1. Жұмыс беруші еңбек нормаларын жаңадан енгізуді, қолданыстағы еңбек
нормаларын ауыстыруды және қайта қарауды қызметкерлер ӛкілдерімен келісе
отырып, еңбектің үлгілік нормалары мен нормативтерін ескеріп жүргізеді.
2. Еңбектің үлгілік нормалары мен нормативтерін тиісті қызмет
салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдар еңбек жӛніндегі уәкілетті
мемлекеттік органмен келісе отырып, ӛздері белгілеген тәртіппен бекітеді.
3. Еңбектің үлгілік нормалары мен нормативтерін ауыстыруды және қайта
қарауды оларды бекіткен органдар еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік
орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
4. Еңбек нормалары жұмыс орындарына аттестаттау мен рационализациялау
жүргізу, еңбек ӛнімділігінің ӛсуін қамтамасыз ететін жаңа техника, технология
және ұйымдық-техникалық іс-шаралар енгізу шамасына қарай міндетті түрде
ауыстырылуға тиіс.
Жекелеген қызметкерлердің ӛз бастамасы бойынша жаңа еңбек тәсілдерін
қолдануы және жұмыс орындарын жетілдіруі есебінен ӛнім шығарудың (қызметтер
кӛрсетудің) жоғары деңгейіне қол жеткізу бұрын белгіленген еңбек нормаларын
қайта қарауға негіз болып табылмайды.
5. Қызметкерлер кемінде бір ай бұрын жұмыс берушінің жаңа еңбек
нормаларын енгізуі туралы хабардар етіледі.
118-бап. Еңбек нормаларын әзірлеуге қойылатын талаптар
Еңбектің нормаларын әзірлеу кезінде:
1) еңбек нормаларының сапасы, оны қажетті еңбек шығындарына оңтайлы
жақындату;
2) ұқсас ұйымдастыру-техникалық жағдайларда орындалатын бірдей
жұмыстарға бірыңғай еңбек нормаларын белгілеу;
3) еңбек нормаларының ғылым және техника жетістіктері негізіндегі
прогрессивтілігі;
4) еңбек нормалары белгілене алатын және оны белгілеу орынды болатын
жұмыс түрлерін еңбекті нормалаумен қамту;
5) еңбек нормаларының техникалық (ғылыми) негізділігі қамтамасыз
етілуге тиіс.
119-бап. Еңбекті нормалауды реттеудің ерекшеліктері
Қызметтер кӛрсетуге (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды,
алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын
ұсыну, қарау және келісу тәртібін еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік
орган белгілейді.
10-тарау. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӚЛЕУ
120-бап. Еңбекке ақы тӛлеу саласындағы мемлекеттік
кепілдіктер
Қызметкерлердің еңбегіне ақы тӛлеу саласындағы мемлекеттік кепілдіктер:
айлық жалақының ең тӛменгі мӛлшерін;
осы Кодекстің 122-бабына сәйкес айқындалатын сағаттық жалақының ең
тӛменгі мӛлшерін;
еңбекке ақы тӛлеудің ең тӛменгі стандарттарын;
үстеме жұмыс үшін ақы тӛлеуді;
мереке және демалыс күндердегі жұмыс үшін ақы тӛлеуді;
түнгі уақыттағы жұмыс үшін ақы тӛлеуді;
жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мӛлшерін шектеуді;
жалақының толық және уақтылы тӛленуін және еңбекке ақы тӛлеу
саласындағы мемлекеттік кепілдіктердің іске асырылуын мемлекеттік бақылауды;
жалақы тӛлеудің тәртібі мен мерзімдерін қамтиды.
121-бап. Жалақының мӛлшері
1. Қызметкердің айлық жалақысының мӛлшері қызметкердің біліктілігіне,
орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек
жағдайларына қарай сараланып белгіленеді.
2. Осы кезеңге белгіленген жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және
еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған қызметкердің айлық жалақысының
мӛлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең
тӛменгі мӛлшерінен кем
болмауға тиіс.
122-бап. Жалақының ең тӛменгі мӛлшерін белгілеу
1. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан
Республикасының заңымен жыл сайын белгіленетін айлық жалақының ең тӛменгі
мӛлшері ең тӛмен күнкӛріс деңгейінен кем болмауға тиіс және ол қосымша ақылар
мен үстеме ақыларды, ӛтемақы тӛлемдері мен әлеуметтік тӛлемдерді,
сыйлықақылар мен басқа да ынталандыратын тӛлемдерді қамтымайды және жұмыс
істелген уақытқа барабар тӛленеді.
2. Еңбекке ақы тӛлеудің ең тӛменгі стандарты тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында
белгіленген айлық жалақының ең тӛменгі мӛлшерін және салалық келісімдерде
анықталып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін салалық арттырушы
коэффиценттерді есептеуден айқындалады.
3. Ӛз еңбек міндеттерін (еңбек нормаларын) орындаған қызметкердің
сағаттық жалақысының ең тӛменгі мӛлшері тиісті күнтізбелік жылдағы жұмыс
уақыты балансына сәйкес орташа айлық жұмыс сағатының санына бӛлінген айлық
жалақының ең тӛменгі мӛлшерінен кем болмауға тиіс.
4. Бірінші разрядты қызметкердің еңбек шартының, ұжымдық шарттың
талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде кӛзделген айлық
жалақысының ең тӛменгі мӛлшері немесе айлық тарифтік ставкасының мӛлшері
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан
Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең тӛменгі мӛлшерінен кем
болмауға, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды),
қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін - еңбекке ақы тӛлеудің ең
тӛменгі стандартынан кем болмауға тиіс.
Ескерту. Осы Кодекстің 122-бабы 2-тармағы 2008 жылғы 1 қаңтардан
бастап
қолданысқа
енгізіледі.
123-бап. Еңбекке сағаттық ақы тӛлеу
Жұмыс күні толық болмаған немесе ол толық жүктелмеген кезде нақты
орындалған жұмыстар үшін, сондай-ақ уақытша немесе біржолғы сипаттағы
жұмыстарға ақы тӛлеу үшін еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарымен және
(немесе) жұмыс берушінің актісімен еңбекке сағаттық ақы тӛлеуді белгілеуге
болады.
124-бап. Жалақыны индекстеу
Жалақыны кӛбейту жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік
құқықтық актілерінде тиісті кезеңге белгіленген инфляция деңгейін негізге ала
отырып, келісімдерде, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде
белгіленген тәртіппен жүргізетін жалақыны индекстеуін қамтиды.
125-бап. Еңбекке ақы тӛлеуді ҧйымдастыру
1. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен белгілі бір жұмыс
түрлерінің күрделілігі Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай
Достарыңызбен бөлісу: |