46
Шығармашылықты қалыптастыруда ғылыми-зерттеу жұмыстарының
маңыздылығы жӛнінде В. П. Кислова, М. А. Матвеева, А. О. Бурдин, Н.И.
Н. И. Стрелянова т.б ғалымдардың еңбектерінде кездеседі.
Болашақ физика мұғалімдерін даярлауда физикалық ғылыми-зерттеу
жұмыстарының негізгі мақсаты ғылыми-техникалық және мәдени-прогресті
практикалық қызметте қолдануда шығармашылық аса қабілетті жоғары білімді
етіп даярлау және тәрбиелеу сапасын кӛтеру, олардың әрқайсысының
шығармашылығын қалыптастыру болып табылады.
Физикалық ғылыми - зерттеу жұмыстарының басты міндеттері –
студенттердің даярлық деңгейін ескеріп, оларды әртүрлі шығармашылық
қызметтерге үйрету. Физикалық ғылыми - зерттеу жұмысы – студенттің оқу
бағдарламасы аясында, сонымен қатар арнайы бағдарламалар бойынша жүзеге
асырылатын: студенттік танымның ғылыми әдісін меңгеруіне, оқу материалын
шығармашылықпен меңгеруіне ықпал ету; студентті ғылыми-техникалық
міндеттер мен ғылыми-теориялық мәселелерді ӛз бетінше шешу әдістемелері
және құралдарына үйретуге бағытталған қызметі болып табылады.
Сурет 15 – Болашақ физика мұғалімдерінің орындайтын ғылыми – зерттеу
жұмыстары
Физиканы оқытуда студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын
ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын
іздестіру ӛзекті сипатқа ие болады. Сол себепті, студенттердің ғылыми –
зерттеу жұмыстарын жасауда (15-сурет) олардың шығармашылықтарын
қалыптастыру жүйесін оқу және оқудан тыс арнайы ұйымдастыру қажет.
Осы жоғарыда аталған ғылыми – зерттеу жұмыстарының кез келген
формасында ақпараттық технологияларды қолдану болашақ
физика
мұғалімдерінің шығармашылығын қалыптастыруда маңызды орынға ие.
Физикалық ғылыми – зерттеу жұмыстарының түрлері
Физикалық
құбылыстар мен
заңдылықтарға
рефераттық
жұмыстар жазу
Қоғамда болып
жатқан физика
саласындағы
жаңалықтар
бойынша
ғылыми
баяндама, пікір
жазу
Физикалық
кӛкейкесті
тақырыпта мақала,
эссе жазу
Физикалық
құбылыстар мен
заңдылықтар
бойынша
курстық
жұмыстар жазу
Қоғамның
қажеттілігін
қанағаттандыратын
маңыздылығы
жоғары физика
саласынжа ғылыми
жобалар дайындау
Физикалық
құбылыстар мен
заңдылықтарды
бақылауға
арналған
эксперимент
жүргізу
Физика саласымен
байланысты болған
кӛкейкесті
тақырыпта
дипломдық жұмыс
орындау