Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет9/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68

теу механизмі эртүрлі жерлерде тұрып жатқан халықтың жағдайын 
теңестіруге, экономиканың жекелеген саласын немесе қызмет сала- 
сын  (мысалы,  химия  саласын)  бірінші  кезекте  дамытуға  арналған 
мақсатты қаражатты бөлуге мүмкіндік береді.
Мыналар:
1)  бюджеттің  жекелеген  түрлерінің  тұрақты  бекітілген  кірісін 
белгілеу;
2) бюджеттің жекелеген түрлерінің реттегіш кірісін белгілеу;
3) бюджеттің жекелеген түрлері арасында шыгындарды бөлу;
4)  бюджет аралық дотациялар мен субвенциялар;
5)  бюджет аралық несие беру бюджеттік реттеу тәсілдері болып 
табылады.
Мемлекет  бюджеттік  өзара  байланысты,  бюджет  ағындарының 
бағыттарын  белгілейді  жэне  бюджет  аралық  қатынастар  жүйесі 
арқылы  орталықтандырылған  қорларды  бөледі.  ҚР  бюджеттік 
кодексіне  сэйкес  соңғыларының  мэнісі  бекітілген  заңдар  мен  ере- 
желер  негізінде  бюджеттер  деңгейлері  арасындағы  түсімдер  мен 
шыгындарды бөлумен, сондай-ақ олардың орындалуын бақылаумен 
айқындалады.
Мемлекеттің  бюджетті  экономикаға  эсер  ету тетігі ретінде  пай- 
далануы  бюджеттік  саясатқа  негізделеді.  Белгіленген  элеуметтік- 
экономикалық  міндеттерге  жетуі  үшін  бюджеттік  қарым-қаты- 
настарды, 
принциптерін, 
функцияларын 
пайдалану 
жүйесі 
мемелекеттік бюджеттік саясат болып табылады.  Бюджеттік саясат 
бюджеттердің,  олардың  қорларының  көтермелегіш  рөлге  ие  болу- 
ын,  қоғамдық  өндіріске  белсенді  ықпал  етуін  көздейді.  Бюджеттік 
саясат  мемлекеттік  кірістер  мен  шығындарға  тікелей  байланы­
сты  болады.  Бюджеттік  саясаттың  тиімділігі  ұлттық  нарықтық 
шаруашылықта  қалыптасатын  мүдделерді  жан-жақты  есептеуге 
байланысты болады.
Мемлекет  бюджеттік  саясатының  элеуметтік-экономикалық 
мэні  мемлекеттік  қаржы  саласындағы  мақсаттар  мен  міндеттерді 
айқындаумен,  ақша  қаражаттарын  бюджетке  жұмылдыру  меха- 
низмдерін эзірлеумен, мемлекеттік қаражатты, салықтық жэне бюд- 
жеттік  жүйені  басқаруда  бюджеттік  қаражат  бағатын  таңдаумен, 
мемлекеттік  қаражатты,  салық  жэне  бюджет  жүйесін  басқарумен, 
экономикалық  жэне  әлеуметтік  үдерістерді  фискалды  тетіктер 
көмегі арқылы реттеумен арқылы көрінеді.
27


Бюджеттік  саясаттың  мәні  -   тарату  және  бақылау  сияқты  екі 
функциясымен  айқындалады.  Тарату  функциясы  ақша  қаражатын 
мемлекет  қолына  шоғырландырумен  жэне  оны  жалпы  мемлекеттік 
қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында пайдалану арқылы жүзеге 
асырылады.  Бақылау  функциясы  бюджеттік  қаражатты  бөлудегі 
пропорция  іс  жүзінде  қалай  қалыптасақанын,  тиімді  пайдаланылу- 
да  ма  жоқ  па  соны  көрсетеді,  бюджеттік  қаражат  қозғалысындағы 
ауытқуды  байқындайды,  экономиканың  құрылымдық  буындарын- 
дағы экономикалық үдерістерді бейнелейді.
Тарату  функциясын  іске  асыру үшін  мемлекет  бюджеттік  меха- 
низмді  эзірлеп  шығарады.  Бюджеттік  механизм  бюджеттік  карым- 
қатынастардың  ұйымдық  формасының,  мемлекеттік  бюджетті  жұ- 
мылдыру  мен  пайдалану тәсілдерінің  жиынтығы  болып  табылады. 
Бюджеттік  механизм  елдің  бюджеттік  жүйесін,  биліктің  экімшілік 
органдарын,  жоғарғы  билік органдарының заңдары  мен  қаулылары 
түріндегі  құқықтық  негіздерді,  құжаттама  мен  есеп  жүйесін 
жэне  қызмет  етуі  үшін  қажетті  басқа  да  реквизиттерді  қамтиды. 
Экономикалық үдерістерді реттеу үшін  бюджеттік жүйені пайдала­
ну  мемлекеттің  құзырына  келіп  түсетін  ақша  қаражаттарымен  ма- 
неврлер жасау арқылы жүзеге асырылады.
Бюджеттік механизмнің кұрылымында:
1)  ел бюджетіне ақша қаражатын жұмылдыру механизмі;
1)  бюджет қаражатын жарату механизмі;
1) 
бюджетаралық  бөлу  механизмі  мен  қаржы  қорларын  қайта 
бөлу механизмі сияқты үш буыны болады.
Салықтық  реттеу  арқылы  мемлекет  ұйымдар  мен  кәсіпорын- 
дардың  ішкі  және  сыртқы  қызметі  үшін  салықтық  климатты  жа- 
сайды.  Салықтық реттеу әртүрлі тәсілдер жэне әдістер арқылы  іске 
асырылады. Реттеу тәсілдеріне жеңілдіктер мен санкциялар жатады. 
Реттеу эдістеріне: инвестициялық салықтық несие, мерзімін кейінге 
қалдыру,  мерзімін ұзарту, трансферттер  мен т.б.  жатады.  Салықтық 
реттеудің  түпкі  мақсаты  -   мемлекеттің,  шаруашылық  жүргізуші 
субъектілердің және ел азаматтарының мүдделерін теңестіру.
Салықтық  бақылау  нақты  орындалуды  салықтың жоспарланған 
түсіміне  жақындату  мақсатында  жоспарланған  салықтық  түсімдер 
шамасынан ауытқу себептерін талдау үшін  іске асырылады.
28


Мемлекеттің  мақсаттарына  байланысты  қандайда  бір  кездері 
қызмет етуіне қарай салықтық саясаты:
1) тұтынушыларға арналып элеуметтік түзетілген;
2)  экономиканың  өндірістік  секторының  дамуына  ықпал  етуге 
қабілетті өндірістік;
3)  тапшылықсыз  бюджетті  қалыптастаратын  бағыттарға  ие  бо- 
луы  мүмкін.  Бүл  бағытта  мемлекет  бюджет  тапшылығын  барын- 
ша  азайту  мақсатында  салықтық  түсімдерді  жоғарылатады,  сөйтіп 
кәсіпорындардың  экономикалық  дамуын  тежейді.  Осыған  орай, 
салықтық түсімдерді болашақта азайта отырып;
4)  осының  алдындағы  бір  бағытқа басымдық бере  отырып,  ара- 
лас саясат етіп жүргізуге болады.
Мемлекет тиісті механизмді құрайтын ұйымдық-құқықтық нор- 
малар  мен  тәсілдерді  жасайды.  Қазақстанда  ҚР  салықтық  Кодексі 
қабылданған.  Салықтық  жүйенің  маңызды  элементі  салық  түрлері 
мен оларды есептеу принциптері болып табылады. Мемлекет заңдық 
тұрғыда  салық  ставакаларын  белгілейді  жэне  оны  ұлғайту  жағын 
қарай  да  жэне  азайту  жағына  қарай  да  өзгертуге  құқылы.  Осылай- 
ша,  мемлекет қандай да бір тауар  өндіру мен қызмет көрсету түрін 
көтермелеу немесе шектеу құқығын резервтлейді. Осы ставкаларды 
белгілеу  көп  жағдайда мемлекеттің  шығындарына байланысты  бо­
лады.  Салықтық  саясат  алдымен  мемлекет  шығындарының  көлемі 
анықталып,  осыған орай кіріс белгіленуіне негізделеді.
Мемлекет  заңдық  тұрғыда  салықтық  базаны,  яғни  белгіленген 
салық  ставкасына  сэйкес  салық  салынуға  жататын  жалпы  сома- 
ны  белгілейді.  Мемлекет  салық  салынуға  жататын  кірістерден 
шығаруды  белгілеу  арқылы  салық  базасының  көлеміне  ықпал  ете 
алады,  осылайша төленетін салықтың шамасын азайтады.
Салықтық  саясатты  іске  асыру  үшін  мемлекет  салықтық 
механизмнің  элементтері  арқылы  салықтық  жоспарлауды,  реттеу 
мен бақылауды жүзеге асырады.
Салықтық жоспарлау арқылы мемлекет салық түсімін талдайды, 
салық салынатын базаның өсу үрдісі мен факторларын айқындайды 
жэне бюджетке түсетін салық түсімдерінің көлемін анықтайды
Салық  саясатын  жүзеге  асыру  кезінде  мемлекеттің  алдын- 
да:  эртүрлі  экономикалық  жағдайдағы  кэсіпорындардың  тиімді 
қызмет етуі, үлттық экономиканың қүрылымының бұзылмауы жэне 
қоғамдағы  әлеуметтік  тұрақтылық  сақталуы  үшін  қандай  ставка-
29


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау