Педагогикалық äàìó Republican information and pedagogical magazine



жүктеу 54,7 Mb.
Pdf просмотр
бет9/33
Дата29.01.2020
өлшемі54,7 Mb.
#27603
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33

өздері  көреген,  діни  сауатты,  молда,  ерекше 

қасиет  иелері  болған  Исатай,  Дүйсенбінің 

атымен аталып кеткен.

Ырғыз  жеріндегі  табиғи-тарихи  сəулет 

ескерткіштерін  зерттеу  мақсатымен  тарих 

ғылымының  кандидаты  Сұлтан  Əжіғалиев 

бастаған экспедиция 1979-80 жылдары болып, 

тиісті  құжаттар  жасады.  Əлі  де  жан-жақты 

зерттеуді қажет ететін «Күйген қала» (Нұрада), 

«Жарбасы  мешіті»  (Өлкейек  өзені  бойында), 

«Қарабатыр  тамы»  (Нұра-Ырғыз  трассасы 

бойында), «Төре қорымы» (Ақши аулынан 3 км 

жерде, құм арасында, құлыптастар ХІХ ғасыр-

дың  аяғы-ХХ  ғасырдың  басы)  т.б.  тарихи  мəні 

зор  ескерткіштер  бар.  Соның  бірі  Хан  моласы 

қорымы  (ХІХ  ғасырдың  ескерткіші)  Өлкейек 

өзеніне Қабырға өзенінің Құяр сағасынан 4 км 

жерде.  А.Левшиннің,  Н.Рычковтың  деректері 

бойынша бұл қорымда Кіші жүз ханы Əбілқайыр 

жерленген.  Хан  бейіті  осы  жер  деп  айту  кім-

кімге де қиын. Алайда, Əбілхайыр ханның қазақ 

халқының тағдырына байланысты батыл шешім 

қабылдаған  орны,  яғни  тарихи  құжатқа  1731 

жылы 10 қазанда қол қойылған жер – Ырғыздан 

25 км шамада. Ол «Маңтөбе» деп аталған. Хан 

сүйегі осы жерде қалғаны рас немесе жоқ десек 

те, зерттеу жұмысы өз дəрежесінде жүргізілсе, 

жалпы  қорымдарға  деген  көзқарас  ұлттық 

дəстүр  бойынша  қастерленсе,  ел  тарихына 

қосылар  қазына  болар  еді.  Табиғаттың  дүлей 

күшіне  төтеп  келе  жатқан  халық  мұрасы  сан 

ғасырды  көктей  өтіп,  туған  жер  топырағын 

жамылған күйде талай сырды уақыт құрсағын-

да сақтап, ұрпағының есі кіріп, елейтін мезгілін 

күтуде.  Олар  үлкен  зерттеуді,  қастерлеуді, 

сақтауды, қорғауды қажет етеді, бұл бəріміздің 

ұлағатты міндетіміз. 

АЛМАТ  ТАМЫ  –  19-ғасырдың  аяғында 

салынған  сəулет  өнері  ескерткіші.  Ырғыз 

ауданының  оңтүстік  шығысында  22  км  жерде 

орналасқан. 1886-1988 жылдары халық шебері 

Жыға  тұрғызған,  көлемі  12,70  м  х  12,10  м,  7 

бөлмелі. Комплекстік жобасы мен архитектура-

сы  шешімі  жағынан  өте  сирек  кездесетін 

құрылыс. Кесененің солтүстік-батыс, солтүстік-

шығыс  жəне  оңтүстік-шығыс  жақтарындағы 

бөлмелерін  дөңгелендіре  шығыңқы  қалаумен 

өрген.  Солтүстік-батыс  қабырғаларының  оң 

жақ бұрышындағы кіретін есік, оңтүстік қабыр-

ғаны  бойлай  аралық  бөлмеден  өтіп,  орталық 

дөңгелек  залға  апаратын  дөңестеп  жабылған 

дəлізбен  жалғасқан.  Осы  дөңгелек  залдан 

мүрдеге  арналған  5  бөлмеге  аркалы  ойықтар 

өтеді.  Сыналай  қалап,  қосарлай  шығарған 

аркалар  өте  əдемі  көрінеді.  Құрылыс  Алмат 

Тобабергенұлының  отбасылық  мемориалы 

ретінде  жобаланған:  өзіне  жəне  бес  ұлына 

арналған алты бөлмеде сағана бар. Кесене шикі 

кірпіштен іргетассыз тұрғызылып, екі жағынан 

күйдірілген  кірпіштен  қапталған.  Оңтүстік-

батыс бетінен оны үшке бөліп, əсемдеп қалау 

арқылы  құрылысқа  айрықша  салтанаттылық 

берілгені  байқалады.  Осындай  салтанат 

ортадағы дөңгелек бөлменің ішінен де байқала-

ды.  Алматтың  күрделі  композициясы  мəйіт 

жерлеудің  өте  көне  ғұрыптарынан  хабар 

береді.  Мұнда  бұрынғы  мəйітті  бөлменің  бір 

бұрышына ығыстырады да орнына жаңа мəйіт 

қояды.  Кесенені  Тобабергенұлы  тірі  кезінде 

тұрғызған.  Осында  əкесі  жəне  жастай  өлген 

бірнеше баласы жерленген. Басына құлыптас-

тар қойылған қоршаулы қорым бар.

БӨКЕНБАЙ ШОҚЫСЫ – Ырғыздан Шалқар-

ға  қарай  шығар  жолда  60  шақырым  жерде 

орналасқан,  биіктігі  240  м  қырат.  Бөкенбай 

батырдың құрметіне аталған. Ырғыз өңіріндегі 

түрлі  тарихи  оқиғаларға  қатысқан  Бөкенбай 

батырдың  аты  халық  арасында  құрметпен 

айтылады.  Сонымен  бірге,  Бөкенбай  батыр 

Əбілхайыр  ханның  сенімді  серігі,  əрі  Кіші  жүз 

əскерінің сардары болған. Осы биік шоқы оның 

жаудың жағдайынан хабардар болып отыратын 

əскери қарауыл төбесі екен. 

ДҮЙСЕНБІ  АҺУН  МЕШІТІ  (1909-13,  Ырғыз 

ауд.  Жайсаңбай  а.)  –  Жайсаңбай  ауылының 

солтүстік-батысында  7  км  жерде.  Төртбұрыш 

тəрізді  (9.60х24,20  м.),  солтүстік-шығысында 

сегіз  қырлы  сүйрік  мұнарасы  бар,  мұнара 

қаңылтырмен қапталған, биіктігі 19 м. Қабырға-

сы  күйдірілген  қызыл  кірпіштен  өрілген. 

Дүйсенбі  аһун  Имашұлының  басшылығымен 

халық қаржысына тұрғызылған. Мешітті салуға 

Орынбор  жəне  Уфа  қалаларынан  шеберлер 

қатысқан.  Жергілікті  халық  Шөмекей  руының 

тоқа  аталығынан  болуына  қарамастан  оның 

құрылысында  Еділ  бойы  халықтарының  ою-

өрнектері салынған. 

ЖАНЫС  МАВЗОЛЕЙІ  (ХІХ  ғ.  ескерткіш)  – 

Ырғыз  ауданы  Құрылыс  ауылының  оңтүстік-

батысында 20 км жерде. Қабырғасының төменгі 

бөлігі 8 қырлы, жоғарғы бөлігі сағанаға ұқсас 8 

жəне  41  қырлы  барабан  шеңбері  түрінде 

қаланған.  Күмбезі  пирамида  тəріздес  сатылап 

қаланып  аяқталған.  Қабырғалары  күйдірілген 

саз балшық араластырылып өрілген. Мазарды 

Əлімнің  төртқара  руының  биі  Жаныс  көзі 

тірісінде  халық  шебері  Мейірбекке  салдырған. 

Мазар  аса  көрікті  жерге,  өзге  мазарларға 

ұқсамайтын  шеберлік  үлгісімен  салынған. 

Жаныс  би  мазары  қасиетті  орынға  айналды. 

Ұзақ  жолға  шығатындар,  тілек-шарапат 

күткенде əулие, би атасының мазарына келіп, 

əруағына бас иеді, сырқаттар түнейді.

ЖАПАҚ МАЗАРЫ (ХІХ ғ. ескерткіш) – Ырғыз 

ауданының  Жайсаңбай  ауылының  шығысына 

қарай 7 км. жерде. Сыртқы шеңберінің диаметрі 

19

Білім мазмұны/Образовательный контент

2(6) 2018



Advising Applicants

 

 

 

LORUM


 

 

IPSUM



DOLOR

VECTOR ILLUSTRATION

LORUM

 

 



IPSUM

DOLOR


VECTOR ILLUSTRATION

LORUM 


IPSUM

 

DOLOR



VECTOR ILLUSTRATION

LORUM 


IPSUM

 

DOLOR



VECTOR ILLUSTRATION

LORUM


 

 

IPSUM



DOLOR

VECTOR ILLUSTRATION

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et 

augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet 

nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum. 

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et 

augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet 

nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum. 

LORUM

 

 



IPSUM

DOLOR


VECTOR ILLUSTRATION


жүктеу 54,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау