меңгере алмай жүргенін, оған деген құштарлы-
ғының жоқ екенін айтады. Бұл мəселені шешу
мұғалімнің кəсіби шеберлігіне байланысты.
Математика сабағында жоғарыда айтылған
қиындықтарды жеңіп, оқушылардың белсенді іс-
əрекетін қалыптастыру мақсатында өз сабағым-
ды түрлендіре отырып, əртүрлі əдіс-тəсілдерді
пайдалана отырып өтемін. Атап айтқанда
«Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді
шешу», «Туынды тарауын қорытындылау»,
«Логарифмдік теңдеулерді шешу» т.б. тақыры-
бындағы ашық сабақтарымды өтудің түрлі
əдістерін қолданып түрлендіре өту арқылы
жақсы нəтижеге жеттім. Сабақтың тиімділігін
арттыру жəне оқушылардың пəнге қызығушы-
лығын тудыру жолдарының бірі – сабақ бары-
сында математика тарихының элементтерін,
математика туралы қызықты материалдар, əр
түрлі қызықты есептер, логикалық тапсырма-
лар, түрлі ойындар қолдану. Математикалық
ұғымдарды түсіндіру, бекіту кезінде халық
педагогикасының элементтерін қолдану, білім
сапасын біршама жақсартады.
Математиканың мəні мен маңызын тек
сабақ үстінде ғана ұғындырып қоймай, пəнге
қызығушылығын арттыру мақсатында сабақтан
тыс жұмыстар да ұйымдастырылады. Атап
айтқанда пəн үйірмелері, пəн апталықтарын
жүйелі түрде өткізіп отырамын. Үйірме отыры-
сында ұлттық ұғымдарды, халықтық педагогика
элементтерін математика заңдылықтарымен
байланыстыра отырып қарастыру оқушылардың
пəнге құштарлығын арттырады.
Қазіргі таңда оқытудың озық технологиясы,
инновациялық оқыту əдістерін сабақта қолдану
дəстүрге енді. Алайда сабақты өткізу тəсілі əрбір
мұғалімнің əдіскерлік шеберлігі оның бойына туа
бітетін адамның мінез-құлқына, темперамен-
тіне, пəнді игеру деңгейіне, тіпті алдына жинал-
ған оқушыларына, қоршаған ортаға, ұжымға
тəуелді күрделі қасиет. Сондықтан да аталмыш
əдіс-тəсілдерді мұғалім өзінің қажетіне қарай,
мүмкіндігіне қарай тиімді таңдап, пайдалана білу
арқылы ғана оқушы білімін жетілдіре алады.
Жалпы білімді жетілдіру негізінде құзы-
реттілік тұрғысынан қарау ұйғарымы бүгінгі
күннің басты талабы. Құзіреттілік – алынған
білім мен білікті тəжірибеде күнделікті өмірде
қандай да бір практикалық жəне теориялық
проблемаларды шешу үшін қолдана алуға
қабілеттілікті білдіреді.
Құзыреттілік тұрғысынан қарауды жүзеге
асыру кəсіптік салада арнаулы пəнді оқыту
барысында, өндірістік оқуда математика
сабағында алған білім, біліктерін қолдана білу
болып табылады. Мысалы тригонометриялық
ұғымдарды теміржолда стрелка бұрмаларында
қолдануға болатынын, ал геометриялық
денелердің өндірістік оқуларда, шеберханалар-
да өнім жасау барысында қалай қолдануға
болатынын түсіндіріп отырамын.
Мұғалімнің кəсіби шеберлігін шыңдауда
əдістемелік бірлестіктің, пəн секциясының рөлі
зор. Осы орайда біздің оқу орнында бірнеше пəн
секциясы құрылған. Жаратылыстану бағытын-
дағы пəн секциясының жетекшісі ретінде де
біршама игі істердің куəсі болып жүрмін. Секция
жұмысын жоспарлағанда бірнеше бағыттарды
таңдап аламын. Атап айтқанда:
- Мұғалімнің кəсіби шеберлігін арттыру
мақсатында оқу үрдісіндегі жаңа ақпараттарды
меңгеру;
- Оқушылардың пəн бойынша білім
нəтижесіне жету мақсатында апталықтар, пəн
үйірмелеін өткізу;
- Мұғалімнің шығармашылық ізденісін
арттыру мақсатында ашық сабақтар өткізу;
- Мұғалімнің кəсіби өсуі үшін атқарыла-
тын жұмыстар (педагогикалық оқуларға,
ғылыми конференцияларға, түрлі байқауларға
қатысу);
Сондай-ақ оқушыларды пəндік олимпиада-
ларға əзірлеу, ғылыми жобалар жасату сияқты
жұмыстар да мұғалім шеберлігін шыңдай түседі.
Өйткені мұғалім өзгені оқыту арқылы өзі де
оқиды, ізденеді.
Осы айтылған іс-шаралармен мұғалімнің
қызмет аясы шектеліп қалмауы тиіс. Мұғалімдік
мамандық – өмір бойы оқып өтетін мамандық.
«Ұстаз – үйрену барысында ғана ұстаз, үйрену
тоқтаған кезде мұғалімдік те тоқтайды» деген
ұлы адамдар пікірі бұған дəлел. Мұғалім
еңбегінің ақырғы өнімі оқушы. Қазіргі таңда
оқушы бұрынғыдай мұғалім берген білімді
қабылдаушы емес, өзі де білім алу үрдісіне
белсене араласады. Ал мұғалім оқушының білім
алуына жағдай туғызушы. Мұғалім еңбегінің
түпкі нəтижесі өмірге жан-жақты бейімделген
оқушы тұлғасын тəрбиелеп шығару.
Ш. Құдайбердіұлының «Адамның өсуіне үш
сала негіз болады, олар: адал еңбек, мінсіз ақыл,
таза жүрек» деген пікірі мұғалімге арнап
айтылған сияқты.
Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында: «Мұғалімнің
кəсіби беделін көтеру мақсатында қоғамда
педагогтың оң имиджін қалыптастыру жұмысы
жүргізілетін болады» деп атап көрсетілуі
мұғалімнің қоғамдағы мəртебесін көтеріп,
мұғалім келбетін айқындайтын игі қадам
болмақ.
13
Білім мазмұны/Образовательный контент
2(6) 2018
Advising Applicants
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et
augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet
nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum.
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Pellentesque ac enim et tortor sodales auctor ac et
augue. Nunc id urna ultricies mauris tincidunt congue. Nulla facilisi. Sed aliquam aliquam ante, sit amet laoreet
nulla vestibulum eget. Quisque mollis turpis vel mi iaculis interdum.
LORUM
IPSUM
DOLOR
VECTOR ILLUSTRATION