Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет65/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72

142 
 
28x28,  24x36,  40x40  мм  болып  келіп,  әрбіреуі  –арнаулы  рамкаға  салынады. 
Соңғы жылдарыфото-құжаттандыру процесі сандық (цифр) түрге көшірілуде.  
Алғашқы  фотографияның  электрондық  жүйесін  1981  жылы  жапонның  Sony 
фирмасы іске асырды.Әрине құжаттаудың мұндай әдісінің артықшылығы мол. 
Кадрдағы бейненің түсін өзгертуге,оның өлшемін кішірейтуге немесе үлкейтуге 
болады.  Сандық  фотоаппаратты  компьютерге  қосуға,бейнелерді,интернет 
жүйесі арқылы басқа да пайдаланушылардың игілігіне айналдыру мүмкіншілігі 
бар.  
Киноқұжаттар 
Кино  өнері  –  өнердің  бір  түрі,  әдебиет  пен  театрдың,  бейнелеу  өнері  мен 
музыканың  көркемдік  қасиеттерін  өзінің  ерекшелігіне  орай  пайдаланатын 
синтезді  өнер.  Фильмді  жасауға  әр  алуан  мамандықтағы  творчество 
қызметкерлері: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор 
қатысады.  Сондай-ақ  кино  жасау  ісіне  техника  саласындағы  мамандар, 
лаборанттар  мен  жұмысшылар  да  үлес  қосады,  алуан  түрлі  күрделі  аппарату-
ралар мен аспаптар қолданылады. 
Кино  өнері  –  өзіне  тән  мәнерлеу  амалдары,  көркемдеу  тәсілдері,  эстетикалық 
заңдары  мен  шығармашылық  дәстүрлері  бар  дара  өнер.  Көріністі  әр  тұстан 
қамти  бейнелеу,  адам  өмірі  мен  табиғат  құбылыстарын  нанымды  көрсете  алу, 
сондай-ақ  кадрларды  үйлестіре  құрау  тәсілінің  тиімділігі  кино  өнерінің 
ақпараттық мүмкіндігін кеңейте түсуде. Фильмді бірден миллиондаған адамдар 
көреді.  Көрермендер  білімін  толықтырып,  эстетикалық  ләззат  алады,  тәлім-
тәрбие – жақсыдан өнеге, жаманнан сабақ алады. 
Кино  өнерінің  тарихы  ХІХ  ғасырдан  бастау  алады.  Қозғалыстағы  бейнелерді 
бір  жүйеге  келтіріп  экранға  шығару  үшін  өнертапқыштар  ұзақ  жылдар  тер 
төкті.  Бүгінде  тарихшылар  алғашқы  кино  шығарманың  авторлары  ағайынды 
Луи және Огюст Люмьерлер деп есептейді. Олардың жасаған аппараты киноны 
әрі  түсіріп,  әрі  үлкен  экранға  шығаруға  өте  ыңғайлы  болды.  Бұл  өнер  кейін 
«Кинематограф» (немесе «синематограф») – деп аталды. 
Алғашқы фильм «Выход рабочих с фабрики». «Прибытие поезда» деп аталатын 
фильмдер1895  жылдың  наурызындаПариждегі  Капуцин  бульварындағы 
жертөледе  орналасқан  «Гран  Кафесінде»  қойылды.  Әрбіреуінің  ұзақтығы 
небары 50 секундтан еді. 
Қазақ  жеріне  алғашқы  хроникалық  фильмдер  1928  жылдан  түсіріле  бастады. 
Сол  жылы  РСФСР  Халық  Комиссарлары  Советі  жанынан  «Восток-фильм» 
киноқоғамы  құрылды.  1929  жылы  Алматыда  қоғамның  өндірістік  бөлімі 
ашылды  да,  ол  Қазақстанның  өмір-тұрмысы  туралы  «Соңғы  хабар»  атты 
киножурнал  шығарып  тұрды.  Режиссер  В.А.Турин  Түркістан-Сібір  Теміржол 
магистралі  жайлы  «Турксиб»  атты  деректі  фильм  қойды.  1930–32  жылдары 
қазақ өмірінен «Дала әндері», «Жұт», «Қаратау қазынасы» фильмдері қойылды. 
1941 
жылы 
Алматыда 
көркем 
фильмдер 
шығаратын 
киностудия 
ұйымдастырылды.  Ол  техникалық-өндірістік  базасы  жағынан  ұлғайып,  1944 
жылы Алматының көркем және деректі-хроникалық фильмдер студиясы (1960 
жылдан «Қазақфильм») деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан 


143 
 
кезінен бастап, 1975 жылдарға дейін 100-ден астам көркем фильм және 500-ге 
жуық деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы мен жанры жағынан әр 
алуан.Сонымен  қатар  кинофильмдер  зерттеушілер  үшін  таптырмас  тарихи 
дерек болып есептеледі. Киноқұжаттардың екі түрі бар. 
Бірі 
бейнелеу-статикалық 
(бейне 
қозғалмайды-диафильм,эпифильм), 
екіншісі  –  бейнелеу-динамикалық  (бейне  қозғалыс  үстінде).  Екеуі  де  бірнеше 
қабатты полимерлі пленкаға түсіріледі. 
Киноқұжаттардың  диа-,  кино-,  видеофильм  деп  аталатын  түрлері 
бар.Диафильм  (грек.  Diа-арқылы  және  ағл.film  –  пленка)  дегеніміз 
фотопленкаға  белгілібір  тақырып  бойынша  түсірілген  бірнеше  кадлардың 
жиынтығы.  Пайдалануға  ыңғайлы,  күрделі  аппаратураны,  айрықша 
дайындықты қажет етпейді.  Диафильмнің негізгі реквизиттері: авторы,суретші 
туралы мәлімет кімге арналғандығы жөнінде ақпарат, кадрлар саны және тақы-
рыбы.Кинофильм  дегеніміз  бірінен  кейін  бірін  орналастырған  бейнелер 
жиынтығы.Олар  белгілібір  тақырып  бойынша  кинопроекциялық  аппарат 
арқылы  үлкен  экранда  көрсету  үшінпленкаға  орналастырылған  бейнелер 
топтамасы. 
Кинофильмдердің  ақпараттық  мүмкіншілігі  зор.  Оның  үстіне  адамның  сезім 
мүшелеріне  тиімді  әсер  етеді.  Олардың  дыбысты  және  дыбыссыз,  ақ-қаралы 
және түрлі-түстісі болады. 
Функциональдығына 
(мақсатына)қарай 
олар: 
көркем 
(игровые), 
документальные, 
ғылыми-көпшілік, 
білім 
беру 
мақсатындағы, 
мультипликациялық болып бөлінеді. 
Деректік мүмкіншілігі молыхроникалды және монтажды болып екіге бөлінетін 
документалды  фильмдер.  Олардың  негізгі  мазмұны  өмірде  болып  жатқан 
шынайы  оқиғалар.  Олар  ақпаратқа  бай,  оператордың  өз  көзімен  көрген 
оқиғалары. 
Ұзақтығына  қарай  кинофильмдердің  қысқа  метражды  және  толық  метражды 
түрлері  бар.Кинодокументалистиканың  алғашқы  қадамдары:  «Қазақстан  өмірі 
мен  тұрмысы»  (1927  жыл),  «Түрксіб»,  «Алғашқы  поез»  (1929  жыл),  «Алтын 
жағалаулар»,  «Ұлттық  полк»,  «Түрксібтің  ұштасуы»,  «Түрксіб  ашық»  (1930 
жыл). Бұл дыбыссыз, субтитрлері бар кинолар. 
1935  жылы  экранға  «Советский  Казахстан»  киножурналының,  отандық  кино-
документалистикасының классикасы болып кеткен екі нөмірі шықты. 
1941  жылдан  басталатын  кезеңге  ерекше  тоқталған  жөн.  Бұл  кезең  Орталық 
Біріккен киностудиясының (ОБК) жұмыстарымен әйгілі: оларқазіргі уақытта да 
өте  қызықты,  олардан  қазіргі  операторлар  да  көп  нәрсе  үйренеді;  олар  аттары 
әлемге әйгілі: Дзига Вертов, Роман Кармен, Сергей Эйзенштейн, Эдуард Тиссэ, 
Ирина  Венжер,  Яков  Посельский,  Михаил  Слуцкий  және  т.б.киноөнердің 
шеберлерін паш етті. Дәл осы жылдары ОБК шығаратын: «Союзкиножурнал», 
«Пионерия»,  «Советское  искусство»  атты  одақтық  кино-периодикаға 
репортаждар  жіберетін  қазақстандық  кинохабаршылар,  документалистер 
плеядасы  қалыптасады.  Бұл  құжаттар  Мемлекеттік  кинофотоқұжаттар 
мұрағатының 1943 жылы құрылған мұрағат қорының негізі болды. 


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау