55
ерекшеліктеріне байланысты. Нерв әрекетінің жеке көріністерінде сигнал
жүйелерінің бір – бірінен басым келуін И.П.Павлов адамға тән нерв қызметінің
үш түрлі типі болады деп тұжырымдады.
И.П.Павлов қабілетті 3 типке бөлді.
1. Орта тип – егер адамның нерв әрекетінде
бірінші және екінші сигнал
жүйелері әлсіз байқалса. Бұған дәрігерлер, мұғалімдер жатады.
2. Ойшыл тип – егер адамның нерв әрекетінде екінші сигнал жүйесінің
жұмысы басым болса. Сигнал жүйесінде қиялдың басымдылығымен
сипатталады. Бұларға философтар, математиктер, экономистер жатады.
3. Суретші тип – егер адамның нерв әрекетінде
бірінші сигнал
жүйесінің жұмысы басым болса. Сигнал жүйесінде қабылдау мен есту
образдылығы, бұларға суретшілер мен музыканттар жатады.
И.П.Павлов сигнал жүйесінің типтік ерекшеліктері психологиялық
әрекеттердің кез-келген жүйелерінің типтік ерекшеліктерінде, психологиялық
әрекеттердің кез-келген түрінде байқалады және олар өмірде бір–бірімен
ауысып, өзгеріп отырады. Осы типтердің кез-келгенінің негізінде қабілет жан –
жақты дамып отырады деген [93].
Қазақ психологиясында өзіндік орны бар, танымал ғалым Қ.Жарықбаев
қабілетті төмендегідей үш түрге бөліп қарастырады:
1) Арнаулы қабілет – белгілі іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп,
оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілет. Бұған суреткердің,
музыканттың, артистердің, спортшылардың, математик ғалымдардың, ақын –
жазушылардың қабілеттерін жатқызуға болады.
2) Жалпы қабілет – адамның ақыл – ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттері
кез-келген адамда табылатын қабілет. Ақылдық орамдылығы мен
сыншылдығы, материалды іске тез келтіре алуы, зейінділігі мен байқағыштығы,
зеректілігі мен тапқырлығы т.б. Осы секілді ақыл – ой әрекеттерінде көрінетін
өзгешеліктерді айтады.
3) Практикалық қабілет – бұған ұйымдастырғыштық, педагогтық,іс-
әрекеттік, конструктивті, техникалық қабілеттер жатады [94].
Қабілеттің осы аталған түрлері іс - әрекеттің басты салаларында (ғылым,
өнер) орайлас көрініп отырады.
Психолог ғалым С.Л.Рубинштейн: «Қабілеттің шығу тегі психологиялық
үдерістерден пайда болады» - дегендей қабілет адамның тума бойындағы
психологиялық үдерістердің әсерінен және адамға ұрпақтан–ұрпаққа берілетін
табиғи жеке дара қасиет. Шындығына келгенде, қандай да бір іс - әрекеттің
дұрыс және нәтижелі орындалуы бұл адамның қабілеттілігіне байланысты.
Сондықтан да, барлық психологтарымыз бен ғалымдарымыз осы пікір,
тұжырым төңірегінде қаншама істер атқарды [95].
Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетінін
қалтықсыз дәлелдеп отыр. Қабілеттердің тума берілмейтінін мойындаумен
бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындаудың шарты болатын ми
құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының
табиғи негізі болған мидың құрылымы, сезім мүшелері мен қозғалыстардың