бөліп алдым.
Бұрын менің басқарылмалы мінез-құлық дағдыларым менің күшті жағым болды. Мен өз
оқушыларыма кішкене қатаңдау және шыдамды болдым. Тәртіпсіздік артық болған жағдайларда мен
дауыс мәнерімді көтеріп, дереу бақылауға алатынмын. Сыныпта орын ауыстыру, менің қозғалысым
алдыңғы сабақтарға қарағанда жақсарды. Содан кейін әр топ мүшелерін
хатшы, көшбасшы, баяндамашы, уақыт сақшысы рөлдеріне бөліп,
олардың қызметін түсіндірдім.
Сабақ барысында жеке жұмысқа арналған сұрақтар, тапсырмалар,
сонымен қатар топтық жұмысқа арналған жұмыстар жүргізілді.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту және үйге берілген
тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында үш топқа
«Кесте» тақырыбында жоба қорғау тапсырмасын бердім. Оқушылардың
топта жұмыс жасауы біраз қалыптасқан. Тапсырманы орындау барысында оқушылар арасында
әңгіме-дебат және зерттеушілік-әңгіме жүрді, сыни тұрғыдан ойлауы дами бастады.Үш топта
қабылдауы жылдам, орташа және төмен дәрежедегі оқушылар аралас болды. Топта оқушылар бір -
біріне түсіндіріп, өзара бірлесіп, бірігіп жұмыс жасап, рәсімдеулерін қорғап шықты. «Ноутбук»
тобынан Б.А мен М.Ә, «Принтер» тобынан С.А мен Х.Е, «Телефон» тобынан Н.Ж, М.Н және Қ.Ұ
шығып, кесте дегеніміз не екеніне, кесте жолдары мен бағандарына, кестеге баған және жолдарды
қосу мен жою, кестені пішімдеу мен редакциялауға тоқталып өтті. Оқушылардың сөйлеу мәнерлері
жақсы, тапсырманы түсінгендері байқалды, тек камераға алаңдап, кей оқушы аздап қобалжыды.
Өткен сабақтармен салыстырғанда жұмысқа белсенді араласып отырды. Оқушылар топтық жұмысқа
қызықты, қызығушылықпен қарады.
Бұл кезеңде бағалаудың «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» түрін таңдадым. «Үш топта тапсырманы орындап
болды. Ал, енді топтар бір-бірімізді бағалайық» деген мұғалім сөзінен кейін топ мүшелері бір-бірін
бағалай бастады. А: - Менің принтер тобына қояр бағам, олар өз түсінгендерін, берген тақырыптарды
өздерінің деңгейінде қорғап шықты, бірақ тақырыпты онша ашқан жоқ, безендірілуі жақсы десе, Н
есімді оқушым: ««Ноутбук» тобы өздеріне берілген тақырыпты жақсы айтып шықты. Меніңше
плакаттары керемет салынған. Тек топ мүшелерінен А-ты шеттетпесе жақсы болар еді, А-ға 5, А-ге 5,
А-қа 4». Алайда бала бойындағы дәстүрлі бағалау басым болып, әлі арылмағандығы көрініп тұр. Бұл
жерде байқағаным оқушылардың өздеріне деген сенімділіктері артып, өзге оқушыларға деген
көзқарастары өзгере бастаған. Топ болып жұмыс жасауға, өзгенің пікірін құрметтеуге бейімделген,
бір-бірін шеттетуге қарсы. Осыдан кейін мен бағалаудың маңызы өте зор екенін түсінгендей болдым.
Осы арқылы мен оқушылардың не білгенін, не түсінгенін, баланың тақырыпты қалай меңгергенін
бағалауға болатынын байқадым.
Осы ретте сыни тұрғысынан ойлау әдісі арқылы бағалау сабағымда оқушылар арасында:
белсенді шығармашылықты ойлауға;
мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға, бір-біріне құрметпен қарауға, бір-бірінің
пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынас жасауға;
өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге
көмектесуге ;
өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға негізі қаланды.
Білім беруде АКТ-ны қолдану оқушылардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді, ол
мұғалім үшін де маңызды. Сабақтың өз деңгейінде өтуіне интернет желісі, компьютер, интерактивті
тақта, электронды оқулықтар, ұтқыр қондырғылар мүмкіндік туғызады. Тәжірибемде өз
презентацияларымды қажетті мәліметтерді, деректерді жинақтай отырып жасаймын. Электронды
оқулықтардың, қосымша материалдардың көмегіне сүйенемін.
Жаңа тақырыпты слайдта көрсете отырып түсіндірдім. «Диалогтық оқыту» әдісі оқушылардың өзара
сұхбаттасуына, мұғалім мен оқушы арасындағы диалог шәкірттердің өзіндік ой-пікірінің жүйеленуі
мен дамытуына оң әсерін тигізеді. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушының өзіндік ой
пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. Мектептегі тәжірбие кезінде
диалогтың оқушылардың пәнге деген, білімге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай,
олардың білім деңгейінің зияткерлік тұрғыдан да ілгері жылжуына әсер ететіндігін байқадым.
Оқушылар тақырыпқа қатысты терминдерді дәптерлеріне түсіріп отырды.
Мұғалім - оқушы диалогы:
1. Мұғалім: Диаграмма дегеніміз не? Диаграмманың негізгі түрлерін атаңыз.
2.
Оқушы: Диаграмма дегеніміз бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін
кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі. Диаграмманың негізгі түрлеріне
дөңгелектік, гистограмма, сызықтық, кескіндік, нүктелік, цилиндрлік және сақина тәріздес
диаграммалар жатады.
3. Мұғалім: дұрыс, ал енді осы диаграммаларды не үшін қолданамыз? Дөңгелектік диаграмма,
гистограмманы ше?
4.
Оқушы: Диаграмманы сандық мәліметтерді графиктік түрде беру үшін қолданады. Дөңгелек
диаграмма бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер бірнеше шаманың
қосындысы 100 пайызды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады. Дөңгелек
диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Гистограмма бірнеше
шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады.
Сондықтан оны кейде баєанды диаграмма деп атайды. Бағандардың биіктігі салыстырылатын
шамалардың мазмұнымен анықталады.
5. Мұғалім: Жақсы. Диаграмманың құрылу ретін атап шық.
6.
Оқушы: Диаграмма түрінде көрсетілуі тиіс деректерден тұратын ұяшықтардың ауқымын
белгілейміз. Қою - Диаграмма шебері командасын орындаймыз. 1-қажетті диаграмманың
түрін таңдаймыз. 2-үнсіз келісім арқылы қатарлар бағанды түрде салынуды таңдаймыз. 3-
Диаграмма параметрлері сұхбат терезесінде диаграмманы безендіру жұмыстары
жүргізіледі. Келесі (далее) батырмасын шертеміз. 4-ашылған бетті таңдап Дайын (готова)
батырмасын шертеміз. Сол сәтте таңдауымыз бойынша диаграмма көрсетіледі.
Берілген сұрақтарға кей оқушылар да жауап беріп жатты, пікірталасқа қатысты, кей оқушылар
қамтылмай қалды, себебі оқушылардың компьютерге қызығушылығы басым болып кетті.
Әр сабағыма «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулі кіріктірілді. Оқушының
қабілетін, біліктілігін, әлеуеттік мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет.
Оқушылардың барлығы да дарынды, кеңейтілген тапсырмалар арқылы олардың дарындылығын
байқауға болады. Ендігі кезекте сабақтарда үнемі оқушылардың пікірлерін басты назарға алуды өзіме
міндет еттім. Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің
мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген
оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады (МАН,46-б).
Сергіту сәтінде оқушыларға «Анаграмма» шешуді ұсындым. Интерактивті тақтада көрсетілген
әріптерінің орны ауыстырылған пернетақта пернелерінің атауларын табулары керек болатын,
анаграммаларды аса белсенділікпен шешті.
MUNOCKL, TNERE, CLTR, DETELE, TBA, SIFHT, INESRT, DEN, BCKAPSACE, CPALSOCK, ATL,
OHME
«Телефон» тобы жақсы нәтиже көрсетті. Берілген он екі атаудың тоғызын тапқан.
Сыныпта оқушымен жеке жұмыс «Сәйкесін тап» тапсырмасы арқылы көрініс тапты. Тапсырма
бойынша интерактивті тақтада көрсетілген диаграмма түрлері мен аттарын сәйкестендіру қажет. Бұл
тапсырманы орындауға сабақ айтуға қиналатын, үндемейтін оқушыларды тарттым. Бұнда оқушы тек
баға үшін ғана емес, бірінші білім, яғни көбірек білу керектігін оқушы түсінеді. Сондықтан, мен
сабақтар барысында оқушылардың өз пікірімен, өз көзқарасымен және жан-жақты ойланып жауап
бере алатындай сұрақтар дайындап жүремін. Өзім де сабақты түрлендіру арқылы тәжірибемді
молайтамын, бір жағынан оқушылардың пайымына әсер беремін. Білу, іздену, талпынудың
арқасында іште көрінбей қалған оқушының да шығары сөзсіз. Сол үшін де жаңа әдісті қолданып,
оқушының еркін өз айтуына мүмкіндік берсе, оған жөн көрсетсе мұғалім жетістігі сол болады.
Оқушыларым әдетте компьютермен жұмыс жасауға бейім, қызығушылықтары жақсы. Әр сабақта
жаңа тақырыпты бекіту, жинақтау мақсатында берілген тапсырманы орындайды.
Оқушылардың дәлелге қатысты сыни тұрғыдан ойлану барысын талдау мақсатында берілген «Венн
диаграммасы» арқылы топтар Word мәтіндік бағдарламасы мен Ecxel кестелік бағдарламаларына
сипаттама беріп, айырмашылығы мен ұқсастығын жазып шықты.
Қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-
әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын аттыруда
ақпараттық - коммуникативтік технологияларды пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді
практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді.
Оқушыларға білім беруде АКТ-ның барлық мүмкіндігін қолдандыруға тырыстым. Жаңа тақырыпқа
сәйкес топтық жұмысты компьютерде орындауға бердім, яғни әр топ сынып үлгірімінің кестесін
дайындап, диаграммасын құрулары керек. Алдымен топ мүшелері ақылдасып, кейін тапсырманы
орындаулары керек. Әр топ берілген тапсырманы компьютерде орындайды. Тапсырма мазмұны:
Достарыңызбен бөлісу: |