8 кез. Қасбеті дөңгелек ғимаратты тең
бөлікке бөліп тұр. Мұнара-күмбезшелер
құрбандық орны тəрізді сыртқа қарайды.
Мазардың ішкі бөлігінде төрт жер асты қабыр-
ларының үстінде сахна тəрізді тұғырлар
орналасқан. Мазардың биіктігі 7,10 кез.
ИСАТАЙ МЕШІТІ – Жайсаңбай ауылының
оңтүстік-шығысында 4 км. жерде. Төртбұрышты
(10х19м), қабырғалары шикі кірпіштен өрілген.
Исатай мешіті мұнарасының биіктігі 8,50 метр.
Конус тəрізді мұнара басына кірпіштен өрілген
айналма баспалдақпен көтерілуге болады.
Мешіт діндар Исатай Сатыбалдыұлының
басшылығымен халық қаржысына салынған.
КӨКҚАТЫН ТАМЫ. Бұрынғы Ырғыз уезі,
Аманкөл болысының жерінде, Жалаңаш көлінің
оңтүстік-шығысында орналасқан Көкқатын
тамы деп аталатын кесене осы күнге дейін
сақталған. Кесене XIX ғасырдың екінші жарты-
сында тұрғызылса керек. Сейтқұлдың ұзағынан
тарайтын Тілеп деген байдың екінші əйелі
Рысбике шиеттей жас балаларымен жесір
қалады. Əмеңгерлік жолмен сөз салғандардың
ешқайсысына көнбеген əйел ауыл ақсақалда-
рының алқалы жиынына бірнеше рет түседі.
Қайратына сенген əйел, ешкімге қосылғысы
келмей, сөзіне құлақ аспаған жерде тентектік
те көрсетеді. Ақыры алты ұлы өсіп-өніп алты
ауыл болады. Шетінен айбатты, қарулы
жігіттерді ел «алты көк» атайды. Аналары
қартайып дүние салғанда, алты көктер анасына
лайық там тұрғызыпты. Сөйтіп Көкқатын тамы
аталыпты. Алты көктен атақты батыр, би, бай
кісілер шыққан. Соның бірі – Тоқсанбай. Ол
асқан бай болған. Ырғызға жақын жерде ақ
кірпіштен өрілген Тоқсанбай тамы бар. Рысбике
қажыр-қайратының арқасында дегеніне
жеткендіктен бе, кім білсін, өз аты ұмыт болып,
Көкқатын атанады.
АТА-ҚОЗЫ тамы атанып кеткен Коминтерн
селосындағы қорымда «Ата-Қозы» мавзолей
тамы бар. Бұл мавзолейге 150 жылдың шамасы
болған. Шөмекейдің Ата-Қозы деген 25 жасын-
да өлген батырына орнатылған күмбезді там.
Биенің сүті мен жылқының қылын араластырып
дайындалған материалдан салынған.
МАҢТӨБЕДЕГІ ЕСКЕРТКІШ. Ырғыз ауданы
орталығынан 25 км жердегі Маңтөбе биігінде
XVIII ғасырда Қазақстанның Ресейге қосылуы
жайлы актіге қол қойылғаны белгілі. Сол тарихи
оқиғаның 250 жылдығына байланысты. 1981
жылы осында ескерткіш-белгі орнатылды.
МƏНІ ҚОРЫМЫ (Мəні Əулие). Қызылжар
селолық округінің территориясындағы Темірас-
тау шыңының басындағы қорымның қай
ғасырда қаланғаны белгісіз. Аңыз бойынша
Мəні деген батыр қыз болған. Ол талай қол
бастап қарсылас жауын ұдайы жеңіп отырған,
кейін бір жорықта қаза тапқан. Оның жерлен-
ген жерін халық əулие тұтып «Мəні Əулие» деп
атап кеткен. Қорымның аумағы 2-3 гектардай.
Бұл қорым болашақта археологиялық зерттеуді
қажет етеді. Бұл төбені Мəні əулие десе, төбе
басында қаз-қатар тастардан қаланған қорым-
ды Мəні əулие қорымы деп те атайды. Шеңбер-
тал елді мекенінен батысқа қарай 7-шақырым
жерде орналасқан тарихи ескерткіш. Қорымда
тас қоршаулар, құлыптастар. Тұтас алғанда
Батыс Қазақстандағы əртүрлі бейіт еск-
ерткіштердің жиынтығы іспетті. Қаланған
тамдардың қабырғасының биіктігі 1 метрге
жетеді, кейбіреуінің төрт бұрышына əдейі тас
қаланып, кəдімгі төрт құлақты там бейнесінде
келтірсе, қайсібірінің қақ ортасында үйшік,
сыпа тамдарға лайықтап шошақ төбе шығарыл-
ған. Негізінде мұнда тас қалаудың үлкен өнері
жинақталған қабірден үлкен тастарға салынған
ру белгілері көп. Табиғи үлкен қара тасқа
салынған белгілерден үш жүздің ру таңбалары
кездеседі. Бұл бейіттер өткен заманда туған
жер үшін болған шайқастардың бірінде құрбан
болған бабалардың бейіттері екені сөзсіз. Көне
көз қариялардың айтуы бойынша патша
əскеріне қарсы соғыста қаза тапқан Кенесары
сарбаздарының патша əскерімен соғыса жүріп
Ырғыз өзенінен кесіп өтіп Мұғалжарға, Ембіге
дейін барғаны, кейін шегініп осы маңда болғаны
белгілі. Бейіттер еш сылақсыз əр түрлі тастар-
дан қаланған.
МҰҚАН ƏУЛИЕ КЕСЕНЕСІ – Ырғыздан 121
шақырым жерде (Ырғыз бен Шетырғыз арасы)
биік шоқының басына салынған. Есігінің алдына
жəне ішіне араб əрпімен «Мұқан əулие» деп
жазылған құлыптас қойылған. Əулиенің жатқан
жері қызыл мақпалмен көмкерілген. Мұқан
əулие 1600-1800 жылдары өмір сүрген
көріпкел-əулие, түрлі ауруларға ем жасаған,
соның ішінде бала көтермеген əйелдерге, ішкі
құрылысы ауыратын барлық адамға жанына
шипа болған. Халық басына барып, құран оқып,
түнеген. Кесененің салынуына, белгі қойылуы-
на, ас берілуіне жергілікті кəсіпкер, ырғыздық
азамат Жақсылық Есболғанов үлкен еңбек
сіңірген.
НАЗАР ТАМЫ (ХІХ ғ-дың аяғы-ХХ ғ. басында
салынған) - Ырғыз ауданы, Құмтоғай селолық
округінің солтүстік батысында 6 км. жерде
орналасқан тарихи ескерткіш. Сегіз қырлы етіп
салынған мазар, шикі кірпіштен өріліп, сырты
күйдірілген кірпішпен қапталған, күмбезделіп
салынған. Ішкі беті саз балшықпен сыланып,
ақталған. Қабырғада қызыл бояумен жазылған
арабша таңбалар бар. Биіктігі 4 м.
ТАҚТАКӨПІР – 1860-жылдары патша
үкіметінің Өлкейек өзенінің үстінен салғызған
көпірі. Көпірдің тіреуі бетон құймаларынан, өзі
20
www.aktobe-orleu.kz
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
АҚПАРАТТЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛЫ
äàìó
äàìó