Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет335/363
Дата21.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#27131
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   363

684 

 

“Баланы бастан” демекші жас ұрпақ – жас қыран рухы биік қазақ елінің азаматы,  біздің 



бүлдіршіндерімізді  балабақша  жасынан  мүмкіндікті  пайдаланып,  бағыт  –  бағдар  беріп,  көп 

тілді  қазақ  азаматы  деген  атақ  абыройға  ие  болатын  жасты  тәрбиелеу  біз  балабақша 

мұғалімдеріне байланысты.Сол себептен әрбір ұстаз мекемеге қолынан келгенінше өз үлесін 

тигізсе, біздің ел ең жоғарғы стандарттарға сай, үлкен сұраныстарға ие жас буынға толы ел 

болатынына кәмілі. 

                                                            

 

 

«БОЛАШАҚ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ КӘСІБИ 



ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ» 

 

 

Әдіскері Қ.А. Хусайнова 

«Балақай» балабақшасы КМҚК 

 

 

«Тәрбиешінің шеберлігі талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ ол дәрігер 



мен музыкантты шеберлікке баулитындай етіп үйретуді қажет ететін мамандық»,-  

А.С. Макаренко  

Қазақстан  Республикасының  жалпыға  міндетті  стандартына  сай  өндірістік  тәжірибе  - 

мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілерін мамандыққа дайындаудың маңызды сатыларының 

бірі болып табылады. 

Өндірістік  тәжрибенің  мақсаты  -  студенттерді  болашак,  мамандыққа  баулу  және 

балалармен  жүргізілетін  оқу-тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруға  қажетті  дағдыларын 

жетілдіру және дамыту. 

«Мектепке  дейінгі  тәрбие  және  оқыту»  мамандығы  бойынша  байқау  және  бақылау 

тәжрибесі барысында студенттер тәрбиешінің іс-әрекетін, режимдік процестерді бақылап, өз 

беттерімен  орындауға    дағдыланады.  Болашақ  мамандардың  теориялық  тұрғыдан  алған 

білімдерін  өндірістік  тәжірибеде  қолдануын,  кәсіптік  шеберліктерін  шыңдауға  колледж 

оқытушылары мен балалар бақшасының әдіскерлері өз үлестерін қосуда. 

Болашақ мамандар мынандай көрсеткіштерді естерінде сақтаулары қажет: 

1.Жас  маман адамгершілігі жоғары, мәдениетті, ғылым жетістіктерін дұрыс бағдарлай 

алатын, әдебиет пен өнердің, техниканың дамуын жақсы білетін, оны түсіндіре алатын болуы 

керек. 

2.Әдептілігі, қоғамдық 



орындарда өзін сыпайы, еркін, ортаға лайықты ұстай білуі, 

адамдармен сыйластықта жақсы қарым қатынаста болуы ңажет. 

3.Үнемі жинақы, таза, ұқыпты жүруге

сөйлеген сөзі  мәнді,  ойлы, асықпай,  байыппен 



сөйлеуі керек.  

Өндірістік  тәжірибе  барысында  қолданылатын  әдіс-тәсілдерді  әдіскерлер  анықтайды, 

оқу-тәрбие  жұмыстарына  басшылық  жасайды.  Мысалы:  жоспар  бойынша  студенттер  жеке 

әдістемелерден  оқу-  іс  әрекеттерін,  режимдік  процестерді  т.  б  дербес  ұйымдастырады. 

Ұйымдастырылған  оқу-іс  әрекеттерін,  режимдік  процестерді,  ойын

еңбек  және  серуен 



жұмыстарын жоспарлауда әдіскерлер студенттерге бағыт- бағдар беріп отырады. Студенттер 

өндірістік  тәжірибе  барысында  оқу-іс  әрекеттерін,  режимдік  процестерді  өткізіп  қана 

қоймайды,  олар  ата-аналармен  түрлі  шараларды  кеңестер,  әңгіме,  сауалнама,  көрмелер, 

балалармен  жекетоптық  жұмыстар  және  балабақша  ұжымымен  бірлесіп  мерекелік  іс-

шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетіп тәжірибелер жинақтайды. 

Өндірістік тәжірибе барысында студенттер  жаңа технологияларды қолдана отырып әр 

түрлі шараларды өткізеді.  

Олар: 


-электронды сергіту сәттер


685 

 

- электронды дидактикалық ойындар; 



-жарыс және ойын түрінде өтетін сабақтар; 

-қиял-ертегілерді қолдану сабақтары: ертегі сабағы,сиқырлы кейіпкерлер тосын сыйды 

әрбір оқу әрекетінде пайдалану т.б. 

Студенттер  өндірістік  тәжірибе  барысында  тәрбиешілердің  үлгі  сабақтарын  көріп 

талдауға  уйренеді.  Өндірістік  тәжірибе  кезінде  студенттің  өз  бетімен  ізденісіне  мүмкіндік 

туғызған сайын, оның жауапкершілігі, оқуға тәжірибеге қызығушылығы артады. 

«Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасында  білім  берудің»  басты  мақсаты  -  студенттердің  талдау,синтездеу, 

логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, яғни студенттердің үнемі ой еңбегімен шұғылдануын 

қамтамасыз  ету,  студенттерді  ізденуге  өз  беттерімен  қорытынды  жасауға  үйрету  деп  атап 

көрсетілгені  белгілі.  Мысалы:  тәжірибе  кезіндегі  оқу-іс  әрекеттеріне  дайындық,  оқу-іс 

әрекетінің конспектілерін

мерекелік іс  -шаралардың сценарийін құру  студенттің ізденісінің 



жемісі деуге болады. 

Ал шеберлік - студенттің ізденісімен тығыз байланысты. Шеберлік - тек қана студенттің 

жалпы, жан-жақты және әдістемелік сауаттылығы. Студенттер жеке әдістемелерден, мектепке 

дейінгі  педагогика,  мектеп  жасына  дейінгі  балалар  психологиясы  пәндері  бойынша  алған 

теориялық білімдерін өндірісте өтілетін тәжірибе кезінде шыңдайды.  

Әр әдістемеден сабақ жоспарын, оқу-іс әрекетінің технологиялық картасын құрып, оны 

балалармен ұйымдастырып өткізу дағдыларын игереді. 

Сондай-ақ студенттер балалармен жұмыс істей білуге, олардың даму деңгейін бағалай 

және  талдай  білуге,  баланың  одан  әрі  дамып  жетілуіне  бағытталған  тәрбие  жұмысын 

жоспарлай білуге үйренеді. 

Мектепке дейінгі мекемеде әр түрлі оқу әрекеттері мен шаралар дайындау 

кезінде  студенттер  әдіскерлер  мен  тәрбиешілерден  кеңес  алып  отырады.  Байқау  және 

бақылау  тәжірибесі  кезінде  студенттер  балалардың  жас  және  жеке  ерекшеліктерін  ескере 

отырып,  қарым-қатынас  жасайды,  іс-шаралардың  мақсаты  мен  міндеттеріне  сәйкес  әдіс- 

тәсілдер  мен  технологияларды  таңдап  пайдаланады.  Студенттер  педагогтардың  озық 

тәжрибелерін қарастырып, өздерінің жұмыстарында қолдана білуге дағдыланады. 

Тәрбиешілердің  жан-жақты  құзіреттілігін  арттыруда  және  бәсекеге  қабілетті,  кәсіби 

оңтайлы маманның бойында белгілі бір құзыреттіліктер қалыптасуы қажет: 

-бағдарлы  құзіреттілік  (азаматтық  белсенділік,  саяси  жүйені  түсіну,  баға  бере  білу 

қабілеті); 

-мәдениет  тану  құзіреттілігі  (ұлттық  ерекшеліктерді  тани  білу,  өз  халқының 

мәдениетімен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті); 

-оқу-танымдық  құзіреттілігі  (өзінің  білімділік  қабілетін  ұйымдастыра  білу,  жоспарлай 

білу, ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу); 

-коммуникативтік  құзіреттілік  (адамдармен  өзара  қарым-қатынас  тәсілдерін  білу, 

мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста ағылшын тілінде сөйлесе білу 

дағдылары болуы); 

-ақпараттық-технологиялық  құзіреттілік  (ақпараттық  технологиялармен,  техникалық 

объектілер көмегімен жоспарлы енбекті бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай 

білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті); 

-әлеуметтік-еңбек  құзіреттілігі  (әлеуметтік-қоғамдық  жағдайларға  талдау  жасай  білу, 

шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес 

ықпал ете білу қабілеті); 

-тұлғалық  өзін-өзі  дамыту  құзіреттілігі  (отбасылық  еңбек,  экономикалық  және  саяси 

қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті). 

Жаңа  педагогикалық  технологияны  ұстаздық  іс-әрекетте  қайта  құрудың  жүйелі  тұтас 

құралы  ретінде  тиімді  пайдалану  оқу-тәрбие  үрдісінің  сапасын  жақсартуға,  жеке  тұлғаны 

дамыту  міндеттерін  шешуге,  оқушы-жастардың  құзіреттілігін  қалыптастыруға  септігін 

тигізеді.  



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау