Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет29/64
Дата20.01.2020
өлшемі3,39 Mb.
#27116
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64

аралығында,   көп   разрядты   бүтін   сандар   -2147483648   бен   2147483647
аралығында және жылжымалы нүктелі сандар 1.401298E-45 пен 3.402823Е38
аралығында   анықталған   болуы   тиіс.   Нақты   сандар   енгізілетін   өріс   үшін
санның бөлшегінің көлемі де берілуі мүмкін;
–   Дата/уақыт   (Дата/время   –   Data/tіme)  –   күн/ай/жыл   форматында
мерзімді және сағат:минут:секунд pm не am (pm – 12.00-ден кейін, ал am –
12.00-ге дейін) форматында уақыт мөлшерін сақтау үшін  қажет. Бұл типтегі
өріс   форматын   алдын   ала   таңдап   алған   дұрыс.   Өріс   форматының
мүмкіндіктері:   Күннің   толық   форматы   (мысалы,   3.01.03   09:00:12);   қысқа
форматы   (мысалы,   12.07.01);   орташа   форматы   (мысалы,   ЗІ-окт-03);   ұзын
форматы (мысалы, 21 мая 2001г.);
–   Ақшалай   (Денежный   –   Currency)   –  ақшалай   көрсетілген
информацияларды енгізу үшін қажет. Жалпы, оларды сандық типтегі өріске
де   енгізуге   болады,   дегенмен   осы   типте   жұмыс   істеу   ыңғайлы.   Өріс
форматындағы тізімнен қажетті ақша бірліктерін таңдауға, олардың үлгісін
беруге болады. Өте үлкен сандардың дәл мәнін сақтау үшін (+/-900 триллион)
жиі қолданылады;
– Санауыш (Счетчик – Counter) –  жазбалар реттік нөмірін анықтау
үшін   қолданылады.  Автоматты   түрде   бірден   басталып,   жазбаларды
қайталанбайтын осы өріс мәні арқылы анықтап отыру үшін қажет (бұл өріс
мәндерін теруге, өзгертуге болмайды);
–   Логикалық   (Логический   –   yes/no)   –  логикалық   мәліметтерді
(Иә/Жоқ, 0/1, Ақиқат/Жалған, т.с.с.) сақтау үшін керек;
– OLE объектісі ( Объект OLE – OLE object) – Wіndows қолданбалы
программаларынан алынған OLE технологиясын сүйемелдейтін құжаттарды,
кестелерді, графиктерді және басқа объектілерді сақтау үшін қолданылады.
Оның   мәндерінің   жазылу   түрі   өріс   форматындағы   мәліметтер   тізімінен
таңдап   алынады.   Қай   формат   таңдалса   да,   кестеде   логикалық   өріс
жалаушалармен   кескінделеді.   Жалаушаны   тышқанмен   шертіп   "Иә"   мәні  
белгісін   орнату   арқылы,   ал   "Жоқ"   мәні   өрісті   бос   қалдырылу   арқылы
енгізіледі.
Бұдан   басқа,  “Жалпы”   (“Общие”)  ішкі   бетінде   өрістің   бірсыпыра
қасиеттер   жиыны   беріледі,  “Алмастыру”   (“Подстановка”)  ішкі   бетінде
басқару   элементінің   типі   көрсетіледі.   Олар  Access  өрістердің   11   түрлі
сипаттамаларын, яғни қасиеттерін көрсете алады, бірақ қасиеттердің нақты
тізімі өріс типімен анықталады. Енді өрістердің негізгі қасиеттерін қарасты-
рып шығайық: 
1)
  өрістің   ені   (размер   поля)   –   мәтіндер   үшін   алдын  ала   келісім
бойынша  50  символ болып алынған, сандық  өрістер үшін мына типтердің
біреуі   алынады:  Байт   (Байт),   Бүтін   сан   (Целое),   Ұзартылған   бүтін   сан
(Длинное целое), Жылжымалы нүкте (С плавающей точкой) ені 4 немесе
8 байт, Репликация коды (Код репликации);
2)
 формат (формат) – қағаздағы және экрандағы информация түрін
анықтайды;
3)   енгізу  қалқасы  (маска   ввода)   –   онда   мәліметтердің  енгізілу   түрін
анықтайтын формат көрсетіледі;


4) ондық таңбалар саны – сандық және ақшалық өрістер үшін үтірден 
кейінгі разрядтар саны;
5) қолтаңба (подпись) – формалар мен басылымдарға арналған өрістер 
сипаттамасы (өрістер аты ретінде қолданылады);
6) алдын ала бекітілген үнсіз келісім мәні (значение по умолчанию) – 
өрісте автоматты түрде бірден пайда болатын мәндер, бірақ оларды кесте 
немесе форма режимінде өзгерістуге немесе жаңадан енгізуге болады;
7) мәнге қойылатын шарт (условие на значение) – Access-тің енгізілген 
мәнге реакциясын анықтайтын логикалық өрнек;
8) қате түралы хабарлама (сообщение об ошибке) – өрістегі 
информация мәнге қойылған шартты қанағаттандырмаған жағдайда шығатын
хабарлама;
9) міндетті түрде толтырылатын өріс (обязательное поле) – өріске мән 
беру қажеттілігін анықтайды;
10) бос жолдар (пустые строки) –  өрістердің нөлдік мәндерін тағайын-
дайды, олар бос жолдардан басқаша болып саналады;
11) индекстелген өріс (индексированное поле) – мәліметтер іздеуді 
жеделдету үшін осы өріс бойынша индекс құру қажет пе, жоқ па соны 
анықтайды.
Мәндердің енгізілу форматын беретін олардың қалқасын (маска) құруға
арналған негізгі символдар 1-кестеде келтірілген. 
      
1 кесте 
ҚАЛҚА  
СИМВОЛЫ
ЕНГІЗУГЕ  БОЛАТЫН  МӘНДЕР
0
0-ден 9-ға дейінгі цифрлар
9
Сандар немесе бос орын
#
Сандар немесе бос орын, +/-
L/?
Әріп
A/a
Әріп немесе циф
&/c
Кез келген символ  немесе бос орын
.
Ондық нүкте
немесе /
Уақыт немесе мерзімді бөліп тұратын 
таңбалар
<
Таңбаларды төменгі регистрге 
ауыстырады (кіші әріптер)
>
Таңбаларды жоғарғы регистрге 
ауыстырады (бас әріптер)
Қалқа (Маска) мысалдары:
1)
(###) - ### - ### – 325477370 санын енгізгенде, ол өрісте келесі 
түрде көрінеді (325)-477-370;
2)
> – Алматы мәнін енгізгенде ол АЛМАТЫ сөзіне түрленеді.
Бет   перде   (Маска)   құру   үшін   бет   перде   құру  Шеберін  қолдануға
болады,   ол  үшін  Енгізу   бет  пердесі  қасиеттерінен  Құру  (көп   нүктесі   бар
квадрат) батырмасын шерту керек.
Access индекстің екі түрін сүйемелдейді:


– индекс – алғашқы кілт – бұл әрбір жазбаны бір мәнді түрде 
анықтайтын өріс немесе өрістер комбинациясы;
– индекс – екінші реттегі кілт – сұрыптау немесе іздеу барысында 
қолданылатын өріс немесе өрістер комбинациясы.
Индекстер   құру   үшін   өрістерді   алдын   ала   белгілеп  Кілт  белгішесін
немесе Түр/Индекстер меню командасын қолдануға болады. Соңғы команда
индекс атауы, индекстеу өрістері және сұрыптау реті көрсетілуі тиіс сұхбат
терезе шығарады.
Кесте немесе форма өрістері өріс түрінде көрінуі керек пе, тізім түрінде
ме, әлде тізімі бар өріс түрінде көрінуі керек пе осыны анықтайтын басқару
элементінің   түрі  “Алмастыру”  ішкі   бетінде   сипатталады.   Егер   өріс   үшін
Тізім   (Lіst   box)  немесе  Тізім   бар   өріс  (Combo   box)  басқару   элементтері
таңдалса,   онда   тізімнің   жолдары   үшін   мәліметтердің   шыққан   жерін   және
тізімнің   басқа   да   бірқатар   белгілерін   анықтайтын   қосымша   қасиеттер
шығады.   Мәліметтер   шыққан   көзі   кесте   болып   табылады,   онымен   жұмыс
барысында үздіксіз байланыс орнатылатындықтан, ол тізімнің ең соңғы нұсқа
екендігін, яғни өзектілігін қамтамасыз етеді.
Егер   өріс   түрін   анықтау   кезінде  Алмастыру   шебері  таңдалса,   онда
“Алмастырулар”  ішкі   бетіндегі   қасиеттер   мәні  Шебер  арқылы
толтырылады.
2. Кесте режимінде жұмыс істеу
Кестелер   -   МБ-ның   негізгі   объектілері.   МБ   жасау   алғашқы   кесте
құрудан басталады. Ал, кестеде оның өрістері және сол ерістердің типтері
мен касиеттері анықталады. Access-те кесте құрудың 5 тәсілі бар. Кесте ішкі
бетін  ашып,  Құру  (Создать)  батырмасына   шертсек,  1  суретте   көрсетілген
Жаңа кесте  сұхбаттасу терезесі шығады.  Бұл  терезеде жаңа кесте құрудың
бірнеше тәсілдері көрсетілген.
1 сурет. Мәліметтер базасын 
құру режимін таңдау терезесі
Кесте режимін таңдағаннан кейін бірінші жолда өріс атауын беріп, ал
төменірек әрбір өрістің мәліметтерін енгізе отырып, Кесте құру мүмкіндігіне
ие   боламыз.   Бұл   режим   Excel-де   кесте   құру   тәсіліне   ұқсас.   Кестеде   20-ға
дейін өріс болуы мүмкін. 5 суретте Кесте режимінде автомобильдердің мар-
калары   туралы   мағлұматтары   бар   кестені   құру   үлгісі   келтірілген.   Бірінші
жолға өріс атаулары (“Поле1”, “Поле2 және т.с.с. орнына), ал қалған жолдарға
осы өрістердің мәндері енгізіледі. Бір өрістен 2-ші өріске өту үшін Tab және
Shіft-Tab  немесе   бағыттауыш   тілсызықтары   бар   пернелерді   қолдануға
болады. Мәндерді енгізіп біткеннен кейін, сұхбаттасу терезесінде кестеге ат


жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау