қасиеттері – жазушының аты-жөні, кітаптың аты, инвентарлық нөмірі,
шыққан жылы, басып шығарылған жері, баспасы, кітаптің құны.
2. Кесте_режиміне_кіру._3._Құрылған_сипаттамаларға_сәйкес_бірнеше_кітаптар_туралы_мәлімет_енгізу._4._Формат/Бағананың_атын_өзгерту'>Кесте режиміне кіру.
3. Құрылған сипаттамаларға сәйкес бірнеше кітаптар туралы мәлімет
енгізу.
4. Формат/Бағананың атын өзгерту меню командасын қолданып,
бағаналарға 1 пунктте берілген атауларды беру.
5. Бір бағананы үлкейту үшін тышқанды сол бағананың тақырыбының
оң жақ шетіне алып барып, тышқан батырмасын басып тұрып, бағананың
шекарасын жылжыту керек. Сол сияқты әрекеттерді Формат/Бағананың ені
меню командасын қолданып немесе контекстік менюдің Бағананың ені
командасын қолданып істеуге де болатынына көз жеткізу қажет.
6. Құрылған кестені сақтау үшін терезені жабу керек, немесе саймандар
тақтасында Сақтау батырмасын шерту, немесе Файл/Сақтау командасын
орындау керек. Осы әрекеттерді орындау барысында кестенің атын өзгертуге
болады.
7. Мәліметтер базасы терезесін жаппай тұрып, Кесте ішкі бетінен Ашу
батырмасын шертіп, кестеге мәліметтер енгізу қажет.
2 жаттығу
1. "Кітап" кестесін немесе 1 жаттығудағы құрылған бір кестені ашу.
2. Конструктор режиміне кіру
3. Өрістердің сипаттамаларын көріп шығу.
4. Қажет болса ішіндегі бір сипаттаманы өзгерту. Ол үшін курсорды
керекті өріске апарып, Мәліметтер типі бағанасын шертіп, тізімнен керекті
сипаттаманы таңдап алу керек.
5. Кейбір өрістерге алдын ала сипаттамалар тағайындау. Мысалы,
"Шыққан жылы" өрісіне енгізу бет пердесін (маскасын) бекіту. Ол үшін өріс
қасиеттеріне арналған "Жалпы"("Общие") ішкі бетіне келіп 9999 деген
бетперде (маскасын) енгізу. Бұл шыққан жыл 4 таңбалы саннан тұратынын
білдіреді.
6. Ашу батырмасы арқылы кестені ашып, 5 саннан тұратын кітаптың
шыққан жылы мәнін енгізіңіз, оған Access жүйесінің реакциясын байқаңыз.
7. Конструктор режиміне кіріңіз. "Шыққан жылы" өрісі үшін Мәнге
шарт беру (Условие на значение) сипаттамасын беріңіз, мысалы Between
1950 And 1998 түрінде. Бұл барлық кітаптардың 1950 ж. және 1998ж.
арасында шыққанын білдіреді.
8. Ашу батырмасы арқылы кестені ашыңыз да, кітаптың шыққан
жылының мәнін енгізіңіз, мысалы, 1947, жүйенің реакциясын байқаңыз.
9. Конструктор режиміне кіріңіз. “Шыққан жылы” өрісі үшін Қате
түралы мәлімет (Сообщение об ошибке) қасиетті беріңіз, мысалы, “Кітап
шыққан жылы 1950 және 1998 жылдар арасында жатыр” деген мәліметті
енгізіңіз.
10. Ашу батырмасы арқылы кестені ашыңыз, кітап шыққан жылының
мәнін енгізіңіз, мысалы, 1999, оған Access жүйесінің қалай жауап беретінін
байқаңыз.
11. Тура сол сияқты өрістердің басқа қасиеттерімен де жұмыс істеп
шығыңыз.
12. Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтап қойыңыз.
3 жаттығу
1. Кесте шебері режиміне кіріңіз де, Мәліметтер базасында бар
кестелер негізінде жаңа кесте құрыңыз.
2. “Қызметкерлер” кестесінен мынадай өрістер алыңыз: “Табельдік
нөмір”, “Фамилиясы”, “Аты”, “Әкесінің аты”, “Лауазымы”, “Үй телефоны”,
ал “Клиенттер” кестесінен “Компанияның аты” өрісін алыңыз.
3. Мәліметтерді кестеге енгізіңіз.
4. Конструктор режиміне кіріп, кейбір өрістердің атауларын аздап
өзгертіңіз.
5. 2 жаттығудағы көрсетілгендей етіп кейбір өрістерге алдын ала
сипаттамалар беріңіз.
4 жаттығу
1. Конструктор режиміне кіріңіз және белгілі бір пәндік саладан бір
объектіні сипаттаңыз (1 жаттығуны қараңыз).
2. Конструктордың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, объект сипат-
тамаларына аттаулар беріп, олардың типтерін анықтаңыз.
3. 2 жаттығудағы көрсетілгендей кейбір өрістерге алдын ала
сипаттамалар беріңіз.
5 жаттығу
1. Ашу батырмасы арқылы бұрын құрылған кестелердің кез келген
бірін ашыңыз.
2. Кестені мәліметтермен толтырғанда Түзету (Правка) менюінің
командаларын, саймандар тақтасының батырмаларын және контекстік
менюдің қайталанатын мәндерді көшіріп алып керекті орынға қою
командаларын пайдаланаңыз.
3. Кестелердегі жасалған өзгертулерді сақтапи қойыңыз.
6 жаттығу
1. “Алмастыру” (“Подстановка”) ішкі беті арқылы орнатылатын өріс
қасиеттерін қарап шығыңыз, Кестелер режимін пайдаланып “Баспа” жаңа
кестесін құрыңыз. Бұл кестеде тек бір ғана өріс болады, оған мынадай баспа
атауларын енгізу керек: Ғылым, Жоғары мектеп, Білім, Рауан және т.с.с.
2. 1 жаттығуда құрылған “Кітап” кестесін ашыңыз.
3. Конструктор режиміне кіріңіз.
4. “Баспа” өрісінің сипаттамаларына арналған “Жалпы” (“Общие”)
ішкі бетіне кіріңіз.
5. “Басқару элементінің типі” қасиеті үшін “Тізімі бар өріс” деген
мәнді таңдаңыз, “Жолдар шығу көзінің типі” (“Тип источника строк”)
қасиеті үшін “Кесте/Сұраныс” мәнін таңдаңыз, “Жолдар шығу
көзі”(“Источник строк”) қасиеті үшін – “Баспа” кестесін таңдаңыз,
“Қосылған бағана” мене “Бағана саны” үшін 1 деген мәнді көрсетіңіз.
6. Ашу батырмасы арқылы “Кітап” кестесінің мәліметтерді енгізу
режиміне кіріңіз.
7. “Баспа” өрісіне арналған мәліметтерді енгізуді орындаңыз.
8. Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтаңыз.
7 жаттығу
1. “Алмастыру”
ішкі бетіндегі
өрістердің
тағайындалатын
сипаттамаларын қарап шығыңыз.
2. Кестелер режимін пайдаланып “Жарияланатын орын” атты жаңа
кесте құрыңыз. Бұл кестеде екі өріс болуы тиіс: Код және Жарияланатын
орын.
3. Жаңа мәндер енгізіңіз, мысалы: Алматы, Астана, Москва, Санкт-
Петербург.
4. 1 жаттығуда құрылған “Кітап” кестесін ашыңыз.
5. Конструктор режиміне кіріңіз.
4. “Жарияланатын орын” өріс сипаттамаларына арналған “Жалпы”
ішкі терезеге кіріңіз.
5. “Басқару элементінің типі” үшін “Тізімі бар өріс” деген мәнді
таңдаңыз, “Жолдар шығу көзінің типі” үшін “Кесте/Сұраныс” мәнін
таңдаңыз, “Жолдар шығу көзі” үшін сұраныс құрастырғышын (построитель
запросов) ашыңыз да, соның ішінде кестенің атын – Жарияланатын орын,
өрістің атын – Жарияланатын орын, сұрыптау – өсуі бойынша деп экранға
шығаруды көрсетіңіз. “Қосылған бағана” және “ Бағана саны” үшін 1 деген
мәнді көрсетіңіз.
6. Ашу батырмасы арқылы “Кітап” кестесінің мәліметтерді енгізу
режиміне кіріңіз.
7. “Жарияланатын орын” өрісіне арналған мәліметтерді енгізуді
орындаңыз.
8. Кестедегі жасалған өзгертулерді сақтап қойыңыз.
8 жаттығу
1. Пуск батырмасын басу арқылы Access-ке кіріңіз.
2. Мәліметтер базасын құру сұхбат терезесінде Шеберді іске қосу
(Запуск мастера) қанат белгісін (переключатель) басыңыз.
3. “Құру” (“Создание”) сұхбат терезесіндегі Мәліметтер базасы ішкі
терезесін таңдаңыз да, көрсетілген базалардың біреуін, мысалы, Музыкалық
коллекция белгішесін таңдаңыз және сұхбат жүрген кезде қойылған
сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа база құрыңыз.
4. Құрылған базаларды мәліметтерді енгізу және Конструктор
режимдерінде қарап шығыңыз.
Бақылау сұрақтары:
1. Кесте не үшін қажет?
2. Объект қалай сипатталады?
3. Өріс дегеніміз не?
4. Әрбір өріс қалай сипатталады?
5. Access-те мәліметтердің қандай типтері болады?
6. Санауыш (Счетчик) мәліметтер типі не үшін қажет?
7. Өріске қандай қасиеттерін тағайындауға болады?
8. “Келісім бойынша мән” (Значение по умолчанию) қасиетінің қызметі
неде?
9. Бет перде (Маска) не үшін қажет?
10. “Алмастыру” ішкі беті не үшін қолданылады?
Достарыңызбен бөлісу: |