Сүлейменова қарлығаш қанатбекқызы



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет30/77
Дата23.01.2020
өлшемі1,71 Mb.
#27204
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77

61 
 
саралап  көрсетуге тырыстық:  
-  Оқушылардың  эпикалық шығармаларды оқуға деген қызығушылықтарын 
қажеттендіру, яғни оқуға сұраныс тудыру;   
-  Оқушының өздік ізденісіне бағыт беріп, шығармашылыққа  талпындыру;  
-  Оқушылардың көркем әдебиетке деген құштарлығын арттыру; 
-  Олардың  бойына  ғылыми-теориялық    және  сыни    әдебиеттермен 
жұмыс істей білу қабілетін дарыту; 
-  Оқырмандық  қабілеттіліктерін  дамытатын  логикалық    тапсырмалар 
жүйесін дайындау.  
Әдебиет  сабағында  орындалатын    шығармашылық  тапсырмаларды  
оқушылардың  қабілетіне,  пәнге  деген  сүйіспеншілігіне  байланысты    жіктеу 
қажет.  Мәселен,  біздің  зертттеу  нысанымыз  болып  табылатын  жоғары  сынып 
оқушыларының  эпикалық  туындыларды  оқуға  қойылатын  талаптарын 
басшылыққа  алып,  тапсырмаларды  жүйеге  бөліп,  оқушының  біліміне, 
қабілетіне байланысты ұсынуға болады. 
Оқырмандық  қабілет  –  оқушылардың  көркем  әдебиетті  оқуға 
қызығушылығының  негізінде  қалыптасатын  аса  маңызды  педагогикалық-
психологиялық 
үдерістердің 
бірі. 
Өйткені, 
оқушылардың 
кітапқа 
қызығушылығы  оянбай  олардың  оқырмандық  қабілеті  қалыптасуы  мүмкін 
емес.  Көрнекті  қазақ  жазушысы,  Социалистік  Еңбек  Ері  Ғабит  Мүсірепов 
көркем  шығарманың  игі  қасиеті  туралы:  «...  қыстыгүні  оқысаң  жылытқандай 
етпесе,  жаздыгүні оқысаң,  самалдай  тимесе,  жаяу  келе  жатсаң,  қанат  бермесе, 
жылап  отырсаң,  күлдірмесе,  есерленіп  отырсаң,  есіңді  жимаса,  жазып  керегі 
жоқ. Сөнген үміт оянсын, әлсіреген адамға күш бітсін, әңгіме сонда ғана әңгіме. 
Сен айтқан ой оқушыны әр түрлі жағдайда кездестіреді. Оқушы дегенің бүгінгі 
де  адам,  ертеңгіде  адам»,  –  деген  тұжырым  жасайды  [98].  Осы  тұрғыда  орта 
мектепте  оқырмандық  қабілетті  анықтау  арқылы  мектептегі  бүкіл  оқу-тәрбие 
жүйесіне  ықпал  етуге  жағдай  жасалады.  Әдеби  шығарма  оқушыларға  өмірді 
таныта отырып, адамдармен қатынас жасай білуге, адамгершілікке үйретеді. Ол 
баланың  сезіміне  қозғау  салып,  қиялына  қанат  бітіреді,мінез-құлқына  қатты 
ықпал  етеді.  Кітап  оқу  арқылы  шәкірттерде  шығарманың  табиғи  көркемдігін 
түсіну  сезімі  біртіндеп  қалыптасып,  оны  қабылдау  қабілеті  артады.  Әдеби 
туындының идеялық-көркемдігі қаншалықты жоғары болса, оны талдау, түсіну 
соншалықты  қиын,  ол  үшін  шәкірттің  ой  белсенділігі  мен  білік-дағды 
қабілеттілігі  жоғары  болуы  керек.  Оқушылардың  оқырмандық  қабілеті 
психолог  ғалымдардың  пайымдауынша  тұлғаның  жалпы  дамуындағы 
шығармашылық  іс-әрекеттер  арқылы  қалыптасады.  Өз  уақытында  бұлар 
Н.Н.Светловскаяның  оқырман    дербестігіне  берген  анықтамасында  аталған 
болатын.  Ғалым  «Оқырман  дербестігі  –  дегеніміз  оқырманға  өзіне  жетіспей 
тұрған тәжірибені алу үшін кітап әлеміне жүгінуі және уақыт пен күштің ең аз 
шығынымен  осы  әлемде  керегін  табуы  және  тәжірибесін  өзіне  қолжетімді 
деңгейде  «иеленуі»  немесе  оны  қызықтырушы  тәжірибені  кітаптан  іздеп 
табуы»  деп  дәйектеген [99].  


62 
 
 
Жоғары  сынып  оқушыларының  көркем  шығарма    оқуға  деген  сұранысы 
көп  жағдайда  мектептегі  оқу  пәндерінің  мазмұнымен  тікелей  байланысты 
болып  келеді.  Гуманитарлық      бағыттағы  мектеп  оқушылары  жаратылыстану 
бағытына  қарағанда  эпикалық  шығармаларды  көбірек  оқиды.  Мәселен,  кітап 
оқуға  деген  ынта  мен  қызығушылық  бала  бойындағы,  іскерліктерді, 
құзыреттіліктерді  жинақтай келе оқырмандық қабілеттің дамуына ықпал етеді. 
Төменде  беріліп  отырған  мына  суретте  жоғары  сынып  оқушыларының 
оқырмандық  қабілетін  қалыптастыруға  негіз  болатын  шығармашылық  іс- 
әрекеттер  көрсетілген.  Мұнан  біз  қабілеттің  оқушының  іс-әрекеті  арқылы 
дамытынын  байқаймыз.  Эпикалық  шығармалардағы  мәтін  құрылымын 
логикалық  формулаларға  түйістіру,    мағынасы  жағынан  тұтастықта  қабылдау 
оларды  өзара  байланыстырып,  ортақ  логикалық  иделар  тізбегін  құру  –  
оқырманның шығармашылық іс әрекеттерінің айқын көрінісі деп саналады. Бұл 
оқиғаларды  дамыту  логикасына,  оқырманды  белгілі  істерге  бағыттай  отырып 
оның  бойындағы  барлық  қабілеттіліктердің  іс-әрекеттік  сипатын  көрсете 
алатын антиципация үдерісіне әкеледі.  
Алдағы  оқылып  жатқан  мәтінді  түсіну  үшін  антиципация  немесе  біліп 
қою,  яғни  мағыналып  тауып  алу  тәсілі  қолданылады.  Антиципация  – 
болжамдық болашаққа деген бағдарындың психологиялық процессі. Ол алдын 
ала  шұғыл  ойлаумен  жүзеге  асырылған  оқиғаларды  дамыту  логикасына, 
белгілердің  сарптамасының  нәтижелерін  меңгеруге  негізделген.  Антиципация 
оқырманды белгілі істерге бағыттаушы жасырын күтілім әсерімен қамтамасыз 
етіледі. Антиципацияның бірнеше түрін ажыратылады:  
1. Баяндалған жоспарды алдын ала  біліп қою; ол шығама композициясын 
басқаруға, оның логикалық құрылымын ойлауға көмектеседі;  
2.  Келесілік  баяндаудың  құрылымын  біліп  қою;  ол  мәтін  бөліктерінің 
арақатынасын  құрылымы  бойынша  белгілеп,  мәтіндегі  құрылымдық 
байланысты ұстап тұруға көмектеседі
 
3.  Түйінді  біліп  қою:  егер  автор  нақты  фактілерді  сипаттаса,  онда  ол 
оқырманды  олардың  жалпылануына,  олардың  тұжырымына  алып  келеді  және 
оқырман осы түйінді біліп қояды, оны тауып алады.  
4. Негіздеуді біліп қою: егер автор жалпы жағдайды құрып, қандай да бір 
пән туралы жалпы формада айтса, демек одан кейін ол, бәлкім, оны түсіндіріп, 
негіздеп,  нақтылайды.  Оқырман  түсіндіруді  күтіп,  алға  кетіпол  туралы 
болжамдар  құрады.  Антиципация  мәтіннің  бөліктерін  байланыстары  бойынша 
байланыстырылуына,  мәтіндегі  байланыстар  мен  қарым-қатынастарды  дұрыс 
түсінуге  жеке  өзіңнің  біліміңді  қатыстыруға  жақындатады.  Қорытындысы  – 
жоғары  интеллектуалды  белсенділік,  мәтін  терең  және  сыни  зерделенеді. 
Оқылған мәтінді түсінілуін қамтамасыз ету үшін керекті әдістің реципация деп 
немесе  оқу  барысында  пайда  болған  жаңа  ойлар  әсірінен  ойша  қайтып  оралу 
деп  аталады.    Бұндай  ойша  қайтып  оралу  зерделеніп  жатқан  мәтіннің  терең 
түсінілуіне себеп болады.  
Оқырман құрылымындағы келесі құрамдас бөлік – бұл кітапты білу және 
оны  жекелей  өзің  таңдай  алуың.  Бұл  құрамдас  бөлік  Н.Н.Светловскаяның 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   77




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау