12,6% деңгейді болжаған. Бәрінен де дэл болжағандар «Citilnvest
mentResearchandAnalysis» талдаушылары болды, олар «Citilnvestm
entResearchandAnalysis», инфляцияның 6% төірегіндегі болатынын
болжады.
ЖІӨ өсімі 1% қүрады. Дегенмен Fitch и Standard&Poons агенттігі
тиісінше 3 жэне 3.5% қүлдырауды болжаған еді. «Халыкфинанс»
тіпті 6%-ға, ал ХВҚ- 2%-ға азаюды айтқан.
Дегенмен гылыми-негізделген болжамдарды жасау мемлекеттік
басқару органдарының қазіргі таңдағы маңызды функцияларының
бірі болып табылады, өйткені болжамдар экономикалық үдерістер
қозғалысы мен дамуының үрдістерін жэне зандылықтарын
айқындайды.
3.2 Мемлекеттік реттеу жүйесіндегі макроэкономикалық
бағдарламалау.
Дамыған елдерде, эсіресе дамушы елдерде мемлекеттік бағ-
дарламалау стратегиялық жоспарлаудың маңызды тетіктерінің
бірі ретінде маңызды рөл атқарады. Ол даму стратегиясының ба-
сым бағыттары бойынша қалыптасады. Осы бағдарламалардың
аясында мемлекет ірі, қоғамдық мэнді мәселелердішешуде, мыса-
лы, Балқаш ЖЭС-інің күрылысы, АҚШ ғарыштық зерттеу жэне
т.б. сияқты бағдарламаларды іске асыруда тапсырыс берушінің,
үйымдастырушының, үйлестірушінің рөлінде көрінеді. Мақсатқа
жету үшін ұзақ уақыт бойы өзара байланысқан міндеттер кешені
шешіледі, мұнда бағдарламалық-мақсатты қырынан келу тәсілі
пайд аланы лады. Осыган сэйкес нормативтік акт қабылданып, онда:
1) мемлекеттік басқару органдары (тапсырыс берішілер де
орындаушылар да);
2) орындаушылар әрекетінің тэртібі;
3) шешімін шығаруға жатқызылған сапалық, қүн параметрлері
мен алу, бағалау жэне нәтижелерді қабылдау сияқты міндеттер-
қосалқы мақсаттар тізбесі;
4) бағдарламаны орындаудан болатын тиімділік айқындалады.
Мақсатты бағдарламаны жасағанда мемлекеттік билік ор
гандары мақсаттарын, бағдарламаны іске асыруға кеткен уақыт
46
пен қорлар шығынын көрсетулері тиіс. Бюджеттік жоспарлаудың
мақсатты бағдарламамен уақыт пен кеңістіктегі өзара байланы-
сын анықтай отырып, орындаушы-ұйымдарға ықпал ету жолдары
мен шараларын анықтайды. Мемлекеттік мақсатты бағдарламалар
объектілеріне: экономиканың құрылымы, инвестициялар, елдің
аймақтары, мемлекеттік бюджет, сыртқы экономикалық байланыс,
ауыл шаруашылығы, ғылыми-техникалық зерттеулер, институцио-
налды саясат, әлеуметтік сала жэне т.б. жатады. Осы объектілерге
ықпал ету арқылы бағдарламаларды орындау кезінде мемлекеттің
реттеуші рөлі отандық кәсіпкерлерді қолдаудан, еңбек ресурста-
рын бөлу мен түзетіп реттеуден, нарықтық экономиканың жекеле-
ген элементтерін шектеу мен көтермелеуден, элеуметтік саланың,
соның ішінде білім беру, медициналық қызмет көрсету, басқа да
инфрақұрылымдық кешендердің қызмет етуін қамтамасыз етуден
көрініс табады. Осылайша, макроэкономикалық бағдарламалау
елдің бүкіл экономикасының жэне оған қол жеткізу жолдарының,
тәсілдерінің моделін жасау болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында макроэкономикалық бағдар-
ламалау функцияларына:
1) белгілі бір уақыт кезеңі аралығына ұлттық экономика да-
муының тактикалық жэне стратегиялық мақсаттарын айқындау;
2) даму бағдарламасын жасау кезеңіне ұлттық экономика да-
муының жай-күйі мен болашағын талдау:
3) өздерінің жеке бағдарламаларын жасау үшін шаруашылық
жүргізуші субъектілерге мемлекеттік макроэкономикалық бағ-
дарлама бойынша тұтастай алғанда ел экономикасының даму
болашағы мен олардың қызмет салаларының даму болашағы тура-
лы ақпараттар беру;
4) мемлекеттік жэне жеке меншік үйымдардың мемлекеттік бағ-
дарламаларды пайдалану және орындауы үшін заңнамалық ере-
желерді, нормативтер мен нұсқаулықтарды белгілеу;
5) мемлекеттік бағдарламаның таңдап алған тактикасы мен стра-
тегиясын іске асыру тетіктерін анықтау жатады.
Қазіргі замандағы нарықтық экономикада мемлекеттік бағ-
дарламалар мерзімдері, мақсаттары мен объектілері бойынша
жіктелетін эртүрлі бағдарламалардың жиынтығы болып табылады.
Мерзімдері бойынша билік органдары қысқа мерзімді (1 жылға),
47
орташа мерзімді (2-3 жылға), ұзақ мерзімді (5-10 жылға) арналған
бағдарламаларды әзірлеп шығарады. Мақсаты бойынша әзірле-
генде құрылымдық, тұрақтандырушы, қаржылық, төтенше бағ-
дарламалар бөліп көрсетіледі. Мемлекеттік тұрақтандыру бағ-
дарламасы қоғамдық өндірістің жекелеген салаларын түзетуге
бағытталған. Құрылымдық мемлекеттік бағдарлама ұлттык эко-
номикадағы диспропорцияны жоюға бағытталған. Қаржылык бағ-
дарлама қаржы министрлігі мен ұлттық банкі әзірлеп шығаратын
елдің бюджеті мен ақша-несие жүйесінің даму болашағын ай-
қындауға бағытталған. Төтенше мемлекеттік бағдарлама күрделі
ситуациялардың қалыптасу жағдайы тұрғысында әзірленеді және
онда оларды жою жолдары қарастырылады. Сонымен, бағдар-
ламалау мемлекеттік реттеудің барлық тетіктерін пайдалануға
жэне белгіленген шаралар жөнінде мемлекеттік органдар мен шар-
уашылық жүргізуші субъектілер эрекеттерінің үйлесімсіздігін,
кэсіпкерлердің шығынға ұшырауы мен артық өнім өндіруін бол-
ғызбауға мүмкіндік береді. Бұл орайда, мемлекеттік билік орган-
дары мемлекеттік қаржылық көтермелеу, тапсырыстар, сатып
алулар, жүргізілетін тендерлер көпе-көрнеу жэне көп жағдайда
жекелеген кәсіпорындар мен мекемелердің бэсеке кабілеттілігіне,
қаржылық жағдайына, аймақтар жағдайына, қоғамдық өндіріс са-
ласына, әлеуметтік топтарға кереғар эсер ететінін жэне мүдделері
ескерілмеген жэне шектелгендердің наразылығын туғызуы мүмкін
екенін де қаперлерінде ұсагандары жөн.
Әлемдік тэжірибеде экономикалық багдарламалардың жасам-
паздыгы келесідегідей іске асырылады:
Біріншіден, макроэкономикалық немесе салалық, яки басқа
багдарламаның жасалуы нобайланады, қай мерзімге жасалуы жэне
жасау мерзімдері айқындалады ,
Екіншіден, бағдарламалау объектісінің жай-күйі талданады,
оның дамуы мен күтілетін орындалу жайына болжам жасалады;
Үшіншіден, бағдарламаланатын кезеңге күтілетін ЖІӨ-нің,
мемлекеттік бюджеттің алдын ала есебі жасалады жэне пропорци-
ялар моделі түзіледі;
Төртіншіден, мемлекеттік тапсырыстардың жобалары, өнді-
рушілермен жэне қызметтерін үсынушылармен келісімшарттар
көлемі анықталады, өндірушілер мүмкіндігімен үйлестіру іске асы
рылады;
48
Достарыңызбен бөлісу: |