Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет63/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72

137 
 
айналасында болып жатқан тарихи оқиғаларға қатынасы ол жазған дерекке әсер 
етеді. 
Жазбаша деректің шынайылығын анықтау барысында тарихшы біраз мәселеге 
көңіл аударуы қажет: 
1.  Автор  шығармасына  қажетті  ақпаратты  қайдан  алды.Өзі  сол  оқиғаға 
қатынасты  ма?  Немесе  біреуден  естіді  ме,  әлде  сыбысты  пайдаланды  ма? 
Мүмкін ақпарат негізінде құжат жатқан болар. 
2. Автордың ақпарат жинау, пайдалану әдісі, оның анализ жасау қабілеті. 
3.  Деректің  авторына  қоғамдық  атмосфераның,  сол  кездегі  ел  ішіндегі  саяси 
жағдайы. 
Міне,  осыларды  ескергенде  қолыңыздағы  деректен  шынайы,  әрі  толық 
мағлұмат алуға болады. 
3. Деректемелік синтез 
 
Деректерді  объективті  түрде  іріктеу  және  талдаунегізінде  оларды  синтездеу 
мүмкішілігі  туындайды.Деректерді  синтездеу  зерттеу  жұмысының  соңғы 
кезеңі.  Деректанушы  талдаудан  өткізген  деректерді  жинақтап  бір  бірімен 
салыстырып  оларды  кешенді  түрде  зерттеу  процесіне  енгізеді.  Деректерді 
синтездеу  барысында  бір  объекті  жөнінде  жиналған  бірнеше  ақпарат  көздері 
салыстырыла отырып пайдаланылады. 
Жекеленген  тарихи  дерек  зерттеу  объектісі  бойынша  толық  ақпарат  бере 
алмайды. Сондықтан ол деректер жүйесіне енгізіледі. Сөйтіп бірнеше деректің 
бір тақырып бойынша берген ақпараттары шынайы көріністерді айқындайды. 
 
4. Деректердің генеологиялық байланысының түрлері 
 
Деректердің генеологиялық байланысының бірнеше түрлері бар: 
1.Бір  мәселе  жөнініде  әр  жылдары  пайда  болған  бірнеше  дерек  болады.Егер 
зерттеуші  соңғы  жылдардағы  құжатты  пайдаланса  дұрыс  қорытындыға  келе 
алмайды.  Сол  себепті  мәселе  туралы  бірнеше  деректі  салыстыра,  толықтыра 
отырып пайдаланса сол мәселенің шешім табу процесінің барысы анықталады. 
Мәселен,  Қазақстан  астанасының  Алматыдан  Ақмолаға  көшуі  туралы  мәселе 
бір  күнде  шешімін  тапқан  жоқ.  Бұл  мәселе  ресми  орындарда  бірнеше  рет 
қаралды. Ақыры 1994 жылы 6 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы 
Кеңесінде астананың Ақмолаға көшірілуі туралы шешім қабылданды. Тек 1997 
жылдың  желтоқсанында  Ақмола  қазақ  елінің  орталығына  айналды.  Тарихшы 
осы  тақырыпты  ашу  үшін  деректердің  бірнеше  түрін  кешенді  пайдалануы 
қажет. 
2.  Дерек  бірден  дүниеге  келмейді.  Алдымен  оның  жоспары  жасалады,  содан 
кейін  сол  туралытуған  ой-пікірлер  қағазға  түсіріледі.  Автор  әртүрлі  ой-
пікірлерді жинақтап жұмыстың алғашқы нұсқасын жазады, оны әріптестерімен 
талқылайды. Сонан соң дерек жарияланады. Сондықтан келешекте сол деректі 
зерттейтін  ғалым  автордың  «лабораториясына»кіреді.  Деректі  тек  кешенді 


138 
 
түрде  зерттегенде  ғана  одан  объективті,  шынайы  ақпарат  алу  мүмкіндігі 
туындайды. 
3.Әртүрлі  авторлар  жазған,  бірақ  бір  уақытта  пайда  болған  шығармалардың 
жиынтығы. 
Жоғарыда  айтылғандарды  қортындылай  келе  деректемелік  синтез  деректерді 
талдаудың ең соңғы кезеңі. 
Деректерден  алынған  объективті  ақпаратты  зерттеуші  өз  шығармасына 
пайдаланады.  Тағы  бір  ескертетін  жәйіт  тек  шынайы  ақпарат  қана  тарихи 
шығарманың сапалы болуына кепілдік бере алады. 
 
Әдебиет 
 
Атабаев  Қ.  Қазақстан  тарихының  деректанулық  негіздері.  Оқу  құралы. 
Алматы. Қазақ университеті.2002. – 302 б. 
Медушевская О.М.Теоретические проблемы источниковедения: Учеб. пособие. 
– М., 1977; 
Голиков А. Г., Круглова Т. А. Источниковедение отечественной истории: учеб. 
пособие для студ. высш. учеб. заведений /. – 2-е изд., стер. – М.: Издательский 
центр «Академия», 2008. – 464 с. 
ДанилевскийИ.  Н.,  Кабанов,В.  В.,  Медушевская,О.  М.,  Румянцева.М. 
Ф.Источниковедение: Теория. История. Метод. Источники российской истории 
Издательство:РГГУ,2004. – 701 с. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
15. АУДИВИЗУАЛДЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ  
ТАРИХИ ДЕРЕК РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕРІ 
 
Жоспары 
1.Аудиовизуалды дерек түсінігі және түрлері. 
2.Кино-фото құжаттарының деректік мүмкіншіліктері. 
 


139 
 
1. Аудиовизуалды дерек түсінігі және түрлері 
 
ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХғасырдың  басында  ғылым  мен  техниканың 
қарыштап  дамуының  нәтижесінде  тарихи  деректердің  жаңа  түрі  пайда  болды. 
Мұндай деректер басымдылық танытып, ғылыми зерттеулерде басқа деректерге 
қарағанда үлкен сенімге ие болды.Оларды пайдаланудың әдістемесі жасалды. 
Фото,кино  және  дыбыстық құжаттардан  алынғанобъективті  болмысты 
көрсететін 
мәліметтер 
түрін 
аудиовизуалды 
деректер 
деп 
атаймыз.Беретін  мәліметтерінің  түріне  байланыстыолар  төмендегіше 
жіктеледі : 
бейнелеу-көркем  өнер  деректері  (бейнелеу  өнері  шығармалары,көрем 
фильмдер,фотосуреттер); 
көркем-графикалық деректер(карталар, планы, схемалар); 
көркем-натуралды 
деректер(құжаттық 
фото 
суреттер, 
киножәне 
видиоматериалдар). 
Деректердің  мұндай  түрлері  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  барысында  жиі 
пайдаланатын болды, өйткені мұндай материалды пайдалану барысында талдау 
жұмыстарының  ерекше  әдістері  қолданылды.  Бейне  дерек  ретінде  әсіресе 
археология,этнология,өнертану,кітаптану  сияқты  гуманитарлық  ғылымдардың 
зерттеу объектісіне айналды. 
ХІХ  ғасырдан  бастап  құжаттандырудыңфото,кино,фоно  және  видео  сияқты 
жаңа  әдістері  пайда  болды.  Осындай  жолмен  дайындалған  тарихи  құжаттар 
аудиовизуалды  деректер  деп  аталады.  Көзге  айқын  көрініп  тұрған  бейнелер 
өткен  заманда  өмір  сүрген  адамдар  жөнінде  шынайы  ақпарат  беретіндігі 
белгілі. 
Дегенмен  осындай  ақпарат  көздерінің  тарихи  деректік  мүмкіншіліктерін 
тарихшылардың  басым  көпшілігі  кеш  түсінді.Тек  соңғы  жылдары  Ресей 
ғалымдарыМагидов 
В.М. 
(«Кинофотофонодокументы 
в 
контексте 
исторического  знания»)  Н.Н.  Кушнаренкосияқты  ғалымдар  оларды  тарихи 
дерек  екендігін  ғылыми  түрде  дәләлдәп  берді.  Біріншісі  белгілі 
мұрағаттанушы,тарихшы-деректанушы осы тақырыпқа докторлық диссертация 
жазды.Ал  екіншісі  педагогика  ғылымдарының  докторы,профессор,  200  –ге 
жақын  әдістемелік  еңбек  жазған  ғалым.  Тарих  ғылымдарының  докторы  Н.С. 
Ларькованың«Документоведение»деп  аталатын  оқулығында  деректердің  жаңа 
түрлеріне тоқталады. 
Аудиовизуалды құжаттарды топтау 
«Кинофотофоноқұжаттар  »  термині  ғылыми  айналымға  1980-жылдардың 
басында  кірді.  Бірақ  оның  осы  күнге  дейін  барлық  ғалымдар  мойындаған 
түсінігі жоқ. Сол сияқты олар ғылыми әдебиетте топталмаған. 
Түр жасайтын белгілеріне қарап оларды екі топқа бөлуге болады: 
а)адамның  сезім  органдарына  әсер  етуіне  немесе  ақпаратты  қабылдау 
тәсілдеріне байланысты; 
б)ақпараттарды құжаттау әдістеріне қарай. 


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау