Құрастырушы: аға оқытушы Алимова Ж. С



жүктеу 3,39 Mb.
Pdf просмотр
бет36/64
Дата20.01.2020
өлшемі3,39 Mb.
#27116
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64

15)
«Байланысқан жазбаларды каскадты түрде жою» жалаушасы не
үшін керек?
16)
Мәліметтер схемасына жаңа кестені қалай қосуға болады?
17)
Мәліметтер схемасындағы кестені  қалай жоюға болады?
Зертханалық жұмыс №4 
Тақырып: "СҰРАНЫСТАР ҚҰРУ"
Жұмыстың мақсатысұраныстарды құру тәсілдерін зерттеу, сұраныс-
тар   үшін  Конструктор  режиміндегі   жұмыс   тәсілдерін   меңгеру,   айқасқан
сұраныстар құруды үйрену.
6.1 Сұраныстар жасау
Сұраныстарды қолдану МБ-нан ақпараттарды алудың ең жылдам тәсілі
болып   табылады.   Сұраныс     бір   немесе   бірнеше   өзара   байланысқан
кестелерден   керекті   мәліметтерді   таңдап   алуға,   есептеулер   жүргізуге   және
нәтижелерді   кесте   түрінде   алуға   мүмкіндік   береді.  Access-те   тұтынушыға
қолайлы болып саналатын үлгі бойынша сұраныстар қалыптастыру – QBE
(Query By Example) мүмкіндігі бар, оның көмегімен күрделі сұраныстарды
оңай құрастыруға болады. Сұранысты бастапқы МБ кестелері арқылы, басқа
сұраныстар   нәтижесінде   алынған   кестелер   және   құрылған   сұраныстар
негізінде де тұрғызуға болады. QBE сұраныстары пайдаланылатын кестелер
мен сұраныс бланкы бар мәліметтер схемасынан тұрады. Сұраныстар құру
үшін   мәліметтер   схемасында   көрсетілген   кестелердің   керекті   өрістерін
тышқан арқылы белгілеп алып, сұраныс бланкына тасымалдап, жазбаларды
таңдап алу шарттарын енгізсе болғаны.  Әрбір кесте өрістері тізімінің бірінші
орнында «кестенің барлық өрістері» деген мағынаны білдіретін * символы
бар,  оны таңдасақ, сұранысқа барлық өрістер енгізілетін болады.
Сұраныс   құру   үшін  «Сұраныстар»  («Запросы»)  парақшасындағы
Жасау (Создать)  батырмасын шерту керек.   Сондағы сұраныстарды жасау
режимін таңдау терезесі 69-суретте көрсетілген.
69 сурет.  Сұраныстарды жасау режимін таңдау терезесі
            Сұраныс менюі сұраныстармен жұмыс істеуге арналған,  оның
мынадай пункттері бар:
                   Іске қосу  (Run)  –  сұраныстың орындалу нәтижелерін кесте
режимінде экранға шығарады,
                   Кесте  қосу  (Show   Table )  –  «Кесте қосу» ("Добавление
таблицы") терезесін көрсетеді,


                   Кестені жою  (Remove Table)  –  белгіленген кестені немесе
сұранысты ағымдағы сұраныстан жояды,
                   Таңдау (Выборка)  (Select)  -   ағымдағы екпінді сұранысты
таңдаудағы сұранысқа (запрос на  выборку) түрлендіреді, 
          Айқасқан (Перекрестный – Crosstab) – айқасқан сұраныстар 
жасау қызметін атқарады, 
          Кесте жасау (Make Table) -  ағымдағы екпінді сұранысты жаңа
кесте құру сұранысына түрлендіреді,
                   Жаңарту  (Update)  -  екпінді сұранысты жаңарту сұранысына
түрлендіреді,
          Үстемелеу (Append) - екпінді сұранысты үстемелеу сұранысына
түрлендіреді, 
         Жою  (Delete) - екпінді сұранысты жою сұранысына түрлендіреді,
          SQL сұранысы  (Query  SQL) -  екпінді сұранысты біріктіру, 
басқару немесе сервер сұранысына түрлендіреді,
          Параметрлер (Parameters) – сұхбаттасу терезесінде сұраныстың
керекті параметрлерін тағайындау үшін қолданылады.
           6.2 Конструктор режимінде сұраныстар жасау
                     Конструктор  режиміне  Жасау  (Создать)  батырмасын басу
арқылы   немесе,   сұраныс   бұрын   құрылған   болса,   сол   сұранысты   белгілеп
алып,  Конструктор  батырмасын   шерту   арқылы   кіруге   болады.   Бірінші
тәсілде    Конструктор  режимі  бос   сұраныс   терезесі   мен  Кесте   қосу
(Добавление       таблицы)  сұхбаттасу   терезесін   ашады.     70-суретте   осы
Конструктор  терезесі   көрсетілген.    Екінші   тәсілде  Конструктордың
мәліметтермен толтырылған терезесі ашылады (71 сурет), мұнда сұранысты
өзгертуге болады.
Бірінші   тәсілде   алдымен   сұранысқа   мәлімет   алынатын   барлық
кестелерді белгілеп алу қажет, яғни кестенің атында, содан соң  Үстемелеу
(Добавить)    батырмасында   тышқанды   шерту   керек.   Сұраныс   терезесіне
сұраныс тұрғызуға керекті мәліметтер схемасы шығады. Терезенің төменгі
бөлігінде   Өріс  (Поле)  қатарында  өрістерді  көрсету  қажет.  Мұнда   керекті
өрістерді бірнеше тәсілдермен таңдауға болады. Кесте өрістері тізімі ішінен
қажетті біреуін сұраныстың бос бағанасына  тасымалдауға  болады   немесе
кесте   өрістері   тізімінен   қажетті   өрісті   таңдап   алып,   тышқанның   сол
батырмасын екі рет шертсе болғаны. Тышқан курсорын сұраныстың төменгі
бос бағанасына алып барып, тышқан оң батырмасы арқылы өрістер тізімін
ашып,   қажет   өрісті   таңдап   алуға   болады.   Сұраныстағы  Кесте   аты  (Имя
таблицы)  қатарында   өрістері   таңдалынып   алынған   кестелер   көрсетіліп
тұрады.    Сұрыптау   (Сортировка)  қатарында     мәліметтерді   ретке   келтіру
тәсілдерінің бірін таңдап алуға болады: Өсуі бойынша / Кемуі бойынша/
Қажеті жоқ (В  порядке   возрастания/ В  порядке   убывания/ Отсутствует).
Егер берілген өріс экранда көрсетілуі тиіс болса,  Экранға шығару  (Вывод
на       экран)  қатарындағы   квадратта   тышқанды   шерту   қажет.    Таңдау
шарттары (Условие   отбора) қатарында   мәліметтерді ішінен керектілерін
таңдап алу шарттарын (фильтрлер үшін сипатталғандай) енгізуге болады. 71-


суретте   «Авто»   және   «Авто   иесі»   кестелерінен   тұрғызылған   сұраныс
келтірілген. 
70 сурет. Сұраныстар Конструкторы терезесі
71 сурет– Сұранысты екі кесте қолдану арқылы құру
72-суретте   құрастырылған   сұраныстың   соңғы   нұсқасы   көрсетілген.
«Авто»   кестесінен  Нөмірі,  Маркасы,  Түсі  өрістері,   ал   «Авто   иесі»
кестесінен Фамилия және Телефон өрістері алынған. Мәліметтер Маркасы
өрісі бойынша сұрыпталған. Кестелердегі жазбаларды таңдап алу шарттары
мынадай болуы тиіс: немесе "волга" маркасындағы автомобильдер, немесе
түсі   "ақ"   автомобильдер.   Экранда   сұранысқа   кіретін   барлық   өрістер
көрсетілетін болады. «Авто» кестесінің бастапқы түрі 55-суретте, ал сұраныс
құру арқылы алынған мәліметтер 73-суретте көрсетілген.
72 сурет. Құрастырылған сұраныс


жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау