Kazenergy #39 re re indd Сауат Мыңбаев



жүктеу 13,46 Mb.
Pdf просмотр
бет18/38
Дата23.01.2020
өлшемі13,46 Mb.
#27182
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38

ÁÀÒÓÌÈÄI£ ²ÑÒIÍÅÍ 

¥ÀÇÀ¥ÑÒÀÍÍÛ£ ÒÓÛ 

ÌÀ¥ÒÀÍÛØÏÅÍ

ÆÅËÁIÐÅÉÄI

транзит

138  № 3-4 (39-40) 2010 СПЕЦИАЛЬНЫЙ ВЫПУСК




айМақтағы елорданың 

стратегиялық Және 

геосаяси тұрғыдан тиіМді 

орналасуы қара Және 

Жерорта теңіздері арқылы 

еуропаға, неМесе әрі қарай 

дүниеЖүзілік Мұхитқа 

кез келген Жүктерді 

тасыМалдауға МүМкіндік 

береді. «қазтрансойл»-дың 

басқаруындағы осы екі 

кәсіпорын перспектиВалық 

шетелдік рыноктарға 

тікелей шығатын қазақстан-

ның алғашқы әрі бірегей 

Мұнай тасыМалдау актиВте-

рі болып есептеледі. 

Қ

азақстанның  аталған  Грузиялық  компанияларды  басқаруға 



қатысуының  тарихы  2007  жылғы  қаңтардан  бастауын  ала-

ды.  Қазақстаннан  қара  алтынды  тасымалдау  бағытындағы 

әртараптандыру  шеңберінде  ұлттық  оператор  «ҚазТрансОйл»  АҚ 

стратегиялық  және  геосаяси  тұрғыдан  тиімді  орналасқан  Грузияның 

Қара теңіз жағалауындағы активтердің меншік иесі болып табылатын 

компанияның үлескерлік қатысуын сатып алды. 2008 жылғы ақпан ай-

ында тағы бір келісім жасалды, нәтижесінде Батуми мұнай термина-

лын (БМТ) толық бақылауды сатып алып, Батуми теңіз портын (БТП) 

басқарудың  эксклюзивті  құқығын  алды.  Бұл  активтердің  қандай  зор 

маңызы бар екені жөнінде көп айта беруге болады, әсіресе ҚТО үшін. 

Алайда,  оның  Қазақстан  экономикасы  үшін  жалпы  маңыздылығын 

ерекше  белгілеп  айту  үшін,  бір  ғана  дәлелді  келтірсе  болады  – 

Еуразияның кіндігінде орналасқан республикамыздың географиялық 

орналасуы  жүктердің  ұзын  тізімін,  ең  алдымен,  мұнай  және  мұнай 

өнімдерін  тасымалдау  транзиттік  мемлекеттердің  мұнай  тасымал-

дау  терминалдарына  тәуелді  етеді.  Сондықтан,  Петр  І  Ресей  үшін 

Еуропаға  терезесін  ашса,  «ҚазТрансОйл»  Қазақстандық  мұнай  үшін 

әлемге өз есігін кең ашты деп айтуға толық құқылымыз. 

Пресс-тур  шеңберінде  Аджарияға  келген  қазақстандық  журналист-

тер  де  осы  «есікке»  шолу  жасады.  Көрген  мен  естігеннен,  әлемге 

бұл  шығу  –  сенімді  қолда,  деп    басты  тұжырым  жасауға  болады. 

Қамқорлы қожайын ретінде келешекке жұмыс істеп отырған ҚТО ком-

паниясы  «есікті»  пайдаланудың  ыңғайлылығы  үшін,  тұрақты  түрде 

оны  жетілдіріп,  кеңейтіп  отырады.  Осылайша,  бүгін  Батуми  арқылы 

жүктердің ірі ағыны тасымалданып отыр. Алайда, осының ар жағында 

тұрған  нағыз  жұмыс  асыра  айтқаннан  әлдеқайда  алыс,  бұл  –  ауыр 

грузияның ең көрікті қалаларының бірі шуақты 

аджария өткен аптаның басында қазақстандық 

журналисттер көп сандық тобы десантын өзінің 

әуе қақпасын қонақжайлылығымен ашып қарсы 

алды. бақ өкілдері сапарының басты мақсаты 

– «қазтрансойл» отандық компаниясының 

шетелдік активтерінің жұмысымен танысу: 

транскавказдік көлік коридорының басты 

құрамдас бөлігі болып табылатын батуми теңіз 

порты және мұнай терминалымен танысу.

және  орасан  зор  жұмыс  екенін  айта  кеткен  жөн.  Мұны  қарапайым 

мысалдан  көз  жеткізуге  болады:  БМТ  бас  директоры  Әбдіров 

Темірханның  айтуы  бойынша,  2008  жылы  Батуми  мұнай  термина-

лы  арқылы  мұнай  тасымалдаудың  қазақстандық  құрамы  50  пайыз-

дан аспады, ал биылғы жылы бұл көрсеткіш 70 пайыздан кем емес 

құрайды. 

Жалпы алғанда, Батуми арқылы мұнай өнімдерін ауыстырып тиеудің 

ең жоғары деңгейі 2005-2006 жылдарға келеді. Ол кезде бұл көрсеткіш 

рекордтық  деңгейге  жетті  –  шамамен  12  миллион  тонна.  Баку-

Тбилиси-Джейхан мұнай құбырын қолданысқа енгізудің салдарынан, 

әзірбайжандық мұнайдың тасымалдануы қысқартылды. Қазіргі кезде 

оң үрдіс байқалып отыр – қазақстандық мұнайдың жүк тасқыны ұлғайып 

келеді. Осылайша, соңғы деректерге сәйкес, биылғы жылғы қаңтар-

мауысым айларындағы мұнай мен мұнай өнімдерінің Батуми арқылы 

тасымалдануы  2009  жылғы  сәйкес  кезеңмен  салыстырғанда  19,2 

пайызға өсті. Алайда ең басты әрі ірі көлем әлі алда: Батуми термина-

лына Қазақстанның қолданыстағы кен орындарынан және Қашағаннан 

мұнайдың қосымша көлемдері күтілуде. Ал әзірше, бұл жерде қара 

алтынның келешектегі ағындардың кеңейтілуіне қарқынды түрде дай-

ындалып  отыр.  Сонымен  қатар,  Қазақстаннан  ғана  емес,  басқа  жүк 

түрлерін қабылдау бағытында да орасан қызмет дамытылған. Ауқымы 

кең - 1883 жылы Нобель ағайындылары компаниясының қатысуымен 

негізі салынған терминалдың территориясы бүгінгі күнде 90 гектар жер 

алқабын алып отыр. Ескірген инфрақұрылымды жаңа стандарттарға 

келтіру  үшін,  «ҚазТрансОйл»  компаниясы  айтарлықтай  қаражат 

бөліп,  инвестициялауды  әрі  қарай  жүргізіп  отыр.  Ауқымды  кеңістікті 

басқару осылайша орталықтандырылған болатын. Терминалдың кез 

 

 139



KAZENERGY


келген шетіндегі болып жатқан ахуал-жағдай тура-

лы  арнайы  пунктқа  нақты  уақыт  тәртіптемесінде 

ақпарат  жеткізіліп  отырады.  Лабораторияның 

қызметкерлері мұнай мен мұнай өнімдерінің сапа-

сын тексеріп отырады. «ҚазТрансОйл» компаниясы 

тұтынушыларына,  олардың  арасында  ExxonMobil, 

Chevron,  BP  және  т.б.  бар,  қызмет  сапасына 

кепілдік  етеді,  -  дейді  Әбдіров  Темірхан.  –  жалпы 

көлемі 750 мың куб метр сұйыққоймалар паркі шикі 

мұнай мен оның өнімдерінің 22 түрін сақтап, кейін 

тасымалдау  мақсатында  қабылдауға  мүмкіндік 

береді.  Әр  түрлі  өнімнің  түріне  сәйкесінше,  өз 

қоймалары  қарастырылған,  осының  арқасында 

өнімді  қабылданған  күйінде  кейінгі  тасымалдауға 

мүмкіндік береді. 

Батуми  терминалының  ерекшеліктерінің  бірі  – 

бүкіл  Қара  теңіз  жағалауында  сұйылтылған  газ-

ды  сақтау  және  тиеу  осы  жерде  ғана  жүзеге  асы-

рылады.  Шығанақтың табиғи тереңдігі 15 метр бо-

луы  терминалға  дедвейті  130  мың  тоннаға  дейін 

кемелерді  қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Қала 

көшелерін  пальмалар  мен  гүлденген  магнолия-

лар  көркейтсе,  оның  аквториясын  сөзсіз  ірі  тан-

керлер  безендіреді.  Оларға    Батумиде  жағадағы 

кеме  аялдайтын  үш  орыннан  және  шығармалы 

кеме аялдайтын орынға қатысты құрылғыдан (ВПУ) 

мұнай  өнімдерін  құю  жүзеге  асырылады.  ВПУ 

көмегімен  құю  технологиясы  мінсіз  болып  табы-

лады, тіпті мұнайдың теңізге құйылып кетуі мүмкін 

емес.  Шикізат  шығанақтың  түбімен  жүргізілген 

құбырлар  арқылы  кемелерге  жіберіледі.  Алай-

да,  мұнайды  көлікке  ауыстырып  құйғанда,  басқа 

әдістерді  қолданған  кезде  де  осындай  мінсіздікті 

байқауға  болады.  Тұрақ  және  тиеу  аумағындағы 

теңіз өте таза, су үстінде өзіндік май дақтары жоқ. 

Мұнайды  темір  жол  цистерналарына  ауысты-

рып  құю  аймағында  да  бірде-бір  мұнай  дағы  жоқ. 

Әсіресе,  терминал  жылына  15  миллион  тоннаға 

дейін  мұнай  құятын  жүкті  аударуға  қабілетті  екені 

таңданарлық. Көргенге сүйене отырып, бұл жерде 

экологиялық қауіпсіздікке жоғары көңіл бөлінеді деп 

тұжырымдауға  болады.  Бұл  пікірді  компанияның 

қызметкерлері де растайды. 

«Батуми мұнай терминалы Грузиядағы бір уақытта 

үш халықаралық сапа сертификатын алған алғашқы 

компания болып табылады, - деп, HSSE менеджері 

Георгий Киладзе әңгімелейді. – Сөйтіп, өткен жылы 

біз  Сапа  менеджменті  жүйесі  9001,  Экологиялық 

менеджмент  жүйесі  14001  және  Қоршаған  ортаны 

қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесі OHSAS 

18001  бойынша  халықаралық  стандарттардың  та-

лаптарына  сәйкес  келу  сертификаттарын  алдық. 

Бұл  біз  үшін  ерекше  мақтанарлық  жайт  –  өйткені 

бұл  бүкіл  ұжымның  үлкен  әрі  еңбекті  көп  қажет 

ететін  жұмысының  нәтижесі».  Компанияның 

өкілі  айтып  өткендей,  қауіпсіздік  және  эколо-

гия  мәселелері  жөнінде  жұмыс  берушіге  деген 

Грузияның  заңдылығы  жылы  көзбен  қарайды, 

алайда,  қазақстандық  компанияның  келуімен, 

оның  активтерінің  жұмысына  қатысты  талаптар  

айтарлықтай  жоғарылатылды.  Компанияның  өзі! 

Георгий  Киладзе  айтып  өткендей,  кейбір  пункттер 

бойынша әлемдік стандарттармен салыстырғанда, 

«ҚазТрансОйл» өзінің қатаңдау қызмет стандартта-

рын қолданады. «БМТ және БТП инфрақұрылымын 

жетілдіру жобаның экологиялық жағын жақсартумен 

берік байланыста, - дейді ол, - мысалы, эстакада-

ларда газ уалағыш құрылғылар жүйесі құрған кез-

де, бір уақытта атмосфераны зиянды қоспалардан 

қорғап отырамыз, сусіңгіш жүйені жетілдіру жер асты 

сулардың  ластануымен  тиімді  күресуге  мүмкіндік 

берді,  мұнайды  ауыстырып  құюға  арналған  сорғы 

стансаларын қайта құру оның қауіпсіз жұмысының 

мерзімін ұлғайтады. Осындай сияқты мысалдар өте 

көп». 

Георгий Киладзенің айтуы бойынша, казақстандық 



компания  жүргізіп  отырған  өндірістің  қоршаған 

ортаға  деген  кері  әсерін  тигізуді  барынша  азай-

ту  және  жеңілдетуге  бағытталған    қоршаған  орта-

ны қорғау қызметіне экологиялық қауіпсіздік бойын-

ша  халықаралық  аудиторлар  бірнеше  рет  жоғары 

баға берген. Алайда, менің әңгімесушім айтқандай, 

ең бастысы – ҚТО-ның БМТ мен БТП басқаруына 

кіргеннен бері бірде-бір штаттан тыс жағдай орын 

алмаған. Үлкен өндіріс швейцарлық сағаттар тәрізді 

нақты  әрі  уйлесімді  жұмыс  істейді.  Әрине  мұндай 

жұмыс тұрақты инвестицияларды қажет етеді, оған 

«ҚазТрансОйл» компаниясы сараңдық танытпайды 

да. «Қашағаннан келетін көп мұнай уақыты жеткен-

де, мөлшердің айтарлықтай ұлғаюына қарамастан, 

мұнай  терминалы  мен  порт  қауырт  түрде  емес, 

штаттық  кесте  бойынша  жұмыс  істеуіне  сенімді 

болуымыз  керек»,  -  дейді  ҚТО  қызметкерлері. 

Әлеуметтік және қайырымдылық қызмет салалала-

ры шеңберінде де компания айтарлықтай қаражат 

бөліп  отырады.  2010  жылы  қайырымдылыққа  ша-

мамен 285 мың доллар қаражат бөлінуі жоспарла-

нып  отыр.  Орташа  жалақы  мөлшері  200-300  дол-

ларды құрайтын аймақ үшін бұл ең жоғары қатысу 

көрсеткіші болып есептеледі. 

«ҚазТрансОйл» компаниясы басқарып отырған Ба-

туми мұнай терминалы мен теңіз портының аймақ 

және елдің экономикасы мен әлеуметтік өміріндегі 

ролі  жөнінде  Аджария  үкіметінің  төрағасы  Леван 

Варшаломидзе  де  айтып  өтті.  Жұмыстың  үлкен 

көлеміне қарамастан, бүгінгі күнде Аджария бір ірі 

құрылыс алаңы тәріздес екенін белгілеген жөн, ол 

қазақстандық  журналисттермен  өз  ықпалындағы 

аймақтың  бүгіні  мен  келешегі  туралы  айту  үшін 

кездесуге  келісті.  Әрине,  сұхбат  барысында 

қазақстандық  инвесторлардың  қызметі  көңілсіз 

«қазтрансойл» коМпаниясы басқарып отырған 

батуМи Мұнай терМиналы Мен теңіз портының 

айМақ Және елдің ЭконоМикасы Мен әлеуМеттік 

өМіріндегі ролі Жөнінде адЖария үкіМетінің 

төрағасы леВан ВаршалоМидзе де айтып өтті. 

ЖұМыстың үлкен көлеМіне қараМастан, бүгінгі 

күнде адЖария бір ірі құрылыс алаңы тәріздес 

екенін белгілеген Жөн.

транзит


140  № 3-4 (39-40) 2010 СПЕЦИАЛЬНЫЙ ВЫПУСК


жүктеу 13,46 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау