Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет8/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68

7  Сіз  экономиканы  реттеудегі  мемлекеттің  функциясы  туралы 
оқыдыңыз.  Осыған  орай  ҚР  экономикасында  осы  функцияларды 
жүзеге  асыру  жөіндегі  қазақстандық  үкіметтің  эрекеттеріне  баға 
беріңіз.
8.  2007-2009  жылдардағы  қаржылық-экономикалық  дағдарыс 
жағдайында ҚР үкіметі қандай мақсатты көздеді?
Әдебиет:
1.  Стиглиц Дж.  Крутое пике:  Америка и новый экономический 
порядок после глобального кризиса.  М. 2011  г.  Гл.  9.
2.  Жатканбаев Е. Б. Методология исследования экономики. Ал­
маты.  1999 г.  Гл.  1,2.
3.  Жатканбаев  Е.  Б.  Основы  формирования  смешанной  эконо­
мики.  А л м а-А та.  1992 г.  Гл.  1.  §  1.2 и  1.3.
4.  Бибатырова  И.  А.,  Сагындыкова  Г.К.  Государственное  регу­
лирование национальной экономики. Алматы. 2008 г. Гл.  1-3.
5.  Прудников  В.  М.  Государственное  регулирование  предпри­
нимательской деятельности.  М.  2010 г.  Темы  1,  2.
6.  Елемесов Р. Е., Жатканбаев Е. Б. Государство и нарық. Алма­
ты.:  Қаржы -  Қаражат.  1997 г.  Гл.  1-3,  5.
23


2.  Э К О Н О М И К А Н Ы   М Е М Л Е К Е Т Т ІК   РЕТТЕУ Д Щ  
ЭК О Н О М И К А Л Ы Қ  Т Ә С ІЛ Д ЕРІ  М ЕН   ТЕ Т ІК Т Е РІ.
2.1.  Қаржылық механизмдері мен тәсілдері және
ЭМР тетіктері.
Тэсіл  әдіс  ретінде  нақты  экономикаға  практикалық  ықпал  ету 
амалдарының  жиынын  қамтиды.  Экономиканы  мемлекеттік реттеу 
тэсілдері  басқару  субъектісінің  реттеуге  жатқызылған  нысанға  ті- 
келей практикалық ықпал ету әдісі  болып табылады.
Реттеу күрделі көпфакторлы құбылыс ретінде оны іске асырудың 
нақты  механизмін  әзірлеп  шығару  үдерісінде  жүзеге  асырылады. 
Шаруашылық жүргізу механизмі экономиканың белгілі бір жағдай- 
ға  жетуі  үшін  қабылданған  шаруашылық  жэне  саяси  шешімдерді 
қабылдау мен оларды рет-ретімен іске асыру болып табылады.
ЭМР  механизмі  экономикалық  өмірдің  өзі  сияқты  алуан  түрлі, 
бірақ  реттеу  тәсілдері  мен  тетіктері  одан  да  гөрі  көп  түрлі  бола- 
ды.  Мұндай  көптүрлілік  құрамдас  бөлігі  нарықтық  экономика  бо­
лып  табылатын  аралас  экономиканың  заңдылықтарымен  айқында- 
лып  қойған.  Реттеу  механизмінің  шаруашылық  жүргізу  үдерісінің 
объектілері  мен  субъектілеріне  осы  арқылы тікелей  ықпал  етететін 
белгілі бір тетіктері болады.
Шаруашылық  механизмінің  тетіктері  -   ол  мақсатқа  жету  үшін 
экономикалық,  саяси,  қаржылық  жэне  басқа  құралдарды  қолдану 
тәсілі.
Мемлекеттік  реттеу  жүйесіндегі  реттеудің  экономикалық  тэ- 
сілдеріне  қаржылық  механизм  жатады.  Қаржылық  механизм 
ұғымы  ақша  қаражаты  қорларын  қалыптастыру,  болу  жэне  пайда- 
лану  жөніндегі  қарым-қатынастар  мен  сол  қатынастарды  ұйым- 
дастыратын  институттар  қарым-қатынастарының  жиыны  болып 
табылады.  Қаржы  жүйесі:  біріншіден,  қаржы  қарым-қатынасының 
жиынынан,  екіншіден,  ақша  қаражаты  қорының  жиынынан  жэне 
үшіншіден,  мемлекеттік,  коммерциялық  жэне  коммерциялық  емес 
құрылымдарды  басқару  аппаратынан  түрады.  Қаржылық  жүйе 
нарықтық  экономиканың  даму  деңгейімен  тығыз  байланысты 
болады.  Нарықтық  байланыстардың  күрделенуі  экономикалық
24


байланыстардың  да  эртүрлілігіне  әкеп  соғады,  осының  салдары- 
нан  қаржылық  жүйенің  күрделенуі  мен  қаржылық  қаражаттың 
өсуі  туындайды.  Қаржылық жүйенің  дамуы  мен  өлшемі  мемлекет- 
тің  функциясын  кеңейтеді  және  пайдаланатын  тәсілдер  ішкі 
жэне  сыртқы  экономикалық  функцияларын  орындаудағы  билік 
қүрылымдарының  ауқымды  икемділігін  қамтамасыз  етеді.  Ара- 
лас  экономикада  нарықтық  қатынастардың  дамуы  қаржылай  емес 
тетіктерді де пайдалануды туындатады.
Бюджеттік,  салықтық, сыртқы экономикалық жэне басқа да эле- 
менттер  қаржы  жүйесінің  функционалдық  қосалқы  жүйесі  болып 
табылады.
Қазақстан  Республикасы  қаржы  жүйесінің  құрылымына  жал- 
пы  мемлекеттік  қаржы,  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің 
қаржысы  мен  халықтың  қаржысы  кіреді.  Мемлекеттік  бюджет- 
тен,  бюджеттен  тыс  арнайы  қорлардан  және  мемлекеттік  несиеден 
тұратын  жалпымемлекеттік  қаржы  экономикалық  қатынастарға 
ықпал етудің негізгі тетігі.
ҚР бюджеттік жүйесінің қаржылық механизмі келесі топтарға:
-   орталықтандырылған  ақша  қаражаттарының  қалыптасу  үде- 
рісіндегі кәсіпорындары бар мемлекетке;
-  бюджеттік қаржыландырудағы ұйымдары мен мекемелері бар 
мемлекетке;
-  бюджет түсімдерін жэне  элеуметтік қолдау көрсету жөніндегі 
түрлі төлемдерді қалыптастыруға қатысты халқы бар мемелекетке;
-  қаржылық-банк жүйесінің институттарына;
-   қаржылық,  сауда-саттық  жэне  басқа  да  экономикалық  мәсе- 
лелер  бойынша  шетелдермен  қарым-қатынасы  бар  мемлекетке 
негізделеді.
Қаржылық  қарым-қатынастардың  барлық  аталған  топтары 
қазіргі  заман  жағдайында  мемелекеттің  реттегіштік  рөлі  қай  ба- 
ғытта  дами  алатынын  көрсетеді.  Қаржылық,  несиелік,  бюджеттік 
қатынастардың  мемлекеттің  дамуындағы  рөлі,  орны  мен  маңызы 
ЖІӨ  жағдайымен,  жұмыссыздық,  инфляция  деңгейімен  жэне  т.б. 
айқындалады.  Соңғыларының жай-күйі  тікелей үкімет  қабылдаған 
экономикалық саясаттың нәтижелілігін сипаттайды.
Осы  қарым-қатынастардың  спецификасы  қатысушысы  міндет- 
ті  түрде  мемлекет  болып  табылатын  бөлу  қатынастарынан  тұра- 
ды.  Екіншіден,  олар  жалпы  мемелекеттік қажеттіліктерге  арналған
25


орталықтандырылған  ақша  қаражатының  қалыптасуына  жэне  оны 
пайдалануға байланысты болады.
Мемлекеттік  реттеу  бюджеттік  өзара  байланыстарды,  бағыт- 
тарды  қалыптастару  мен  түзетуден  көрініс  береді,  осылайша  бюд­
жетник қарым-қатынастарға эсер  етеді.
Мемлекеттік  бюджет  елдің  негізгі  қаржылық  құжаты  болып 
табылатыны  белгілі,  онда  заңды  тәртіппен  бекітілген  мерзімдегі 
барлық кірістер мен шығындар көрсетіледі.
Мемлекеттік  құрылымға  байланысты  бюджеттік  жүйенің  құ- 
рамы  айқындалады.  Федеративті  және  унитарлық  кұрылыс  болуы 
мүмкін.  Қазақстанда  унитарлы  мемлекеттік  қүрылыс  және  бюд- 
жеттік  жүйе  мемлекеттік  жэне  жергілікті  бюджеттрден  түрады. 
Мемлекет  өз  қызметін  атқарғанда  мемлекеттік  бюджеттің  келесі 
функцияларын  басшылыққа  алады:  жүмылдыру  функциясы,  мұн- 
да  билік  органдары  қаржы  ресурстарын  өз  міндеттерін  орындау 
үшін  шоғырландырады;  әлеуеметтік  функциясы,  мұнда  ресур- 
старды  халықтың  эртүрлі  тобына  бөлу  жүргізіледі;  тұрақтандыру 
функциясы,  яғни  ел  экономикасының  үдайы  жэне  тұрақты  даму- 
ына  жағдай  жасалынады;  институционалды,  яғни  әртүрлі  мем- 
лекеттік  құрылымдардың  материалдық  жэне  қаржылық  базасын 
қалыптастыру мен демеуге әрекет етеді.
Біздің  еліміздің  Бюджеттік  кодексіне  сәйкес  Қазақстан  Респу- 
бликасы  бюджеттік жүйесінің құрамына республикалық,  облыстық 
бюджеттер мен республикалық маңызы бар қалалардың, астананың 
жэне  аудандардың  бюджеттері  кіреді.  Бюджеттік  Заңнама  бойын- 
ша  бюджеттік  құрылымға  Мемлекеттік  төтенше  бюджет  пен  ҚР 
Ұлттық қоры кіреді.
Бюджеттік  жүйеде  ел  Парламенті  қабылдайтын  жэне  ҚР 
Президенті бекітетін республикалық бюджет негізгі орын алады.
Мемлекет Қазақстан бюджеттік жүйесінің реттелуін қамтамасыз 
ете  отырып,  бюджеттік  кірістердің  жэне  шығыстардың  принцип- 
терін,  тэсілдерін  қалыптастыру  әдістерін  өзгертеді.  Мемелекеттік 
бюджеттік  саясаттың  негізгі  принциптері  республикалық деңгейде 
түзіледі.  Бюджеттік  реттеу  механизмінің  негізін  экономикалық 
қарым-қатынастардың тұтастай жүйесін ұйымдастыру қүрайды.
Осылайша,  бюджеттік  реттеу  механизмінің  жүйесі  -   осылар 
арқылы  түрлі  деңгейдегі  бюджет  арасында  бөлу  мен  қайта  бөлу 
іске  асырылатын  тетіктер  мен  түрлердің  жиыны.  Бюджеттік  рет-
26


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау