады.
6.  Үлттық ақша-несие саясатын айқындайтын жэне жүзеге  асы- 
ратын бірден-бір мемлекеттік орган ҚР Үлттық (орталық) банкі  бо­
лып табылады.
7.  ¥лтты қ  банк  қызметінің  мақсаты  баға  тұрақтылығы  мен 
айналымдағы ақша массасын реттеу болып табылады.
8.  Қазақстанның валюталық саясатын Үкіметпен жэне басқа ор- 
гандармен бірге өз құзыреті шегінде Үлттық банк қалыптастырады 
және  бұл  қызметі  валюталық  стратегия  мен  валюталық  реттеуді 
қамтиды.
Негізгі терминдер мен үғымдар:
• Үлттық банк
•  мемлекеттік ақша-несие саясаты
• валюталық реттеу
• валюталық бақылау
• қаржы жүйесі
•  жалпымемлекеттік қаржы
•  мемлекеттік бюджет
•  бюджеттік саясат
•  салық саясаты
•  салықтық бақылау
•  салықтық климат
Сүрақтар мен оқу тапсырмасы:
1. 
Қаржылық,  бюджеттік,  салықтық жэне ақша-несие жүйесінің 
мағынасы туралы бір-біріңізге айтып беріңіздер жэне дэлелдеңіздер.
38


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау