156
жәшіктегі каталог карточкаларынан сәл биіктеу татты материалдан жасалған
карточка. Айырғыштарда, бірқатар библиографиялық жазбалардың ортақ
белгілерін біріктіретін автор шығармасының (аты-жөні, мекеме аты, пәндік
айлар, жіктейтін нұсқа таңба т.с.) мәліметтері көрсетіледі.
Каталог шкафы – каталогтық карточкалар сақтауға арналған шкаф.
Мөлшерлері
мен
модельдері
әртүрлі.
Ішінде
каталог
жәшіктерін
орналастыратын ұялардан тұрады. Олар ағаштан, металдан, пластмассалардан
жасалады.
Каталог түрлері:
алфавиттік, жүйелі және пәндік.
Катологтың бірінші түрінде кітапханадағы барлық басылым алфавит бойынша
беріледі.Жүйелі катологта әдебиет универсалдыондықклассификация бойынша
орналасқан. Әдебиетті ондық жүйе бойынша талдауды ойлап тапқан 1873
жылы Америка коллеждерінің бірінің студенті М.Дьюн.Мұндай топтау
кітаптарды кітапхана сөресінен тез тауып алу мақсатында қажет болды.Ғылыми
әдебиет мыны төмендегі тәртіппен орналастырылды.
100 философия және
психология
200 дін
300 қоғамдық ғылымдар
400 тіл
500 жаратылыстану және математика
600 техника (қолданбалы ғылымдар)
700 өнер бейнелеужәне декоратив өнері
800 әдебиет және шешендік өнері
900 география және тарих
Ал енді пәндік катологта басылым мазмұны боынша топталады. Олар белгілі
бір рубрика бойынша біріктіріледі .
Католгтың көмегі: Каталог кітапхана қорының мазмұнын көрсетуде,
оқырмандардыңқажетті кітапты тез тауып алуында, кітапхана міндеттерін
шешуде көмекші құрал болып табылады. Кітапхананың кітап қорын жасайтын
түрлі тақырыптағы баспадан шыққан шығармалар мен оқырмандар талабының
әрқилылығы каталогтың күрделі жүйесін құруды қажет етеді. Атқаратын
қызметіне қарайкаталог –
оқырмандар каталогы және
жұмыс каталогы болып
бөлінеді. Жұмыс каталогына оқырмандар сирек талап ететін және ескірген
әдебиеттердің тізімі енеді.
Каталогтарға баспадан шыққан шығармалар түрлері тізіледі: кітаптар, мерзімді
басылымдар, графикалық шығармалар, стандарттар, патенттер және авторлық
куәліктер. Ірі кітапханаларда кітапхананың толық қорын қамтитын бас
Каталогпен
қатар
бөлімдердің
қорын
көрсететін
Каталогтар
құрастырылады.Кітапхананың және кітапханааралық абоненттің ақпараттық
қызметі кеңейген сайын жинақтау Каталогның маңызы артады. Ол бірнеше
дербес кітапханалардың қорын көрсетеді және территориясына не саласына
қарай жасалады. Форма жағынан каталогтар карточкалы каталог, баспалы
каталог(кітап түрінде), блоккарточкалы каталог (блокнот немесе альбом