Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет20/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68

Мемлекет  өзінің  меншігін  жергілікті  жерлердегі  тиісті  ор- 
гандар  арқылы  жэне  олардың  бағыныштылығы  мен  тиесілігіне 
қарай  мемлекеттік  деңгейде  басқарады.  Айталық  еліміздің  пре­
зидент  аппаратына  тиесілі  ғимараттар,  көлік,  жабдықтар  барлық 
қызметтердің  қызмет  етуін,  барлық меншіктің  сақталуын  іркіліссіз 
қамтамасыз  етумен  жан-жақты  айналысатын  шаруашылық басқару 
аппараты  арқылы  басқарылады.  Мұндай  қызметтер,  элбетте  тиісті 
көлемде,  барлық министрліктер мен мекемелерде болады.
Меншіктің,  мысалы,  жер  сияқты  басқа  түрлеріне  аудандардың, 
облыстардың  және  республиканың  жер  комитеті  жауапты  болады 
жэне басқарады, олар бүкіл ел бойынша қандай да бір жер төлемінің 
кімге тиесілі  болу мәселесін шешеді және рәсімдейді.
Мемлекеттік  холдингтердегі  іс  басқаша  болады.  Айталық 
«Самрүқ-Қазына»  -  ¥ И Қ   АҚ үлттық  басқару  холдингі.  Ол  ұлттык 
экономиканың  бәсеке  қабілеттілігін  жэне  орнықтылығын  артты- 
ру  жэне  элемдік  нарықтағы  өзгерістердің  ықтимал  жағымсыз  эсер 
ету  факторларының  алдын  алу  үшін  құрылған.  Мемлекет  қордың 
бірден-бір  акционера  Қордың  директорлар  Кеңесінің  төрағасы  ҚР 
Премьер-Министрі.  Қор  директорлар  кеңесінің  қүрамына  эконо­
мика  мен  сауда,  қаржы,  энергетика  мен  минералдық  қорлар,  инду­
стрия  мен жаңа технология  министрліктерінің бірінші  басшылары, 
тәуелсіз  директорлар,  Қор  басқармасының  төрағасы  мен  басқа  да 
адамдар  кіреді.  Қор  қызметін  қаржыландыру  жарғылық  капитал 
қаражаты  мен  компаниялар  мен  басқа  да  табыс  көзінен  есебінен 
түсетін кірістер есебінен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік  холдингтің  реттегіш  рөлі  Қордың  акционер  ре- 
тінде  жэне  компания  Директорлар  Кеңесіндегі  өкілдігі  арқылы, 
инвестициялық  жобаларды  жекелей  немесе  басқа  компаниялар- 
мен,  шетелдік  стратегиялық  жэне  отандық  инвесторлармен  бірге 
қаржыландырумен іске асырылатынын  атап өту керек.
Мемлекеттік  меншіктің  басқа деңгейін  «Ұлттық  компания»  АҚ 
қүрайды,  оған  «Қазмүнайгаз»,  «Қазатомпром»  жэн  т.б.  бірқатар 
жүйе  құрушы  компаниялар  кіреді.  Мүндағы  бірден-бір  акционер 
-   «Самрұқ-Қазына»  мемлекеттік  холдингі.  Құрылтайшысы  -   ҚР 
Үкіметі.  Мемлекеттік  холдинг  бірден-бір  акционер  ретінде  АҚ-ды 
басқаруға қатысады, дивидендтер алады, АҚ директорлар кеңесінің 
мүшелерін  сайлайды,  жарғыға  өзгертулер  мен  толықтырулар 
енгізеді,  Корпоративтік басқару кодексін,  АҚ-ны  қайта құру немесе
62


таратуды  бекітеді,  Қоғамның стратегиялық даму бағытын жэне т.б. 
бекітеді.
Осылайша,  мемлекет  өзінің  холдингі  арқылы  ұлттық  компа- 
нияларға  ықпал  етеді,  сөйтіп  қандай  да  бір  мақсаттарға  қаражат 
бөле  отырып,  бүкіл  мұнай-газ  немесе  уран  өндірісіне  немесе 
қоғамдық  өндірістің  басқа  да  салаларына  ықпал  етеді.  Мемлекет 
мемхолдингті  басқаруға  қатыса  отырып,  компаниялар  ұжымының 
күшін  шаруашылықты  тиімді  жүргізуге,  қоғамдық  өндірістің  осы 
саласына  шетелдік  жэне  өзіміздің  жекеменшік  компаниялардың 
қатысуын  арттыруға  немесе  азайтуға  жұмсауға  бағыттайды,  жаңа 
кәсіпорындардың  қүрылуын  көтермелейді,  сөйтіп  жаңа  жұмыс 
орындарын ашады жэне басқа да әлеуметтік мэселелерді шешеді.
Мемлекеттік  меншіктегі  республикалық  мемлекеттік  кәсіпо- 
рынында  іс  біршама  басқаша  болады.  Мұндай  кәсіпорынға  мы- 
салы,  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  үлттық  университеті  жатады. 
Тиімді  қызметін  жэне ұтымды  шаруашылық жүргізуін  қамтамасыз 
ету мақсатында РМК уәкілетті орган арқылы басқарылады. Универ­
ситет  РМК-на  электр,  сумен,  жабдықпен  жэне  т.б.  қамтамасыз  ету 
сияқты қызмет етудің қажетті құралдарын тұтыну арқылы қоғамдық 
өндірістің  басқа  салалары  да  ықпал  етеді.  РМК  университеттің 
өзінің қоғамдық өндірістің басқа салаларына ықпалы негізінен кад- 
рлар  даярлау  жэне  ғылыми  зерттеулер  нәтижелері  арқылы  жүреді. 
«Қазақстан  Темір  Жолы»  РМК  болса,  тауарлар  түріндегі  жүк, 
адам  тасымалына  байланысты  поездардың  іркіліссіз  қозғалысын 
қамтамасыз  ету  және  басқа  фирмалардың  тасымалды  іске  асыру 
үшін  қажетті  тауарлары  мен  қызмет  көрсетулерін  тұтыну  арқылы 
ықпал етеді.
Мемлекеттік  меншік  пен  оның түрлі  институттарының рөлі  ту- 
ралы ойымызды қорытындылай келе соңғыларының келесі функци- 
яларды атқаратынын атап өту керек:
-  дамудың  стратегиялық  бағдарларын  әзірлеп  шығарады  жэне 
қоғамға  ұсынады  жэне  осы  мақсаттарға  жету  үшін  мемлекеттік 
меншік арқылы жекеменшік кәсіпкерлікке ықпал етеді;
- мемлекеттік меншік пен оны басқаратын меморгандар арқылы 
мемлекет  жекелей,  экономикалық,  экологиялық  қауіпсіздікті,  та­
уарлар  мен  қызмет  көрсетулер  салаларында  бизнес  пен  қоғам- 
ның  арасындағы  ұдайы  пайда  болатын  қайшылықтарды  жөнге 
келтіреді;
63


-  ұлттық  экономикадағы  мемлекеттік  меншіктің  үлесін  реттеу 
жэне  элемдік  аренада  қазақстандық  бизнестің  мүдделерін  қорғау 
арқылы үлттық мүддерелерді қорғайды;
-  экономикадағы  қайта  жаңғыру  үдерістеріне  жэне  жұмыспен 
қамтылу  көлеміне  мемлекеттің  ықпал  етуі  тауарлар  мен  қызмет 
көрсетулерді мемлекеттік сатып алулар арқылы көрініс береді;
-  әлемдік  шаруашылықта  Қазақстанның  экономикалык  жағда- 
йының  орнықты  болуы  негізінен  ұлттық  байлыққа  арқа  сүйейді, 
бүл  орайда  мемлекеттік  меншіктің  үлттық  байлықтың  негізгі 
компоненттеріне тікелей қатысы болады;
-  мемлекет  тауарлар  мен  қызмет  көрсетулерді  жеткізіп  беру- 
шілерге  тұтынушы,  сапаның  белгілі  бір  деңгейін  айқындайтын  ор­
ган ретінде  ықпал  етеді.  Мысалы,  Евро  2,3,4,5  бензиніне  стандарт- 
тар.
Мемлекеттік  билік  органдары  орталықта  және  жергілікті  жер- 
лерде  кәсіпорындарды,  мекемелерді  кұра  отырып  немесе  кандай 
да  бір  тауарлар  мен  қызмет  көрсетулерді  сатып  алып,  оларға 
бағаларды  жэне  т.б.  белгілей  отырып,  мемлекет  жеткізіп  беру- 
шілерден тауардың белгілі бір сапасын, қасиетін талап етеді. Сөйтіп 
мемлекеттік меншік олардың қызметін белгілі бір нарыққа бағыттай 
отырып, жеке жэне басқа да меншікке түрлі жолдармен ыкпал етеді.
4.3.  Мемлекеттік меншіктің экономика 
құрылымына ықпалы.
Мемлекеттік  меншіктің  болуы  экономиканың  құрылымына 
ықпал етпей түра алмайды, өйткені осы меншіктен түсетін кірістерді 
фирмалар  мен  халықтың  өндірістік  жэне  жеке  қажеттіліктерін 
ғанағаттандыру  мақсатында,  қоғамдық өндірісті дамыту үшін  одан 
эрі  қарай  орналастыру  қажет  болады.  Осыдан  келіп  экономиканың 
қүрылымын  жэне  өндірістік  пен  өндірістік  емес  кэсіпорындарды 
орналастыру  заңдылықтарын  қарастыру  мәселелері  туындай- 
ды.  Бір  жағынан,  ақпараттық  технология  қарышты  дамып  жатқан 
қазіргі жағдайда мемлекет экономиканың жеке  меншік секторының 
кәсіпорындарды  орналастыру  жэне  құру  үдерісіне  қатысы  болмай 
бей-жай  бақылай  алмайды  жэне  бүл  ең  алдымен  сапалық  парамет- 
рлерге,  яғни  олар  техниканың  соңғы  жетістігіне  сэйкес  салынуда 
ма,  шетел  өндірушілерімен  бэсекеге  қабілетті  ме  деген  мәселеге
64


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау