Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39


ка  емес,  ақша ұсынымы  өсу  қарқынының  болуы  жэне  мемлекеттің



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет11/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68

ка  емес,  ақша ұсынымы  өсу  қарқынының  болуы  жэне  мемлекеттің 
басты  банкі  ақша  массасының  3-5%  тұрақты  өсу  саясатын  жүзеге 
асыруы  міндетті  деп  есептейді.  Олардың  пікірінше,  бүл  нақты 
өндірістің өсуін қамтамасыз  етеді  жэне  шамадан тыс  инфляциялық 
үдерістерді туындатпайды.
Бұл  көзқарас  өмірдің  барлық  жағдайларына  дауа  бола  қоймас 
деген  ойдамыз.  Ақша  массасының  өсу  қарқыны  экономиканың 
жай-күйіне,  жандану  фазасының  өтуіне,  өрлеуге,  дағдарыс  пен 
депрессияға  байланысты.  Конъюнктура  мен  циклдық  ауытқулар 
экономиканың  дамуына  өз  түзетулерін  енгізеді,  бірақ  ақшаның  ба- 
сып  шығарылуын  тоқтата  алмайды.  Тек  нақты  өндірістің  өсуі  ғана 
шамадан  тыс  инфляциялық  үдерістерді  туындата  алмайды  жэне 
сондықтан бүкіл ел аумағы бойынша нақты өндірістің біркелкі өсуі 
болған жөн.
ҚР  Ұлттық  банкінің  ақша-несие  саясатының  механизмінде 
инфляцияға  қарсы  саясат  айрықша  орын  алады.  Мемлекеттің 
инфляцияға қарсы саясатының механизмінде келесілер:
1)  жиынтық  сұранысты  кеңейту  жэне  жиынтық  сүранысты  те- 
жеу  арқылы  инфляция қарқынын томендетуге;  эртүрлі жеңілдіктер 
мен  сыйақы  арқылы  тауар  өндірісін  ұлғайтуға;  жаңа  техника  мен 
технологияның,  тұтыну  тауарларының  импортын  көтермелеуге; 
салымдар  бойынша  пайыздық  ставкаларды  арттыру  арқылы 
халықтың  сақталымдарын  жандандыруға  бағытталған  қысқа 
мерзімді тәсілдер;
2) инфляциялық үдерістерді реттеуге бағытталған, атап айтқанда 
кірістер  саясаты;  бюджет  саясаты;  құрылымдық  саясат  жэне  т.б. 
сияқты ұзақ мерзімді тәсілдер айқындалады.
Осы  шаралардың  барлығы  экономиканың,  мемлекет  қара- 
жатының түрақтануына,  елдің ақша ж үйесіндегі инфляция қаупінің 
төмендеуіне ықпал етеді.
2.3.  ¥лттық экономикада валюта бағамын 
мемлекеттік реттеу.
Әлемдік  экономиканың  субъектілері  ретінде  айқындалған 
жэне  тәуелсіз  мемлекеттер  өзінің  экономикалық,  саяси,  ұлттық 
жэне  басқа  да  мүдделеріне  сэйкес  өз  валютасын  жасайды  немесе 
аймақтық (евро жэне т.б.  сияқты) валютаға көшеді.
33


Валюталық  реттеудің  мақсаты  біртұтас  мемлекеттік  валю­
та  саясатын  жүзеге  асыру,  ұлттық  экономиканың  қарышты  өсу 
факторы  ретіндегі  ішкі  валюталық  нарықтың  орнықтылығы  мен 
тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Валюта  бағамын 
мемлекеттің  реттеудің  міндеттері  мыналар  болып  табылады:  а)  та- 
уарлар  мен  қызмет  көрсетулердің  экспорты  мен  импортын  көтер- 
мелеу  арқылы  сыртқы  экономикалық  қызметтің  жағдайларын  рет- 
теу;  б)  капитал  қозғалысын,  сыртқы  сауда  саясатын  оңтайландыру 
және  т.б.  тетіктер  арқылы  елдің төлемдік  балансын  реттеу.  Ұлттық 
валютаны  девальвациялау,  ревальвациялау,  (ұлттық  немесе  ше- 
тел)  валюталарын  сатып  алу  жэне  сату  түріндегі  валюталык  ин­
тервенция,  валюталық  шектеулер  жэне  т.б.  валюта  бағамын  реттеу 
тетіктері  болып табылады.
Қазақстанның  валюталық  саясатын,  Үкіметпен  және  баска 
да  органдармен  бірлесе  отырып,  өз  құзыреті  шегінде  ҚР  Ұлттық 
Банкі  қалыптастырады  және  валюталық  стратегия  мен  валюталык 
реттеуді  қамтиды.  Валюталық  реттеудің  негізгі  органы  ҚР  ¥лтты к 
банкі  болып  табылады.  Валюталық  стратегия  валюта  бағамының 
тұжырымдамасынан  және  валюта  бағамы  түзетілетін  тетіктердің 
жиынынан  түрады.  Валюталық  реттеу  валюта  операциялары- 
ның  тәртібі  мен  валюталық  бақылауды  жүргізу  тәртібін  айкын- 
дайтын  нормативтік-құқықтық  актілер  (заңнамалар)  жиыны  болып 
табылады.
Валюталық реттеу:
-  валюта конвентрациясын реттеуден;
-  валютамен ағымдағы  операцияларды реттеуден;
-  капитал қозғалысын реттеуден түрады.
Қазақстанда  валюталық  реттеу  мен  валюталық  бақылау  осы- 
дан  кейінгі  өзгерістері  мен  толықтырулары  бар  2005  жылғы  13 
маусымдағы «Валюталық реттеу мен валюталық бақылауы туралы» 
ҚР  Заңымен,  ҚР  ¥Б-ның  нормативтік-қүқықтық  актілерімен,  ҚР 
¥ Б   белгілеген  біртүтас  ережелермен  және  Қазақстанның  басқа  да 
заңдарымен реттеледі.
Заңдарға  сәйкес  валюталық  реттеудің  мақсаттары  орнықты 
экономикалық  өсімге  қол  жеткізу  жоне  экномикалық  қауіпсіздікті 
қамтамасыз  ету  жөніндегі  мемлекеттің  экономикалық  саясатына 
қолдау  корсету болып  табылады.  Аталған  мақсаттардан:
34


1)  ҚР-дағы  валюталық  құндылықтар  айналымының  тэртібін 
белгілеу;
2)  ҚР-ның  элемдік  экономикаға  одан  эрі  қарай  интеграциялану 
шарттарын жасау;
3)  Валюталық  поерациялар  мен  каптиал  ағыны  жөніндегі 
ақпараттық базаны қамтамасыз ету сияқты міндеттер туындайды.
Валюталық бақылаудың  мақсаты  олар  валюталық операциялар- 
ды жүгізгенде ҚР резиденттерінің жэне резиденттері еместердің ҚР 
заңдарын сақтауын қамтамасыз ету.  Осы мақсаттан:
1)  жүргізілетін  валюталық  опреациялардың  заңнамаға  сәй- 
кестігін анықтау;
2)  валюталық  операциялар  бойынша  төлемдердің  негізділігін 
жэне оларды іске  асыру үшін тиісті құжаттардың болуын тексеру;
3)  валюталық  операциялар  бойынша  есепке  алу  мен  есеп 
берулердің  толықтығы  мен  объективтілігін  тексеру  сияқты  мін- 
деттер шығады.
Мемлекеттік  валюталық  реттеу  үшін  жеке  жэне  заңдық 
тұлғаларды  олардың  орналасқан  жеріне  жэне  осыған  сәйкес 
жасалған заңнамаларға сәйкес резиденттер мен резидент еместерге 
бөлудің маңызды мәні бар.
Қазақстан заңнамасына сәйкес:
-  Қазақстан  ының  азаматтары,  соның ішінде шетелдерде тұрып 
жатқан  немесе  республикадан  тысқары  жерлерде  мемлекеттік 
қызметте  жүрген,  сол  мемлекеттің  заңнамасына  сэйкес  шетелде 
тұрақты тұру қүқына берілген күжаты бар азаматтары;
-  ҚР-да тұрақты тұруға құжаты бар шетелдіктер мен азаматтығы 
жоқ адамдар;
-   ҚР  заңнамасына  сәйкес  құрылып,  ҚР  аумағында  орналасқан 
барлық  заңды  тұлғалар,  сондай-ақ  ҚР  аумағындағы  жэне  одан 
тысқары жерлердегі  филиалдары мен өкілдіктері;
-   Қазақстаннан  тысқары  орналасқан  ҚР  дипломатиялық,  сауда 
өкілдіктері  мен  басқа  да  ресми  өкілдіктері  резиденттер  болып  та- 
былады.
Мыналар:
-   Резиденттерге  жатпайтын  жеке  түлғалар,  заңды  тұлғалар, 
олардың филиалдары мен өкілдіктері;
35


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау