157
түрінде) болады. Мезгілінде толықтырып, өзгертіп отыруға ыңғайлы
болғандықтан, карточкалы каталог көп тараған.
Библиографиялық көрсеткіштермен жұмыс істеу әдістері
Көрсеткіштерді дұрыс пайдалану зерттеуші жұмысын көп жеңілдетеді. Олар
кітапхананың анықтамалық – библиографиялық бөлімдерінде орналасқан.
Зерттеу жұмысыңды деректермен қамтамасыз етуде, олардың авторларын,
датасын, шыққан жері сияқты мәліметтерді анықтағандакөрсеткіштердің көмегі
мол.
Әлем тарихы, оның кезеңдері, белгілі бір өңір тарихы,нақты бір проблемаға
арналған көрсеткіштер болады. Осы күні тарих ғылымыныңсалалары жөніндегі
әдебиеттерді жинақтаған, тарихи журналдар мен жинақтарда жарияланған
мақалаларға арналған көрсеткіштер де бар.Тіпті деректердің әр түрлерін
топтастырған көрсеткіштер де жарық көруде.Бірақ олардың бар екендігін біліп
қою аз, олардан өзіңе қажет ақпарат алу әдістерін меңгерген жөн.
Көрсеткіштермен жұмыс оның мазмұнымен мұқият танысудан басталады.
Бұл жердегі материал сені тақырыбыңа сәйкес келе ме? Хронологиялық
шеңбері қандай?
Одан кейін оның кіріспе бөлімінен әдебиеттердің территориялық
немесежазылған тілі бойынша жинақталғандығын анықтайсыз.
Содан кейін мына төмендегі сұрақтарға жауап іздейсіз: а)жинақтарға
жарияланған мақалалар бар ма? б) диссертаця авторефераттары кіргізілген бе?
в)депондалған (Ғылыми-ақпарат институтында ғылыми зерттеулердің нәтижесі
туралы қолжазба сақтауға қабылданады да оның рефераты арнаулы
журналдарға жарияланады. Мұндай жұмыстар жарияланған болып есептеледі.)
ғылыми жұмыстар қамтылған ба?
Көрсеткіштің барлық бөлімдерін мұқият қараған жөн. Бір бөлімін қарап,
екіншісін тастап кетуге болмайды. Ескерусіз бөлімде сізге ерекше қажет
материалдар болуы мүмкін. Әсіресе қысқартылған сөздер тізіміне көңіл
аударыңыз.Онда қажетті бір басылымның толық аты болады. Қосалқы тізімнің
(алфавиттік,географиялық, пәндік) де көмегі шексіз.
Библиографиялық көрсеткіштер әрқылы.Сондықтан да олардың әрқайсына
сипаттама берудің артықшылығы бола қоймас.
*Библиографияның библиографиясы. Тарихты әр кезеңі, проблемасы тақрыбы
бойнша да көрсеткіштер болады. Жалпы тарихшы дерек жинаудағы жұмысын
осыдан бастау керек.
*Анықтамалықәдебиет. тарихшы толып жатқананықтамалық құралдарды
білуі керек. ондағы мәліметтердің көмегі орасан зор.Қажетті цифрлық
мәліметтерді, даталарды анықтауға,терминдерді,түсініктерді,сөз-тіркестерін,
жасырын сөздерді түсінуге көмектеседі.
*Энциклопедиялар. Осы типтес анықтамалық басылымдар тарихшының
бірінші кезектегітанысатын әдебиеттердің бірі. Олар ғылымның барлық
158
салаларынан мағұлымат беретін универсалды,арнаулы және салалық болып
үшке бөлінеді. Олар кейде көп томдық немесе қысқаша сөздік болып келеді.
*Библиографиялық сөздіктер.Соңғы жылдары жеке тұлғаларға арналған
басылымдар көптеп жариялануда.Тарихи уақиғалардың бел ортасында
жүріп,белсенділік көрсеткен,немесе ерлігімен көзге түскен, ел, мемлекет
басқарған тұлғалар тарихтан өз орындарын алуда.Солардың жеке өмірімен
таныса отырып оның заманы жөнінде кең мағұлымат алуға болады.
*Географиялық сөздіктер.География мен тарих егіз. Кез келген тарихи уақиға
белгілі бір кеңістікте өтеді.Сондықтан тарихшы үшін географиялық
сөздіктердің берері мол. Тарихшы елдің, жердің,өзен-көлдің, тау-тастың,жол-
торабының толық та дұрыс атынанықтауда осы сөздіктердің көмегіне жүгінеді.
*Түсіндірме және терминдік сөздіктер Тарихи деректерде түсініксіз сөздар
мен сөз тіркестері көптеп кездеседі. Солардың мағынасын дұрыс түсіну үшін,
олардың қолдану аясын анықтау үшін сөздіктер пайдалануға тура келеді.
2.Мұрағатта жұмыс істеу әдістері
Жарияланбаған тарихи деректер әлемдегі мұрағаттарда сақталады дедік
жоғарыда.
Қазақ архивының тарихы.
Еліміздегі ең алғашқы мұрағат болып 1836 жылы Бөкей Ордасында ашылған
құжаттар қоры сақталған мекеме болды. Ол өз қызметін 1917 жылға дейін
жалғастырды. 1927 жылы онда жинақталған құжаттар қоры Алматыдағы
мемлекеттік мұрағатқа өткізілді.
1887 жылы Орынбор қаласында губерниялық Ғылыми мұрағаттық комиссия
құрылды. Негізгі мақсаты әртүрлі мекемелерде қордаланған 21194 дана
құжаттарды талдап, сақтауға дайындау.Құрамында 25 адам бар комиссия
жұмысын бастап кетті.Оның жанынан 11мың дана кітап қоры бар кітапхана
ашылды. Ғылыми мұрағат комиссиясы 35 том етіп өз мүшелерініңғылыми
еңбектерін жариялады.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін 1918 жылы РСФСР ХКК «О реорганизациии
централизацииархивного дела», деп аталатын декреті бойынша еліміздегі
мұрағаттар қызыметі қайта құрылды.
1921 жылы Қазақстандағы алғаш рет Орталық өлкелік мұрағаты құрылды.
Мұрағат мелекеттік статусын алды.1928 жылы Қазақ АКСР ХКК мен ОАК «О
сдаче Казахскому центральному архиву печатных и иллюстративных
материалов, негативов, фотоснимковикинофильмов,имеющихисторико-
революционный интерес, а также архивов бывших ханов, султанов, ак-
тивных деятелей и сторонников бывшего правительства Алаш-Орды и
других архивных материалов» деп аталатын қаулысы бойынша мұрағат қоры
толықтырылды.1929 жылы астананың Алматыға көшуіне байланысты Орталық
мұрағат бұрынғы Жетісу обылысының мұрағат құжаттарымен толықты. 1940
жылы Омбы қаласынан 40 мыңға жақын құжаттар әкелінді. Сөйтіп осы
жылдары қазақ тарихына байланысты шашырап жатқан тарихи деректер бір
Достарыңызбен бөлісу: |