138
түрде зерттегенде ғана одан объективті, шынайы ақпарат алу мүмкіндігі
туындайды.
3.Әртүрлі авторлар жазған, бірақ бір уақытта пайда болған шығармалардың
жиынтығы.
Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе деректемелік синтез деректерді
талдаудың ең соңғы кезеңі.
Деректерден алынған объективті ақпаратты зерттеуші өз шығармасына
пайдаланады. Тағы бір ескертетін жәйіт тек шынайы ақпарат қана тарихи
шығарманың сапалы болуына кепілдік бере алады.
Әдебиет
Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Оқу құралы.
Алматы. Қазақ университеті.2002. – 302 б.
Медушевская О.М.Теоретические проблемы источниковедения: Учеб. пособие.
– М., 1977;
Голиков А. Г., Круглова Т. А. Источниковедение отечественной истории: учеб.
пособие для студ. высш. учеб. заведений /. – 2-е изд., стер. – М.: Издательский
центр «Академия», 2008. – 464 с.
ДанилевскийИ. Н., Кабанов,В. В., Медушевская,О. М., Румянцева.М.
Ф.Источниковедение: Теория. История. Метод. Источники российской истории
Издательство:РГГУ,2004. – 701 с.
15. АУДИВИЗУАЛДЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ
ТАРИХИ ДЕРЕК РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕРІ
Жоспары
1.Аудиовизуалды дерек түсінігі және түрлері.
2.Кино-фото құжаттарының деректік мүмкіншіліктері.
139
1. Аудиовизуалды дерек түсінігі және түрлері
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХғасырдың басында ғылым мен техниканың
қарыштап дамуының нәтижесінде тарихи деректердің жаңа түрі пайда болды.
Мұндай деректер басымдылық танытып, ғылыми зерттеулерде басқа деректерге
қарағанда үлкен сенімге ие болды.Оларды пайдаланудың әдістемесі жасалды.
Фото,кино және дыбыстық құжаттардан алынғанобъективті болмысты
көрсететін
мәліметтер
түрін
аудиовизуалды
деректер
деп
атаймыз.Беретін мәліметтерінің түріне байланыстыолар төмендегіше
жіктеледі :
■
бейнелеу-көркем өнер деректері (бейнелеу өнері шығармалары,көрем
фильмдер,фотосуреттер);
■
көркем-графикалық деректер(карталар, планы, схемалар);
■
көркем-натуралды
деректер(құжаттық
фото
суреттер,
киножәне
видиоматериалдар).
Деректердің мұндай түрлері ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында жиі
пайдаланатын болды, өйткені мұндай материалды пайдалану барысында талдау
жұмыстарының ерекше әдістері қолданылды. Бейне дерек ретінде әсіресе
археология,этнология,өнертану,кітаптану сияқты гуманитарлық ғылымдардың
зерттеу объектісіне айналды.
ХІХ ғасырдан бастап құжаттандырудыңфото,кино,фоно және видео сияқты
жаңа әдістері пайда болды. Осындай жолмен дайындалған тарихи құжаттар
аудиовизуалды деректер деп аталады. Көзге айқын көрініп тұрған бейнелер
өткен заманда өмір сүрген адамдар жөнінде шынайы ақпарат беретіндігі
белгілі.
Дегенмен осындай ақпарат көздерінің тарихи деректік мүмкіншіліктерін
тарихшылардың басым көпшілігі кеш түсінді.Тек соңғы жылдары Ресей
ғалымдарыМагидов
В.М.
(«Кинофотофонодокументы
в
контексте
исторического знания») Н.Н. Кушнаренкосияқты ғалымдар оларды тарихи
дерек екендігін ғылыми түрде дәләлдәп берді. Біріншісі белгілі
мұрағаттанушы,тарихшы-деректанушы осы тақырыпқа докторлық диссертация
жазды.Ал екіншісі педагогика ғылымдарының докторы,профессор, 200 –ге
жақын әдістемелік еңбек жазған ғалым. Тарих ғылымдарының докторы Н.С.
Ларькованың«Документоведение»деп аталатын оқулығында деректердің жаңа
түрлеріне тоқталады.
Аудиовизуалды құжаттарды топтау
«Кинофотофоноқұжаттар » термині ғылыми айналымға 1980-жылдардың
басында кірді. Бірақ оның осы күнге дейін барлық ғалымдар мойындаған
түсінігі жоқ. Сол сияқты олар ғылыми әдебиетте топталмаған.
Түр жасайтын белгілеріне қарап оларды екі топқа бөлуге болады:
а)адамның сезім органдарына әсер етуіне немесе ақпаратты қабылдау
тәсілдеріне байланысты;
б)ақпараттарды құжаттау әдістеріне қарай.