73 сурет. Сұраныс арқылы алынған мәліметтер
Таңдап алу шарттары қатынас (салыстыру) операторлары мен операнд-
тардан (мәндерден) тұрады. Операндтар ретінде мыналар қолданылады:
- литералдар – тікелей мағынасы бойынша қабылданатын мәндер,
мысалы, сан, қатар, күн;
- тұрақтылар - өзгермейтін мәндер, мысалы, True, Иә, 1200;
- идентификатор - өріс мәніне сілтеме жасау, басқару элементі
немесе сипаттамалар түріндегі өріс қасиеттері, мысалы,
Идентификатор.Қасиет немесе [Кесте аты]![Өріс аты].
Шарттарды құрастыру кезінде нақты мәндер мен қатынас белгілерін
тікелей көрсету керек ( < , >, <= , > = , < >). Символдық мәндер
тырнақшалармен қоршалып көрсетіледі. Бір қатарда келтірілген шарттар
"ЖӘНЕ" белгісімен, ал әртүрлі қатарлардағы шарттар - "НЕМЕСЕ"
белгілерімен біріктіріледі. Интервалға қатысты мәнді тексеру үшін
Beetwen... And конструкциясы қолданылады, мысалы: Beetwen 5 And 100 -
(5, 100) аралықтарындағы мәндер. Егер мәнді көрсетілген мәндер тізіміне
кіргізу керек болса, IN операторын қолдану керек, мысалы , IN ( 100, 200, 500
) – қажетті мән 100, 200 немесе 500 мәндерінің бірі болуы тиіс. Құрама
шарттар құру үшін And, Not, Or операторларын қолдануға болады.
Шарттарды саймандар тақтасындағы Құрастыру (Построить) батырмасын
немесе жанама (контекстік) менюдегі Құрастыру жолын таңдау арқылы
Өрнек құрастырушысы (Построителя выражений) көмегімен де құру
мүмкіндігі бар.
74-суретте сұранысқа жаңа кесте қосу кезінде шақырылатын жанама
меню көрсетілген. Оны шығару үшін тышқанның оң жақ батырмасын
кестелер орналасатын сұраныстың жоғарғы аймағындағы бос орында шерту
керек.
74 сурет. Жанама (контекстік) менюді шақыру
75-суретте екі «Авто» және «Зауыт» кестелерінен тұрғызылған
сұраныстың мысалы келтірілген. «Авто» кестесінен – Бағасы'>Нөмірі, Маркасы,
Бағасы өрістері, ал «Зауыт» кестесінен – Зауыт атауы (НаименЗавода)
өрісі алынған. Мәліметтер сұрыпталмаған. Кестелерден жазбаларды таңдап
алу шарттары ретінде автомобиль бағасының 5000 мен 10000 аралығында
болуы көрсетілген. 76-суретте осы шарттарды қалыптастыратын Өрнектер
құрастырушысы келтірілген.
75 сурет. Бағасы өрісіне арналған шарт көрсетілген сұраныс
76 сурет. Бағасы өрісі үшін өрнек құрастыру
Бағасы өрісі үшін Таңдау шарты қатарына Өрнек
құрастырушысын шақыру үшін контекстік менюді шақырып, Құрастыру
(Построить) қомандасын орындау керек. Одан соң Құрастырушының
бірінші бағанасында «Операторлар» бумасын ашып, екіншісінде қатынас
(салыстыру) операторларын крсетіп, үшіншісінде – Beetwen операторын екі
рет шерту қажет. Осы операторға арналған өрнек терезенің жоғарғы жағында
Between «Өрнек» And «Өрнек» түрінде пайда болады. Ондағы өрнектер
орнына сандық мәндерді –5000 және 10000 – енгізу керек. Мәннің ақырғы
түрі: Between 5000 And 10000. 77-суретте осы сұраныс бойынша алынған
мәліметтер көрсетілген.
77 сурет. 2-сұраныстан алынған мәліметтер
Сұраныста өріс мәндері арқылы есептеулер жүргізіп, олардың
нәтижелерін басқа бір (сұраныс бойынша құрылатын) кестедегі жаңа өріске
мән етіп тағайындауға болады. Есептелінетін өрнек сұраныс бланкының
өрісіндегі бос ұяға Өрнек N (Выражение N) болып енгізіледі, мұндағы N –
өрнек нөмірі, мысалы: Өрнек 1: [Бағасы]*[Саны]. Есептеулер кезінде
арифметикалық өрнектер мен Access-тің ішкі функциялары қолданылуы
мүмкін. Мұндай өріске жаңа ат (Подпись) беру үшін курсорды есептелінетін
сол өріске орналастырып, контекстік менюдегі Қасиеттер командасын
таңдап, «Жалпы» («Общие») ішкі парақшасының Подпись қатарына жаңа
ат енгізу қажет.
78-суретте есептелінетін өрнегі бар «Зауыт» кестесінің негізінде
құрылған сұраныс көрсетілген. Бұл өрнек зауыттың бір ай ішінде шығаратын
автомобильдерінің санын анықтайды. Ол Жылғы Авто саны (ЧислоАвто-
Вгод) өрісінің негізінде құрылған және сұраныста ол былай болып жазылады:
Өрнек1: Cint ([зауыт]![ Жылғы Авто саны] / 12) .
Cint() функциясы алынған мәндерді бүтін санға дейін дөңгелектеп
жазуға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қасиеттері терезесі арқылы оның
«Жалпы» («Общие») парақшасында бұл өрнек орналасқан өріс аты
өзгертілген (79 сурет). 80-суретте осы сұраныстан алынған мәліметтер
көрсетілген. Мәліметтер Зауыт Аты өрісі бойынша реттеліп берілген.
78 сурет – Есептелінетін өрнегі бар сұраныс
79 сурет– Өрнек орналасын өріске жаңа ат беру
80 сурет– 3-сұраныс арқылы алынған мәліметтер
Тұтынушы таңдап алу шарты ретіндегі өрістің нақты мәнін сұранысты
орындау кезінде енгізуіне болады. Ол үшін сұраныс параметрінің атын тік
жақшаларда беру қажет, мысалы, [автомобиль түсі]. Сұранысты орындау
кезінде бұл ат Параметрдің атын беріңіз (Введите значение параметра)
атты сұхбаттасу терезесінде пайда болады. Осындай сұраныс түрі 81-суретте
көрсетілген. Сұраныс «Авто» кестесінің Нөмірі, Маркасы, Қуаты өрістерін
пайдалану жолымен құрылған. Жазбалар тұтынушы енгізген шарттарға
сәйкес кестеден таңдалып алынады – ол автомобиль қуатының мәні. Қажетті
автомобиль қуаты (150 қуатты) енгізілетін терезе 82-суретте көрсетілген. 83-
суретте осы сұраныс арқылы алынған мәліметтер көрсетілген.
81 сурет– Мән енгізуді талап ететін сұраныс
82 сурет– Қажетті мәнді сұрату арқылы енгізу терезесі
83 сурет– 4-сұраныс арқылы алынған мәліметтер
Конструктор терезесінде тұрып, осындай сұраныстарды саймандар
тақтасындағы Түр (Вид) немесе Іске қосу (Запуск) батырмалары арқылы
жасауға болады. Ал мәліметтер базасы терезесінің «Сұраныс» («Запрос»)
парақшасында тұрғанда, сұранысты Ашу (Открыть) батырмасы көмегімен
орындау мүмкіндігі бар. Сұранысты бірінші рет «Сақтау» («Сохранение»)
терезесі арқылы дискіде сақтау кезінде оның нақты атын көрсету қажет (84-
сурет). Кейіннен сұранысты қайта сақтау үшін осы Сақтау батырмасын
шерту керек немесе сұраныс терезесін жабу кезінде сақтау қажет.
84 сурет - Сұранысты дискіде сақтау терезесі
Достарыңызбен бөлісу: |