өз ауылдарынан кетпей-ақ мұнай құбыры
саласының ғана емес, сонымен қатар өз
ауылдарының дамуына өз септіктерін
тигізуде. «қазтрансойл» әлеуметтік жо-
басы ауыл жастарының жұмыссыздық
мәселесін шешуге және мұнай саласы үшін
жұмыс кадрларын даярлауға нақты тапсы-
рыстар беру арқылы «бизнес-білім» байла-
нысын күшейтуге, экономиканың мұнай көлігі
саласының қалыптасқан қажеттіліктеріне
сәйкес аймақтардың кадрлық мүмкін-
шіліктерін арттыруға бағытталған.
«қазтрансойл» ақ 20 жылдан астам уақыт
бойы еділ өзенінің суын әлемдегі ең ұзын
астрахань – Маңғышлақ су таратқышының
бойымен қазақстанның ең қуаң аймақтары
атырау және Маңғыстау облыстарының
тұтынушыларына жеткізіп келеді. Мұнай
өндіруші және өнеркәсіп кәсіпорындарына
қоса тұщы сумен су таратқышының бой-
ында орналасқан қалалар мен елді
мекендердің
тұрғындары
қамтамасыз
етіледі. «қазтрансойл» ақ атырау және
Маңғыстау облыстарының аудандарын су-
мен қамтамасыз етудегі өзінің әлеуметтік
жауапкершілігін жете түсінеді. сондықтан
да, 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап
компанияның бастамасымен қазақстан
республикасының табиғи монополияларды
реттеу агенттігі астрахань – Маңғышлақ ма-
гистралды су таратқышынан берілетін судың
жаңа тарифтерін бекітті. бұл тарифтер бой-
ынша қарапайым халық, бюджеттік және
коммерциялық емес ұйымдар үшін суды
қолдану ақысы 3-7 пайызға төмендетілді.
Жекелеген
аудандарында
аталған
су
таратқыш тұщы судың жалғыз көзі болып та-
былатын батыс аймағының тұрғындары үшін
бұл шара елеулі көмек болды.
су таратқышын дамыту және суды қолдану
тарифтерінің төмендетілуіне бағытталған
жұмысты жүргізе отырып, «қазтрансойл»
ақ Маңғыстау және атырау облыстарының
экономикасының дамуы мен халықты
әлеуметтік қолдау ісіне елеулі үлес қосуда.
бұл әлеуметтік жауапкершіліктің мұнай
құбыры компаниясы үшін басым бағыттардың
бірі болып табылатынын дәлелдейді.
компанияның
әлеуметтік
қызметінде
қайырымдылық көмек пен демеушіліктің
орны ерекше. ол көбінесе халықтың
әлеуметтік тұрғыда аз қорғалған бөлігіне, ар-
дагерлер мен мүгедектер қоғамдықтарына
бағытталады. балаларға ерекше көп назар
аударылады. республикамыздың жас аза-
маттарынан келіп түскен барлық өтініштер
мұқият қарастырылады. балаларға көмек
ретінде жыл сайын айтарлықтай қаражат
жұмсалады.
әлеуметтік көмектің спектрі өте ауқымды.
ол құрылысты, мүгедектердің емделуін
ұйымдастыруды,
балалар
байқауларын
өткізудегі көмекті, халықаралық медиа-
форумдарды қаржыландыруды қамтиды.
«қазтрансойл» ақ көмек көрсеткен ба-
лалар
ұйымдарының
тізіміне
астана
қаласындағы балалар ауылы, ақкөлдегі ба-
лалар үйі, «лучик надежды» мүгедек бала-
ларды сауықтыру орталығы және т.б. жата-
ды.
компания казақстан астанасының даму-
ына да үлес қосты. 2003 жылы астана-
да «каспий» спорт кешені, 170 орындық
«айналайын» балабақшасы және қазіргі
заманға сай жабдықталған, кезек сайын
150 келушіні қабылдай алатын «Мейірім»
көп профильді емханасы өз есіктерін ашты.
«қазтрансойл»
ақ-ның
қазақстанның
жас астанысының дамуына қосқан үлесі
компанияның «астана қаласының салынуы-
на қосқан үлесі үшін» дипломымен марапат-
талуы да дәлелдейді.
өткенге шолу жасап, «қазтрансойл» ақ
қалыптасуынан бастап қазіргі заманғы
талаптарға жауап беретін, заманауи бай-
ланыс, қауіпсіздік, басқару құралдарымен
жабдықталған
кәсіпорынға
айналуы-
на дейінгі кезеңді қарастыра отырып,
компаниянаң интенсивті дамуға деген
бағытты таңдауы дұрыс шешім болды деп
сенімді түрде айтуға болады. 13 жыл ішінде
«қазтрансойл» ақ қазақстандық мұнайдың
жалғыз және ірі тасымалдаушы операто-
ры ретінде өндірістік қызметінің айналымын
екі есе арттырып, аймақтарды қолдау мен
дамыту ісіне айтарлықтай үлес қосып, жал-
пы ел экономикасының тіректерінің біріне
айналды. қазіргі күнде мұнай тасымалдау-
да қол жеткізген нәтижелерінің, ағымдағы
шығындарды қаржыландыру, капиталдық
салымдар және іске асырылып жатқан
инвестициялық жобалар мәселелеріндегі
қаржы тәртібінің жоғары деңгейде болуының
арқасында компанияның қаржылық позиция-
сы көңіл толарлық. компанияның қаржылық
тұрақтылығы туралы халықаралық рейтинг
агенттіктерінің пікірі де сондай. олардың
мәліметі бойынша «қазтрансойл» ақ
қазақстанның корпоративтік секторындағы
ең жоғары рейтингтердің біріне ие.
компанияның каспий суалқабындағы жаңа
кен орындарындағы мұнайды тасымалдауға
және мұнай экспортының жаңа бағыттарын
дамытуға
қатысты
жоспарлары
бар.
бұл «қазтрансойл» ақ болашақта да
қазақстанның үздік мұнай көлігі компаниясы
болып қала береді деген сенімді күшейтеді.
тәуелсіздікке дейін
қазақстанда құбыр
көлігін басқарудың
өзіндік тәртібі Мен
басқару құрылыМы
болған Жоқ. Мұнай
құбырларын
басқарудың
«глаВтранснефть»
басқаратын кеңестік
біртұтас Жүйенің
орнына Жаңа
МеМлекеттердің
Жеке құбыр
кәсіпорындарының
пайда болуы да
Жағдайды одан сайын
қиындатты.
137
KAZENERGY