Раманкулов шерзод жумадуллаевич



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет17/65
Дата27.01.2020
өлшемі4,39 Mb.
#27475
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65

 
39 
- студенттердің 
логикалық  және  физикалық  ойлауын  дамытады, 
математикалық  амалдар  мен  түрлендірулерді  орындауға  жаттықтырады, 
физикалық  заңдар  мен  эксперименттің  сандық  және  сапалық  мағыналарын 
ашады;  
- физикалық  құбылыстар  мен  заңдылықтардың  практикалық  маңызына 
және ӛмірмен байланыстылығына кӛз жеткізеді; 
- студенттерді  тапқырлыққа,  ӛз  бетінше  жұмыс  істеуге,  еңбек  сүйгіштікке 
қиындықты жеңу тӛзімділігіне үйретеді, еңбек-жігерлерін қайрайды; 
- физикалық  ұғымдарды,  студенттердің  практикалық  іскерліктері  мен 
дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады; 
- студенттердің алған білімдерінің тереңдігі мен беріктігін тексереді;  
- студенттердің физикаға деген қызығушылығын арттырады[81].  
Ақпараттық  технологиялардың  дамуы,  физикалық  есептерді  түрлі 
компьютер  бағдарламалары  кӛмегімен  шешуге  жол  ашты.  Физиканы  оқытуда 
есептерді  компьютер  арқылы  шешудің  ерекшелігі,  студенттердің  физикалық 
құбылысты  жан-жақты  талдауға,  сол  құбылыс  негізделген  физикалық 
формулаларды  зерттеуге,  алгоритмдер  құруға,  және  физика,  математика, 
информатика пәндері арасындағы байланысты  құра алуға үйретеді. Физикалық 
есептерді  компьютер  арқылы  шығару,  негізінен,  есептеу  жолдары 
қайталанатын, есептің жауабы графикалық түрде алынатын жағдайларда тиімді 
болып  саналады.  Сонымен  қатар,  күрделі  формулалар  бойынша  есептер 
шығарғанда,  компьютер  арқылы  есеп  жауабын  тексеруде,  экспериментальдық 
есептердің  жауабын  алуда,  графиктік  есептерді  шығаруда,  дифференциялдық, 
интегралдық,  сандық  және  аралас  типті  есептерді  компьютер  арқылы 
шығарудың  маңыздылығы  зор.  Физикалық  есептерді  компьютер  арқылы 
шығару  бірнеше  кезеңді  ӛз  ішіне  алады:  есептің  берілуі,  алгоритм  құру, 
бағдарламалау және тестілеу немесе есеп жауабына анализ жасау.  
Әрбір шығарылған есепте студенттерге әр түрлі проблемалық жағдайларда 
дұрыс модель құруға, есепті шығарудағы ыңғайлы әдісті талдай алуына үйрету 
қажет.  Студенттің  стандартты  білім  деңгейін  жоғарылату  үшін  жүйелі  түрде 
есеп  шығару  тәжрибесі  болуы  керек.  Бұл  кейбір  физикалық  есеп  шығару 
әдістерін  мысалдарымен  жүйелендіру  және  анықтамаларын  тұжырымдау 
әрекетінен туындайды. Есеп шығарудың синтетикалық әдісі тӛмендегі суретте 
келтірілген (12- сурет).  
 
 


 
40 
    
 
 
Сурет 12 - Компьютер кӛмегімен физикалық есептерді шығару әдісі 
 
Жоғарыда  аталған  есеп  шығару  әдістер  спектрі  айтарлықтай  кең  және 
кездейсоқ арттыру әдісінен бастап (аналитикалық есеп шығаруға, есеп шығару 
құрылғысының  үлесі  ―нӛлге  жақын‖),  калькуляторлық  әдіске  (компьютер 
үлесіне,  шығару  кезінде  алынған,  қорытынды  формула  бойынша  әр  түрлі 
күрделі  есептеулер  ғана  қалады)  дейін  таралады.  Кейбір  әдістер  іргелі 
айырмашылығы  бар,  ал  басқалары  программаны  жазуға  дайындық  немесе 
қарапайым  аналитикалық  шығару  бӛлігіне  қосқан  үлесімен  ғана  бір-бірінен 
ерекшеленеді.  Сол  себепті,  әдістер  мен  жүйелендірулер  шартты  түрде  сипат 
беріп  отырады.  Мысалы:  аналитикалық  есептеу  және  ―калькулятор‖  әдістері 
арасында  айырмашылық  үлкен  емес.  Негізінде,  есеп  шығарудың  барлық 
әдістерін бірдей синтетикалық әдіске алып келу мүмкін. Студент есепті белгілі 
бір кезеңге дейін шығарады (бұл, ақырында есеп шығаруды әдістерге бӛлінуін 
анықтайды),  программаны  құрайды  және  компьютер  есеп  шығаруды 
қорытындылайды,  не  кейбір  аралық  нәтижелерді  береді,  не  жауабын,  не 
графигін немесе т.б. Алайда, физикалық есептер шығарудың модельді, есептеу, 
арттыру әдістерінің мағынасын ажырата білуі, сонымен қатар, таңдап алынған 
әдісті қолдана отырып, физикалық есепті компьютер арқылы шешудің жүйесін 
меңгеруі қажет (13 - сурет). 
Есеп шығарудың синтетикалық әдісі 
Арттыру
 әдісі 
Модельдік 
әдіс 
Есептеу әдісі 
Кездейсоқ 
арттыру әдісі 
Реттелген 
арттыру әдісі 
Графикалық 
әдіс 
калькулятор 
әдісі 
Монте-Карло 
әдісі 
Физикалық 
процесстерді 
модельдеу әдісі 
Есептеу 
процесін 
моделдеу әдісі 
Аналитикал ық-
есептеу әдісі 
Үздіксіз 
физикалық 
процесстерді 
модельдеу әдісі 
Дискретті 
физикалық 
процесстерді 
модельдеу әдісі 
Үздіксіз 
физикалық 
ӛлшемдерді 
есептеу 
процесін 
модельдеу 
Дискретті 
физикалық 
ӛлшемдерді 
есептеу 
процесін 
модельдеу 
 


 
41 
 
 
 
Сурет 13 - Компьютер кӛмегімен физикалық есептерді шығарудың  
блок-схемасы 
 
Қазіргі  кезеңде  компьютерді  оқу  үдерісінде  пайдалана  білетін  тәжірибелі 
физика  мұғалімін  даярлау  міндеті  қойылып  отырғанда,  елімізде  ақпараттық 
қоғам  жағдайында  болып  жатқан  ӛзгерістер  білім  беру  жүйесіне  деңгейі  мен 
мазмұны  ӛзгерген  сапа  тұрғысынан  жаңа  типті  мұғалімдер  даярлауды  талап 
етеді.  Физика  пәнінің  мұғаліміне  ақпараттық  және  телекоммуникациялық 
технологияларды  оқыту  жоғары  оқу  орындарында  физиканы  оқыту  теориясы 
мен  әдістемесін  және  тәрбиелеу  нәтижесінің  күйін  елеулі  түрде  ӛзгертуге, 
жаңартуға негіз салушы бола алады. 
Қ.А.  Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік  университеті  «Физика» 
кафедрасында  «Физикалық  процестерді  компьютерлік  модельдеу»  пәнін 
оқытуда,  лекциялық  сабақтарда  жалпы  физика  құбылыстарын  ӛз  ішіне 
қамтыған,  физикалық  құбылыстар  мен  заңдылықтар  туралы  қысқаша 
анықтамалар,  анимациялық  кӛрсетілімдер,  суреттер,  графиктер  келтірілген 
электронды оқу құралымен, «Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу»  
оқу  құралы  оқу  үдерісіне  енгізілді.  Ал  практикалық  сабақтарда  БЕЙСИК, 
ПАСКАЛЬ  бағдарламалау  тілдерінде физикалық  есептерді  компьютер арқылы 
шешу үдерісі жүреді[82]. 
1.Есептің 
берілуі 
2.Берілгендерді 
ұйымдастыру 
3.Жалпылама 
түрдегі есептің 
толық шешімі 
5.Математикал
ық модельді 
дайындау 
6.Құбылысты 
математикалық 
модельдеу 
7.Алгоритм 
құру және іске 
асыру  
8.Тестілеу  
4.Бағдарламалық 
қажеттіліктерді 
қолдану 
9.Анализ, 
қорытынды 
10. бағдарламаны 
жазып алу  


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау